Документ (2). Тубер анестезиясы
Скачать 21.39 Kb.
|
Тубер анестезиясы.Нысана үстіңгі жақтың төмпешігі. Онда үстіңгі тістер өрімінің артқы бөлігіне кіретін көптеген тесіктер бар. Нысана белгілері: 876/678 тістер, өтпелі қатпар мен шықшыт-альвеола қыры. Ақыл тіс ұясының шетінен тесіктерге дейін 2,0-2,5 см-дей. Ішкі тәсіл –ауызды сәл ашылған қалпында езу мен ұртты стоматологиялық айнамен сыртқа тартады. Инені шықшыт-альвеола қырының артын ала 2 азудың немесе 2-3 азудың арасына шамалап өтпелі қатпарға қадайды. Сүйекті жағалай отырып жоғары, артқа, ішке қарай бағытталған ине үстіңгі жақ төмпешігін айналып өтеді. Ине жылжыған сайын аздап анестетик жіберіп отырады, бұл қан тамырларын инемен жарақаттанудан сақтайды. Шаншу тереңдігі 2,0-2,5 см 10-12 мин соң жоғарғы артқы тіс ұяларының нервісі анестезияланады. (4 сурет) Анестезия аумағы. Үш азу мен оның тұсындағы альвеолды өсінді, кіреберістегі кілегей қабық, үстіңгі жақ дөңесі, гаймор қуысының артқы қабырғасының кілегей қабығы. Инфраорбиталық (көзасты) анестезиясы (5а,б – сурет). Нысана - көзасты тесігі, көз шарасының төменгі қырынан 0,5-0,75 см-дей төмен жүргізілген көлденең сызық пен 2-ші үстіңгі кіші азулар мен иек тесігі арқылы жүргізілген тік сызықтарқиылысында немесе тік алға қарап тұрған көз қарашығы арқылы жүргізілген тік сызықтар қиылысында орналасқан. Іс кезінде көз шарасының төменгі қырындағы үстіңгі жақ пен бет сүйегінің бірігуінен пайда болған бұдырдан 0,5-0,75 см төмен алады. Өзек алға, ішке төмен қарай бағытталған. Олардың жалғасы орта күрек тістердің арасындағы қызыл иектен сәл жоғарылау жерде қиылысқан болар еді. Ішкі тәсіл –көзасты тесігінің проекциясын анықтаған соң сол қолдың сұқ саусағымен жұмсақ тіндерді сүйекке баса ұстап, бас бармақпен жоғары ерінді жоғары, сыртқа қарай ысырады. Бұл кезде ауыз жабық болады. Инені орта және шеткі күрек тістер аралығынан өтпелі қатпарға шаншиды. Көзасты тесігіне бағытталған инені сүйекке тигенге дейін бойлатып, біраз анестетик жібереді. Енді инені әрі қарай жылжытқанда ауырмайтын болады. Ине сұқ саусақ тұсына жеткен кезде, оны жайлап жылжытып көзасты тесігін табады. Инені өзекке кіргізбей-ақ тесіктің алдында 0,5-0,75 мл-дей анестетик жібереді. Инені өзекке кіргізіп әрі қарай жылжытып жансыздандырғыш дәрі жіберу көзасты нервісінің жарақаттануына әкеліп соғады. Орта, алдыңғы тіс өрімдерінің анестезиясы 5-7 минуттан кейін пайда болады. Таңдай анестезиясы Нысана – таңдайдың үлкен тесігі, ол альвеола өсіндісінің ішкі жағына үшінші азудың тұсында, егер үшінші азу әлі шықпаған болса, екінші азудың артына таман ішке қарай орналасады. Тіс жоқта басқа белгілер есепке алынады. Тесік А сызығынан (қатты таңдайдың шетінен) 0,5 см-дей алға қарай, қызыл иек пен таңдайдың орта сызығының ортасында белгілейді. Жалпы ереже. Инені ауызды мүмкіндігінше қаттырақ ашып тесік тұсынан 1 см-дей алға, ішке қарай шамалап шаншиды. Ине жоғары, артқа және сыртқа қарай бағытталады да сүйекке дейін енеді. 0,5 мл-дей анестетик жіберіледі. Анестезия 3-5 мин кейін білінеді. Анестезия аумағы. Қатты таңдайдың артқы 2/3 бөлігінің кілегей қабығы сүйір, тістің тұсына дейін, аздап жұмсақ таңдай жансызданады. Күрек тіс анестезиясынысана – күрек тіс тесігі. Ол таңдайдың орта сызығының бойында ортаңғы күрек тістердің арасындағы қызыл иек шетінен 7-8 мм-дей қашықтықта орналасқан. Тесіктің сәл алдыңғы жағында күрек тіс бүртігі бар. Ішкі тәсіл.