Главная страница

Бейбарыс. Туған елден жатқаныңмен тым алыс. Туан елден жатанымен тым алыс, зі жйлі тотамаан ой аыс


Скачать 31.5 Kb.
НазваниеТуан елден жатанымен тым алыс, зі жйлі тотамаан ой аыс
АнкорБейбарыс
Дата29.03.2023
Размер31.5 Kb.
Формат файлаdoc
Имя файлаТуған елден жатқаныңмен тым алыс.doc
ТипДокументы
#1023807

Туған елден жатқаныңмен тым алыс,
Өзің жәйлі тоқтамаған ой ағыс.
Кең әлемге Қыпшақ атын шығарған,
Египетте сұлтан болған Бейбарыс.
Озбырларға жіберместен есеңді,
Жамау үшін өз нәсібең кесеңді,
Қайсарлықпен үзіп құлдық кісенді.
Жетімдіктен қара мұзды кешсеңде,
Жыға білдің жоқтық атты кеселді.
Өзге елде болғанменен тұрағың,
Боз жусанын төріңе іліп даламның.
Тұмар қылып топырағын бір уыс,
Исін жұттың ел қорғаған бабаңның.

Еске түсіп әлдилеген өз елің,
Өртенгенде сағыныштан өзегің.
Көкелеген дауыс жетіп құлаққа,
Мұң шеріңді ақ маржанмен жүздірдің.


Бес жасыңда кімдер сатты құлдыққа,
Таспа тілген тағдырыңды сезген кім?!
Желдей айдап мекен қылып тұраққа,
Жүргеннен соң дәм бұйырып жырақта,
Сездірместен жан азабын ешкімге.
Намысыңды армен байлап қанатқа.
Мұқалмастан қайсар қайрат жігерің,
Төзе біліп өмір күрес сынақта.

Ерлігіңмен елдің жүгін көтеріп,
Айналғансың алаулаған шыраққа!
Айнымастан берік ұстап антыңды,
Құл болмасқа қорғай біліп халқыңды.


Еркін күшпен жасай білдің мол жасақ,
Әділдіктен жоғалтпастан парқыңды.
Ел күйзелтіп жанын улап есеппен,
Жемқорлығын асыра алған есектен.
Арсыздарды ар сотымен бұғаулап,
Тұрғызбадың кәпірленген төсектен.
Елдік құрдың еркіндікті ту қылып,
Ізгі ісіңнен рақат тапты жұртшылық.


Кең әлемге дана Сұлтан атандың,
Ізгіліктен шуақ төгіп құт іліп.
Келер ұрпақ сусындауға білімнен,
Ғалымдарға орын беріп төріңнен.
Қастерледің қасиетті Құранды,
Жатқа соғып имандықтың өрінен!
Сағынғанда туған елді хат жаздың,
Берке ханға ұлы Түркі тілімен.
Пейіш деген құшағы ғой даламның,
Арман барма сонда туып көмілген.

Мұңды ойыңды өзегіңді өртеген,
Іштен оқып ол уақытта кім білген.
Тағдырымыз жазулы ғой Тәңірден!
Иманыңмен ақылыңды жоғалтпай ,
Үлесіңді ала білдің өмірден.


Шаңнан аршып құлап түскен жұлдызды,
Жылатпадың жетім жесір жалғызды.
Жомартығың мың бір түнге айналып,
Таңдандырып тебірентті шың құзды!

Қайтара алар небір апат зәр уын,
Қыпшақ тілі болды басты қаруың.
Содан іздеп бақыт бастау бұлағын,
Ән мен күйі өзі дедің таң нұрдың!
Бесігінде тербетілген ғаламның,
Әнмен күйі өз сазы ғой даламның
Мұнда анамның бесік жыры әлдиі,
Мұнда үні ел қорғаған бабамның!
Дәстүр салтым ақ жолы ғой әдептің,
Көшіне ермей есір тобыр дүрмектің.
Жұрт таңданған Пирамида ұшына,
Он қанатты киіз үйді сен тіктің!

Күмбірлетіп күй төккізіп күйшіге,
Жарасының емін іздеп жүректің!
Риза боп құлшылық қып Құдайға,
Ойлар қосып қиял жүйрік құмайға.
Ар намыстың адалдығын сақтадың,
Қанағаттың дәнін салып таңдайға.
Қарапайым болдың халық ұлындай,
Жолатпастан менмендікті маңайға!..

Тағдыр сырын пенде білмес жасырын,
Тереңінен ұғынуға бас ұрдың.
Сен аштырып соркафатын патшаның,
Тілдескенсің өзіменен ғасырдың!
Сен қорғадың мұсылмандық дінімді,
Крес таққан тым қатыгез жаулардан.
Аңыз болып әрбір басқан қадамың,
Тағылыққа найза болып қадалдың.
Кең әлемді жаулап алған Шыңғысқан,
Саған қарап ата алмады садағын.!
Өзіңе ерген қыпшақтарың болаттай,
Тұрды оны Египетке жолатпай.
Қалың бұлттай қанға құмар әскерін,
Мысын басып, илеп тастап тулақтай.
О,Бейбарыс! Ешкім төстеп жеңбеген,
Әулиенің әулиесі сен деген.


Сан ғасырлар өтсе дағы ерлікпен,
Ұран салған жеңіс атты мінбеден!
Қыпшақ атын мақтан қылып ғаламға,
Ойлар салып ұлттық таным санаға.
Қасиетіңнен өшпес мәңгі сый тартып,
Жетектейсің имандыны әлі алға.
Даналардың данасысың ақиық,
Әр ізіңнен жыр тыңдаймын мен ұйып.
Жүргендейсің туған елде жан баба,
Ұрпағыңның тамырына қан құйып!


написать администратору сайта