Главная страница

Туған жер эссе. Туан жердей жер болмас


Скачать 16.06 Kb.
НазваниеТуан жердей жер болмас
Дата28.04.2022
Размер16.06 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаТуған жер эссе.docx
ТипДокументы
#502260

Туған жердей жер болмас

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
(Фариза Оңғарсынова)

Мен -дархан даладай пейілі кең, ауасы саф алтындай таза, суы бал татыған Ойыл деген өлкенің, кішкене бір ауылы Амангелді елді мекенінің үміт артқан жас жеткіншегімін.Бұл ауыл-менің ата-бабаларымның қоныс тепкен қасиетті мекені. Осы құдіретті мекеннің киелілігі сонша- үнемі мені алысқа ұзатпай, өзіне тартады да тұрады. Жұдырықтай жүрегім алып-ұшып, өз туған жеріме жеткенше асығамын да тұрамын. Көзімді ашып, алғаш қадамымды басқан құтты мекенімнің ешбір жерге ұқсамайтын табиғатының ерекше бір бейнесі, жаз шықса, күні- түні ұйытқып тұратын шаңды дауылы да өзіне ынтықтырып тұрады. Мен сол ерекше дауылын мақтан етемін. Себебі, «туған жердің түтіні де ыстық»қой, шіркін!

Дуадақ шөлін мақтайды,
Көкала каз көлін мақтайды.
Кемеңгер елін мақтайды,
Дихан жерін мақтайды-демекші,иә, менің ауылым- шаңы көп, дауылы да долы . Ол жерде сіз күткендей әдемі көше немесе сұлу табиғат, түрлі орталық та жоқ.Десе де, адамгершігі мен сыйластығын, береке-бірліктің қаймағы бұзбаған мақтаулы ауылдың тап-таза аппақ көңілі мен қонақжай қасиетін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес-ау...Өйткені, ол-менің туған жерім! Ол-менің қасиетті жұмағым! Оның тасы мен сайында қасиет, керемет бір сыр бар. Кейде арман жетегіне еріп, сол бір жұпар жусанын, аңызға толы үңгірін, кезінде арнасы мол суға толған «Молдәулет» атты мөлдір бұлағын зерттеп, барша әлем назарын осы бір кішкене ауылыма аударғым-ақ келеді. Себебі,

Бақасы қойдай шулаған,

Балығы тайдай тулаған

Шырмауығы шөккен түйе таптырмас,
Балығы көлге жылқы жаптырмас –деген Қазтуған бабамның осы бір жырын оқығанда кезінде атам айтқан туған жердің бейнесі көз алдыма келеді де тұрады. Мейлі, ол сайы мен шаңы көп , құмы үйілген ауыл болсын, бәрібір де ол маған ыстық. Өйткені, ол- менің кіндік қаным тамып, алғаш қадамымды басқан,ата-анам, ата- бабам туып-өскен жер. Сіз ойламаңыз, мен туған жер қаңыраған не сиқы жоқ деп. Жоқ, менің туған жерім күннен күнге көркейіп, ісем үйлер күннен-күнге бой түзеуде. Себебі, біз сияқты жастар, өз туған жерінде қалып, шаңырақ көтеріп, түтін санын өсіріп келеді. Бүгінгі таңда біздің ауылда бірлігі жарасқан жастар көп. Оның бірі- мұғалім, бірі- жеке кәсіпкер, ал енді бірі ауыл шаруашылығының маманы. Әйтеуір бос жүрген адам жоқ. «Өзге елде дүркірегенше, өз еліңде күркіре» демекші, ауыл жастарының өз туған жерін көркейтіп, үлесін қосуға атсалысып жүргенін көріп, бір марқайып қаламын. Тентегі мен телісін түзеткен ауыл қарияларының ақ батасы мен жасаған ісі бір бөлек дүние. ..

Міне, мен туған жер осындай қайнаған әдемі тіршілігімен ерекше! Мен өз туған жерімді әрдайым мақтан етіп, оны қайда жүрсем де қастерлеп жүремін.

Айпырай! Туған жер — ай!

Теңдесер кім

Бұл жерге сен болмасаң, келмес едім.

Кіндігімді байлаған қазығым – ай,

Сен болмасаң бұл маңды көрмес едім, — деп ақиық ақынымыз М. Мақатаев жырлағандай, қай елде, қай жерде жүрсек те, өз туған жеріміздің қасиетін ұмытпайық!


написать администратору сайта