Ауызды керек ашып инені күрек тіс бүртігіне немесе оның бір шетін ала шаншиды да сүйекке жеткенге дейін ендіреді. 0,25-0,5 мл ерітінді жіберген соң 3-5 мин уақыт күтеді. Анестезия аумағы. Сүйір тістерді қосатын сызықтың алдыңғы жағындағы таңдайдың кілегей қабығы. Инені өзекке 0,5-0,75 см-дей ендіріп дәрі жібергенде анестезия толығырақ болады, себеі, мұнда анестетик анестомозға да әсер етеді. Күрек тіс бүртігіне ине шаншудан бұрын 2-3% дикаин ерітіндісін жағамыз. Төменгі жақтың өткізгіш анестезиялары. Мандибуляр (төменгі жақ) анестезиясы.(7 сурет). Нысана – төменгі жақ тесігі. Ол төменгі жақ бұтасының ішкі жағында орналасып, алдыңғы ішкі жағынан кішкене томпақ – төменгі жақтың тілшесімен қалқаланған. Орташа алғанда тесік жақ бұтағының алдыңғы шетінен 15 мм, артқы шетінен 13 мм, төменгі жақ ойығынан 22 мм, төменгі жақтың астыңғы қырынан 27 мм қашықтықта орналасқан. Томпақ иненің тесікке жетуіне мүмкіндік бермейді. Сондықтан дәрі тесіктен жоғары жіберіледі. Нервтің тесікке жетпей сүйек науасында жатуы анестетикті тесіктен 0,75-1 см-дей биігірек жерге енгізудің сәті болатынын дәлелдейді. Бұл жерде орналасқан борпылдақ тін ерітіндіні өзіне жақсы сіңіреді. Ақыл тістің артқы жағында төменгі азу тіс артында үлкен және кіші ұшбұрыштары жатады. Кіші ұшбұрыш самай қырының екіге бөлініп альвеола өсіндісінің ішкі және сыртқы жағына қарай жағаласуынан пайда болады. Самай қыры мен төменгі жақ бұтасының алдыңғы шетінің арасын ретромоляр шұңқыры немесе азуарты үшбұрышы деп атайды. Төменгі жақ бұрышының ішкі жағына қанат тәрізді ішкі бұлшықеттің сіңірі келіп бекиді. Аталған ет пен төменгі жақ тармағының ішкі жағының арасы қанат-төменгі жақ кеңістігі болып табылады. Кеңістік жоғары жағынан қанат тәрізді сыртқы бұлшықетпен қоршалған. Төменгі жақ тесігін табу үшін бұл кеңістікті жақсы білу керек. Нысананы дәл анықтауда қанат-жақ қатпарының маңңызы зор. Қатпар берік фасцияны қатпаған кілегей қабықтан құралып қанат тәрізді өскіннің ілмегі мен самай жотасының артқы шетін ала керіліп тұрады. Төменгі жақ анестезиясын ішкі және сыртқы тәсілдермен жасауға болады. Ішкі тәсіл.Ішкі тәсілдің саусақпен анықтау түрі. Науқас аузын кере ашады. Сұқ саусақпен төменгі жақ бұтасының алдыңғы қырын, одан кейін самай қырын анықтайды. Бұл екеуінің арасында ретромоляр үшбұрышы бар. Саусақ шұңқырға орналасып, оның ұшы самай жотасына бағытталады. Шприц қарсы жақтың кіші азу тістерінің тұсына кілегей қабыққа саусақ ұшына жақын, төменгі азу тістерінің шайнау бетінен 0,75-1,0 см-дей биіктікке шаншылады. Ине самай қырына тіреледі. Шамамен 0,75 см тереңдікке 0,5 мл анестетикті жібереді де шприцті анестезия жасайтын бетке қарай жылжытады. Әрі қарай самай жотасын иненің ұшымен айналып өтіп, сүйек бойымен сырғып тағы да 1,5-2,0 см бойлайды. Шприцтің бағыты бастапқы жағдайға жақындайды , ал ине төменгі жақ тесігінен жоғарғы жақ сүйек науасына тіреледі. Мұнда 1,5-2,0 мл-дей анестетик жіберіп 15-10 мин уақыт күтеді. Анестезия аумағы. Төменгі жақ нервісі нервтендіретін аумақ түгел анестезияланады: барлық тістер, альвеола өсіндісі, төменгі жақ денесі, төменгі ерін, тері, иек, альвеола өсіндісін жабатын жұмсақ тіндер (кіші азу тістен 2-ші азу тіске дейінгі аралық, ауыз босағасының кілегейқабығының басқа, ұрт нервісімен нервтендіреді). Тіл нервісі де жансызданады; альвеола өсіндісінің ішкі жағының кілегей қабығы, ауыз түбі мен тілдің алдыңғы 2/3 бөлігі. Күрек пен сүйір тістер қарсы беттен келген анестомоздары болғандықтан толық жансызданбауы мүмкін. Соны ескеріп, алдыңғы тістерді, 5,6,7 – ші тістерді жұлғанда қосымша инфильтрация жасау керек. Ішкі тәсілдің саусақсыз (аподактил) түрін А.