Главная страница
Навигация по странице:

  • «Тәуелсіз елім - Қазақстан»

  • «Тарихи көрініс»-ке кезек берейік.

  • «Тәуелсіз-ел» Әні орындайтын: Қатай Досымжан 1-жүргізуші

  • Поэзия клубының мүшелері: Сержанқызы Тұнық пен Тойшибаева Томиристі қабыл алыңыздар. 1-жүргізуші

  • Алдарыңызда «Асыл» бишілер тобының орындауында «Қазақ биі» 2-жүргізуші

  • Нұрәлі Ботакөздің орындауында « Қазақстан бақытты» әні

  • «Үкілі домбыра» ансамбілі орындауындағы халық күйі «Келіншек» қабыл алыңыздар. 2-жүргізуші

  • 1-жүргізуші

  • Дүйсенғазы Лираның «Тәуелсіздік» атты өлеңін қабыл алыңыздар.

  • (Өзін-өзі басқару ұйымы мен Адал ұрпақ ұйымының ) құттықтау флешмобын қабыл алыңыздар 2-жүргізуші

  • ТРИО «Қазақстан Балалары».

  • Қаскен Нияздың орындауында « Менің Қазақстаным» Әні

  • Қатай Досымжанның орындауында « Көк тудың желбірегені » әні

  • 16 Желтоқсан сценарий Дана. Туелсіз елім азастан 1жргізуші


    Скачать 21.87 Kb.
    НазваниеТуелсіз елім азастан 1жргізуші
    Дата24.01.2023
    Размер21.87 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла16 Желтоқсан сценарий Дана.docx
    ТипДокументы
    #901757


    «Тәуелсіз елім - Қазақстан»
    1-жүргізуші:Армысыздар жарқын елдің жарқын болашақтары!

    Тәуелсіздік! Егемендік! Бейбіт өмір! Қандай қасиетті де, қастерлі ұғымдар.
    2-жүргізуші: Иә, ата-бабамыз аңсаған ғасырлар бойы шер болған Тәуелсіздікті алғанымызға міне, биыл 31 жыл толады. Ширек ғасыр жасаған ұлы елміз Тәуелсіздік құтты болсын дей отыра «Тәуелсіз елім - Қазақстан» атты концерттік бағдарламамызды ашық деп жариялаймыз.( Әнұран)

    Құттықтау сөз кезегі мектеп директоры Есенгулова Нұрзиля Бақытжанқызына беріледі.
    1-жүргізуші:Тәй-тәй басқан шағынан бастап талай- талай қиындықтарға қарсы тұрған Тәуелсіздігіміз бірте- бірте еңсесін тіктеп, тұғырын биіктетіп, тамаша табыстарымен жігіт жасына жетіп отыр. Тәуелсіздіктің бізге бергені ұшан – теңіз, әлі де берері мол!
    2-жүргізуші: Тәуелсіздіктің бастауы- желтоқсан оқиғасы. Желтоқсан бастауы- Ғасырлар қойнауынан жалғасып келе жатқан ұлы тарихтың бір белгісі. Бостандық деп аталатын асқақ арман жолында қаншама қан төгілді, қаншама батыр мерт болды. Бұл арпалыс бір күн, бір жыл, бір мезет емес, талай ғасырларға созылған. Осы арпалысты жай тілмен тарих дейді. Ендеше, тәуелсіздік жолындағы тарих беттеріне тағы бір зер салайық.

    Желтоқсан да талай ақын жырлаған,

    Бұл құбылыс таусылмайтын жыр маған,

    Таусылмайтын сыр маған.  «Тарихи көрініс»-ке кезек берейік.
    1-жүргізуші:

    Тұғырыма жаңа қонған ескерткіш,

    Сол күндердің, сол түндердің елесіндей мәңгілік,

    Айналасын ән қылып.

    Алаңдағы сол дауыстар бүгінде

    Естіледі жаңғырып - деп жырлағандай, желтоқсан жаңығрығы бізге Тәуелсіздіктің таңын әкелді.
    2- жүргізіші: 1991 жылы желтоқсанның 16-сында Қазақстан Республикасы өз Тәуелсіздігін жариялады. Осылайша алғаш рет әлем картасында Тәуелсіз Қазақстан атты жаңа мемлекет пайда болды.

    «Тәуелсіз-ел» Әні орындайтын: Қатай Досымжан
    1-жүргізуші: 31 жыл ішінде қазақ халқының ұлттық санасы жаңғырып, өзін-өзі тану, өзінің бай, ежелден қалыптасқан тарихы мен ұлттық дәстүрлерін құрметтеу, ұлы тұлғаларын бүкіл дүниеге таныту, бай рухани қазынасын әлемдік өркениетпен ұластыру бағытында қыруар шаруалар атқарылды.
    2-жүргізуші:Ата-бабаларымыздың артынан ерген жас ұрпаққа ізгі тілекпен-қалдырған әрбір құнды байлығын қорғап, көзінің қарашығындай сақтау - Жас Ұландардың міндеті. Ендеше ежелгі бабалардың көрген дәуренін бүгін мектебіміздің белсенділері қайталамақшы.

