Главная страница
Навигация по странице:

  • Тәуекел: Аға деген, іні дегенБір–біріне туысқанАға деген, іні дегенЖаралғандай құрыштан.Әділет

  • С.Нұрислам

  • Ерсұлтан

  • Асылмұрат: Отан - жерім, Отан - суым,Отан - қуат, нәр береді. Отан - ұран, Отан туым, Отан мәңгі гүлденеді.Д.Нұрислам

  • Руфат

  • 7 мамыр тақпақтар. Туекел Аа деген, іні деген Бірбіріне туысан Аа деген, іні деген Жараландай рыштан. ділет


    Скачать 15.95 Kb.
    НазваниеТуекел Аа деген, іні деген Бірбіріне туысан Аа деген, іні деген Жараландай рыштан. ділет
    Анкор7 мамыр тақпақтар
    Дата03.05.2023
    Размер15.95 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла7 мамыр тақпақтар.docx
    ТипДокументы
    #1105925

    Ж.Әлихан:
    Жүрекке адалдықтың ескен гүлін

    Ғажайып келешектің төккен үнін
    Ардақты ағаларға шын көңілден
    Жолдаймыз алғыс пенен сәлем бүгін.
    Тәуекел:

    Аға деген, іні деген
    Бір–біріне туысқан
    Аға деген, іні деген
    Жаралғандай құрыштан.

    Әділет:
    Үнемі ақыл беретін
    Біз үшін әкеміз байтерек.
    Әкеміздің алып тәрбиесін,
    Азамат болып өсеміз.

    М.Алихан:
    Отан деген – атамекен,
    Отан деген – туған жер.
    Отан – ана,Отан үлкен
    Қазақстан – туған ел!
    С.Нұрислам
    Көк байрағы бабамның –

    Бүгінгі ұрпақ алауы.
    Тірегі әке, баланың – Қазақстан жалауы.
    Темірхан:
    Қазақстан – елім,
    Ұлан - байтақ жерім.
    Тәрбиелеп өсірер
    Өр тұлғалы ерін.
    Төрежан
    Бақытты боп жүргенім

    Сенің арқаң, Ұлы Отан.

    Елім менің – тірегім,

    Құшағында гүл атам.

    Шығысыңнан арайлы,

    Күліп атқан құба таң.

    Сенен бақыт тарайды

    Баршамызға Ұлы Отан.

    Сарқылмайтын қуатым,

    Тірегімсің сен, Отан.

    Мәңгі соғып тұратын
    Жүрегімсің сен, Отан!

    Ерсұлтан
    Отан - сенің ата-анаң,

    Отан - досың, бауырың.

    Отан - өлкең, астанаң,

    Отан - аудан, ауылың.

    Ж.Нұрислам:
    Отан - тарих,

    Отан - тіл,

    Жасаған елің, ер халқың.

    Отан - өлең, Отан - жыр,

    Асылмұрат:
    Отан - жерім, Отан - суым,

    Отан - қуат, нәр береді.

    Отан - ұран, Отан туым,

    Отан мәңгі гүлденеді.
    Д.Нұрислам:
    Отан үшін жанымызды береміз,

    Отан үшін барлығына көнеміз.

    Отанның да,ананың да алдында,

    Осы өмірде парызды өтеп кетеміз. 
    Руфат:
    Туған жерде толамыз,

    Ертең жігіт боламыз.

    Отан - ортақ үйіміз,

    Көңілді ән мен күйіміз.

    Бейбарыс
    Жас ұландар, жас қырандар,

    Еркін елдің түлегіміз.

    Көркейе бер, гүл еліміз,

    Сен деп соққан жалындап тұр жүрегіміз,

    Жалындап тұр жүрегіміз.


    написать администратору сайта