Е. Верлоцкий жете талдаған. Ауыз әдеттегідей қатты ашылады. Шприц ауыздың қарсы бұрышынды, инені қанат-жақ қатпарының сыртын ала үстіңгі және төменгі азулардың шайнау бетінің орта тұсынан 1,5-2,0 см тереңдікте сүйекке тіреп, анестетик жібереді. Егер иненің ұшы сүйекке тимесе оны біраз суырып, қарсы бетке көбірек бұрып сүйекке тигенше шаншу керек. Қанат-жақ қатпары жалпақ болса инені оның орта тұсына, жіңішке болса қатпардың ішкі жағына шаншиды. Торус анестезиясы (М.М. Весбрем бойынша).Нысана – төменгі жақ үстірті. Ол тәж және буын өсінділеріне жалғасқан қыраттарының қосылуынан пайда болып, төменгі жақ тармағының ішкі жағында төменгі жақ тесігінің аздап жоғары, алдыңғы тұсында орналасқан. Төменгі жақ үстірті тұсында сезу нервінің үшеуі де қатар өтеді. Олар: төменгі альвеола, тіл және ұрт нервтері. Үстірттегі борпылдақ тінге енгізілген анестетик үш нервті түгел жансыздандырады. Нысана көзі ретінде қанат-жақ қатпарының сыртқы бөлігі мен ұрттың кілегей қабығы арасында орналасқан ұрт сызаты есептеледі. Жалпы ереже:ауызды керек ашып инені ұрт сызатының кілегей қабығына тік жоғарғы 3-ші ауыздың шайнау бетінен 0,5 см-дей төменірек шаншиды. Шприц пен инені көлденең бір деңгейде ұстап, сүйекке дейін енгізіп төменгі жақ үстіртіне жетіп, 1,25-1,5 мл анестетик жібереді. Ине шамамен 0,25-тен 1,5-2,0 см бойлайды, бұл әркімнің жеке анатомиялық ерекшеліктеріне байланысты. Анестезия аумағы: мандибуляр анестезиясы мен ұрт анестезиясының қосындысы. Барлық тістер, альвеола өсіндісі, жақ денесі, альвеола өсіндісін жапқан кілегей қабық, төменгі ерін, иек, ауыз түбінің кілегей қабығы мен тілдің алдыңғы 2/3 бөлігі. Иек анестезиясы.Нысана – иек тесігі. Тесік жақ денесінің орта тұсында 1-2 кіші азу тіс түбірлерінің астында орналасады (балаларла сәл алға қарай орналасқан). Тістер жоқ болса тесікті анықтау жолы мынандай: жақтың орта сызығы мен шайнау етінің алдыңғы жағына дейінгі аралықты тік сызықпен дәл екіге бөледі. Көлденең сызық жақтың төменгі қырынан 12 мм жоғары алынады. Сызықтардың қиылысқан жерінде тесік орналасады. Оның аузы артқа, сыртқа, жоғары қараған. Ішкі тәсіл.Ауыз жабық, төменгі ерін мен ұртты керек тартып инені өтпелі қатпарға 1-ші азу тұсынан шаншиды. Одан әрі инені алға, төмен, ішке қарай 0,75-1,0 см-дей енгізіп иек тесігіне тақайды. Ине ұшымен сүйекті сезіп тұрған жөн. 0,5-2,0 млерітінді жіберіп көреді. Ине ұшының тесікке түскендігі еріннің аздап ауырғандығы арқылы білінеді. Сыртқы тәсіл.Иек тесігін анықтаған соң жұмсақ тіндерді сол қол саусақтарымен сүйекке баса ұстайды. Инеге ішкі тәсілдегідей бағып беріп, оны сәл жоғары және артқа таман шаншиды. Сүйекке жеткен соғ аздап анестетик жіберіп ине ұшымен тесікті тауып, инені аздап енгізіп анестетік жібереміз. Анестезия 3-5 мин соң білінеді. Анестезия аумағы.Иек пен еріннің жұмсақ тіндері, күрек, сүйір, кіші азу тістер, альвеола өсіндісімен еріннің кілегей қабығы 2-ші кіші азудан орталық күрек тіске дейінгі аралық. |