    Поэзия клубының мүшелері: Сержанқызы Тұнық пен Тойшибаева Томиристі қабыл алыңыздар.
    1-жүргізуші:Қуаныштан қалай кеуде кермесін,

    Бұл күнімді бір ғасырға бергесін.

    Ақ түйенің қарны бүгін жарылды,

    Ортамызда бишілер би билесін.

    Алдарыңызда «Асыл» бишілер тобының орындауында «Қазақ биі»
    2-жүргізуші: Тәуелсіз елдің тілегі-бейбітшілік, тыныштық келешегі білімді ұрпақ.Тәуелсіздік – кешегі қанға бүккен боздақтардың рухы. Әр ісі күллі бабаларымыздың аңсар арманы, мақсат-мұраты еді.

    Елестетіп келешектің келбетін,

    Болашаққа бастап кетті ел көшін.

    Тәуелсіздік алаулатты жалынын,

    Ертеңіне,өркеніне сенгенін.

    Нұрәлі Ботакөздің орындауында « Қазақстан бақытты» әні




    1-жүргізуші: Қасиетті Қазақстан мекенім,

    Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.

    Елім, жерім, Отаным – бақ - дәулетім,

    Болашағым, өнер - білім, өркенім.
    Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма

    Туған тілім шұбарланба жарқыра

    Тарихымда таланттылар көбейсін

    Бас иемін ата баба рухына.

    Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап

    Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап

    Тілейтінім барша жұртқа бір ғана

    Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ. «Үкілі домбыра» ансамбілі орындауындағы халық күйі «Келіншек» қабыл алыңыздар.
    2-жүргізуші: Бұдан былай біздің жүрегімізде желтоқсан қасіреті сияқты ұлтымыздың қайғысы емес, мерейлі мерекесі, шуақты, берекелі қуаныштарға толсын деп тілейік!
    1-жүргізуші: 1 - сынып оқушылары Өзгерісұлы Нұрасыл мен Бағдаулет Меруерттің орындауында «Біз бақытты баламыз» Әні

    2-жүргізуші: «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» дегендей, ендеше ортаға Тәуелсіздік тағдырын өз жүректерімен сезініп жүрген жас жеткіншектеріміздің өлеңдерін шақырамыз. Дүйсенғазы Лираның «Тәуелсіздік» атты өлеңін қабыл алыңыздар.

    1-жүргізуші «Поэзия» клубының жетекшісі Бақытнұр Аяланы қарсы алыңыздар.

    «Елім-айлап» тұрғанда ұландары,

    Қайта оянды халықтың мың арманы.

    Қалды мәңгі қазақтың жүрегінде,

    Жанып кеткен желтоқсан қырандары. (Өзін-өзі басқару ұйымы мен Адал ұрпақ ұйымының ) құттықтау флешмобын қабыл алыңыздар
    2-жүргізуші: Бүгін біздің дербез ел болып, уығымызды қадап, шаңырағымызды көтеріп ,ерікті еркін мемлекетімізді құрып,Қазақстан Республикасы атанып, көк байрақ туымызды желбіретіп, әлемге әйгілі болуымыздын өзі осы тәуелсіздікке қол жеткізуіміздің арқасы.
    1-жүргізуші: Олай болса, тәуелсіздігімізге шаң жұқтырмай, оны ең қымбат бұйымдарымымыздай етіп құрметтеп, ақша қардай кіршіксіз күйінде болашақ ұрпақтар қолына аманат етіп тапсыруға тиіспіз ТРИО «Қазақстан Балалары».
    2-жүргізуші:
    Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
    Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
    Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
    Тәуелсіз Қазақстан – елім менің

    Қаскен Нияздың орындауында « Менің Қазақстаным» Әні



    1-жүргізуші:

    Ту тігілді халқымның бүгін бағына
    Жас өрендер желбіретіп нық ұста
    Ғасырларға жалғастырып елдікті
    Дақ түсірме ата баба рухына
    Үлгі бізге аталардың ерлігі
    Ұлағаты өнегесі еңбегі
    Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
    Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі.

    Қатай Досымжанның орындауында « Көк тудың желбірегені » әні



    2-Жүргізуші: Құрметті ұстаздар және оқушылар Тәуелсіздікке жету жолындағы сан тарап қиындықтарды, тарихты соның жолында құрбан болған жандарды ұмытпайық. Осымен «Тәуелсіз елім - Қазақстан» атты мерекелік кешімізді жабық деп жариялаймыз. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік. Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!


    написать администратору сайта