Тж. тЖ. Туысыны айтуы бойынша кесі 20 жыл артериалды гипертензиямен ауырады, соы ш жылда кш тсу
Скачать 12.71 Kb.
|
Туысының айтуы бойынша әкесі 20 жыл артериалды гипертензиямен ауырады, соңғы үш жылда күш түсу стенокардиясы, ауырсыну кезінде нитроглицерин таб. қабылдайды, әдетте 2-3 минуттан кейін әсер ететін. АҚ 150/90 мм с.б, 220/120 мм с.б дейін жоғарылаған. * Миокард инфаркты болған жоқ. * Жедел жәрдем келгенше 1 таб. Нитроглицерин, қабылдаған, бірақ әсерсіз. Объективті: *Науқатың жағдайы ауыр, ессіз. Тері жабындылары бозғылт, терісінде «мрамор» суреті, суық жабысқақ тер. *Қолы мен аяғы суық. *Көзінің қарашығы кеңейген, жарыққа реакциясы әлсіз. *Теріасты май клетчаткасы шамалы дамыған. *Өкпесінде әлсіз везикулярлы тыныс естіледі, сырыл жоқ. *Жүрек тондары тұйық, ЖСЖ және қолдарында пульсты санау мүмкін емес. АҚ 60/40 мм с.б *Іші жұмсақ, ауырсынусыз.Бауыры қабырға доғасында. *Ісінулер жоқ. Диагнозын анықтау үшін госпитализацияға дейінгі этапта қандай тексерулер жүргізу қажет? Сіздің диагнозыңыз? *Жауап: * *ЭКГ *Тропонинді тест Тексеру нәтижесі *ЭКГ: қарынша фибрилляциясы. ST II, III, AVL, V 3-6 тіркелерінде көтерілуі. R тісшесінің вольтажы сол жақ тіркемелерде төмендеген. *Тропонинді тест оң. *Диагноз: *ЖИА. Миокард инфаркты,жедел сатысы,Q тісшесімен,артқыдиафрагмалдық ауыр кардиогенді шокпен асқынған. Қарыншалар фибрилляциясы. |