Главная страница
Навигация по странице:

  • Ана тілі

  • АНА ТІЛІҢ – АРЫҢ БҰЛ

  • АНА ТІЛІНЕ ТАҒЗЫМ

  • АХМЕТ ЖӘНЕ АНА ТІЛІ

  • АРДАҚТА, АНА ТІЛІҢДІ!

  • Туған тілім. Туан тілімбабам тіліз тілім


    Скачать 14.03 Kb.
    НазваниеТуан тілімбабам тіліз тілім
    Дата04.10.2022
    Размер14.03 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаТуған тілім.docx
    ТипДокументы
    #712700

    Туған тілім-бабам тілі-өз тілім

    Туған тілім-бабам тілі-өз тілім,
    Туған тілім-анам тілі-өз тілім.
    Туған тілім-далам тілі-өз тілім,
    Туған тілім-адам тілі-өз тілім.
    Туған тілде сыры терең жаным бар,
    Туған тілде әнім менен сәнім бар.
    Туған тілім тіл болудан қалса егер
    Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.
    Д. Әбілев

    Ана тілі

    Сүйемін туған тілді – анам тілін,
    Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
    Шыр етіп жерге түскен минутымнан
    Құлағыма сіңірген таныс үнім.
    Ең бірінші сол тілмен сыртқа шықты,
    Сүйгенім, сүйсінгенім, жек көргенім.
    Автор: С.Торайғыров


    АНА ТІЛІҢ – АРЫҢ БҰЛ
    Ана тілің біліп қой,
    Еркіндігің, теңдігің.
    Ана тілің біліп қой,
    Мақтанышың, елдігің.
     
    Ана тілің – арың бұл,
    Ұятың боп тұр бетте.
    Өзге тілдің бәрін біл,
    Өз тіліңді құрметте!
                                          Қ.Мырзалиев

    АНА ТІЛІНЕ ТАҒЗЫМ
    Ана тілі – біздің туған анамыз!
    Анамыздай сыйлап, бағып-қағамыз.
    Ана тілін бағаласақ, қалай біз
    Өзіміздің сондай болмақ бағамыз.
    Ана тілін кім аялай білмесе,
    “Анасынан безген ұл!” – деп қараңыз.
                                          М.Әлімбаев

    АХМЕТ ЖӘНЕ АНА ТІЛІ
    Қазақтың әсте  елеңдер
    Аз емес лағыл-жақұты ...
    Ахмет, ақаң, кемеңгер –
    Ана тілінің бақыты.
     
    Ұрпағын ақын мінесе,
    Ұға ма мәңгүрт,
    Мақаулар?!
    Алтындай қымбат мың есе
    Ахмет тапқан атаулар.
     
    Жылына емес,
    Күніне
    Жүз мәрте кіріп майданға,
    Құдыреті бар тіліне
    Құдырет қосқан пайғамбар.
     
    Ұйқылы-ояу өмірде
    Оятты ол неше жұртымды,
    Сезінбес бұлай Тәңір де
    Өзі жаратқан бір тілді!
     
    Біліңіз!
    Жақсы біліңіз!
    Ұстаңыз есте ұдайы:
    Қашан да
    Ана тіліміз –
    Қазақтың басты құдайы.
                                                            Қ. Мырза-Әли

    АРДАҚТА, АНА ТІЛІҢДІ!
    (Ахмет Байтұрсынұлы монологы)
     
    Балғын ұрпақ, жолыңа нұр тіледім,
    Аулақ болғай сендерден мұң сілемі.
    Ана тілін қорсынар кейбіріңнен
    Жәбірленіп, жаныммен түршігемін.
     
    Көшкен елмен өмірдің күн шуағын,
    Кейде ауыр ойлардан тұншығамын.
    Ана тілім – қасиетім жырымдағы,
    Тілім бітсе, халқымның құрығаны.
     
    Сәлем саған, жас буын жалғастарым,
    Болашақта сендермен жалғасамын.
    Тек жалғасам қазақтың тілі арқылы,
    Ана тілін ауадай ардақтағын!
     
    Сақтар болсаң халқыңды – тілді сақта,
    Баға жетпес мұра жоқ тілден  басқа!
    Тілден өзге жиһаздың бәрін түгел,
    Базарлайсың қалтаңда ақшаң жатса!
                                                                     Ә.Сәрсенбаев


    написать администратору сайта