тулеремия микрош. туляремия. Туляремия
Скачать 3.57 Mb.
|
ТУЛЯРЕМИЯДайындаған: ҚДС 201-202 студенттері Нургазин Шалғынбай, Марленова Айдана, Байқадамова Жаңылсын. Тексерген: Мадина Асановна ТУЛЯРЕМИЯ - БҰЛЗооноз, жедел жұқпалы ауру.Ауру улану белгілерімен қатар бездерінің, терінің, шырышты қабаттарымен, өкпенің зақымдалуымен сипатталады. Г.Мак-Кой 1910 Ж.Калифорниянияның Туляре деген батпақты жерінде обаның табиғи ошағын зерттеп жүріп, суырдан оба тәрізді ауруды ойлап тапқан. Ол Ч.Чепинмен бірге 1911 ж. суырдан осы аурудың қоздырғышын Bacterium tularense-ні бөліп алды. Көп ұзамай бұл аурумен адаммен ауыратыны анықталып, И.Френсистің 1924 жылы ұсынысы бойынша туляремия деп атаған. ТаксономиясыТуыстастығы:Francisella Туляремия қоздырғышы - Francisella Tularensis Морфологиясы мен дақылдандыруы: Ұсақ,талшықтары жоқ,грам теріс бактериялар,спора түзбейді,бактерия айналасында капсула тәрізді шырыш жабынын ажыратады. Francisella Tularensis-аэроб,қарапайым қоректік орталарда өспейді,дефибринденген қан,сарысу,цистин,тиамин,глюкоза қосылған орталарда өседі.Тауық эмбрионының сарыуыз қапшығында жақсы өседі.Өсуі кезінде бактерияның вирулентті S-түрінің авирулентті R-пішінге айналуы іске асады.Оптимальды өсу температурасы 37-38 градус, рн-6,8-7,4. Тығыз қоректік орталарда домалақ,майда,нүктелік, ақшыл,шеті тегіс колониялар түзеді. Ферменттік белсенділігі өте төмен,глюкозаны және мальтозаны,тұрақсыз түрде,манноза және левулезаны қышқылға дейән ыдыратады, күкіртті сутек бөледі. Антигендік қасиеті. Fransiella Tularensis-тің қабықшалық VI және соматикалық 0 антигендері бар,бруцеллаларға антигендік туыстығы анықталған. Патогенділік факторлары.Ауру туғызатын және иммуногенді қасиеттері VI антигенмен,эндотоксин типті токсикалық заттармен байланысты.Эндотоксин-басқа эндотоксиндермен салыстырғанда белсенділігі төмен.S пішінді колония түзетін микробтар патогенді болып келеді,R колонияға өткенде VI антигенін жоғалтады,сонымен бірге вируленттілігін,иммуногендігін жоғалтады. Резистенттілігі. Fransiella Tularensis қоршаған ортада ұзақ сақталады,әсіресе төмен температурада(8-10 ай),ылғалды топырақта 5 ай,суда 9 ай .Жоғары температураға тұрақсыз,қайнатқанда сол мезетте өледі.Күн сәулесі тура түскенде 20-30 минутта жойылады. Эпидемиологиясы Аурудың негізгі көзі – кеміргіштер, қоян және жануарлар: ақтиын,түлкі, ит мысық. қой, жылқы және т.б.Жұғу жолдары: Контактілі – жанурлармен жанасқанда Алиментарлы – кеміргіштердің зәрімен инфицирленген су, тағам арқылы Шаң-тозаң арқылы – шөп, егін жинағанда Трансмиссивті – әртүрлі қан сорғыштармен (маса,кене) арқылы беріледі. ПатогенезіЖұқтыру сатысы. Қоздырғыштың кіру қақпасы – терінің микротравмалар, көздің, тыныс алу жолдарының және асқазан ішек жолдарының шырышты қабат Лимфогенді таралу сатысы. Қоздырғыш регионарлы лимфа түйіндеріне лимфогенді жолмен жетіп, сол жерде көбейіп, лимфа бездерін қабындырады Бактериемия сатысы. Лимфалық аппараттың барьерлік қызметі төмендесе, қоздырғыш қанға түсіп, бүкіл денеге жайылады. Клиникалық белгілеріЖасырың кезеңі 3—7 күн Қызба 38--40°C 2—3 аптаға дейін Бас ауруы, әлсіздік, бұлшық еттері ауырады, тәбеті төмендейді, құсады, терлейді Ауыр түрінде қозып, көзіне әр нәрселер елестейді Аурудың беті көгеріп, көзі қызарып, денесінде бөртпелер пайда болады. Бауыры мен көкбауыры ұлғаяды Лимфа бездері ісінеді Ауру 2-3 аптадан 1-3 айға дейін созылады Туляремияның клиникалық жіктелуі және жұғу жолдары:Бубонды түрі: Көздің шырышты қабаттары,тері арқылы (контактілі,трансмиссивті) жолмен жұғады Жаралы-бубонды: Көздің шырышты қабаттары, тері арқылы (контактілі,трансмиссивті) Көз-бубонды: Көздің шырышты қабаттары, тері арқылы (контактілі) Ангинозды- бубонды: Ауыз арқылы (алиментарлы, су арқылы) Абдоминальды: Ауыз арқылы (алиментарлы, су арқылы) Өкпелік (бронхиттік және пневмониялық варинаттар) Тыныс алу жолдары арқылы (ауа-шаң) Генерализденген н/е біріншілік – септикалық түрі: Кез-келген жұғу түрінде кездеседі. Туляремияның бубондық түріБубонды түрінде ауру басталғаннан 2-3 күні бубон түзіледі. Жиі қолтық асты, мойын, жақ асты бубондары болады, қоздырғыш жиі алиментарлы және қол терісі арқылы түседі. Лимфа түйіндері қатты, аурусынбайды, қозғалымы және шеті анық болады. Бубон мәлшері әр түрлі, біреу немесе көп болады. Бубондардың жазылуы: сіңірілуі, іріңдеуі және ойылып, тыртықтануы және склерозға ұшырауы мүмкін. Сіңірілуі мен склероздануы (тіннің дәнекер тінімен алмасуы) бубондарда баяу жүреді, іріндесе бубон 3-4 аптада тесіліп, кою, кілегей тәрізді зат шығады Тері - бубондық Жара – бубондық Баспа – бубондық түріБаспа – бубондық түрі Көз бубондық түрі Туляремияның өкпелік түріДұрыс емес қызба Аурудың өкпесі қабынады Улану белгілері жоғары болады Ентігу, кеуденің ауруы, құрғақ немесе ылғалды , іріңді, қан аралас жөтел Қақырық бөлінеді Аурудың бұл түрінде бубон болмайды Іштік түріУлану белгілері жоғары болады Жүрегі айнып, құсады Аурудың іші ауырады АІЖ жолындағы лимфа бездері зақымданады Кейде ішегінен қан кетеді Аурудың бүкіл ағзасына тараған түріТуляремияның 10—15% кездеседі Бактериемия Қызба 3 аптадан жоғары сақталады Миалгия, бас ауруы Науқастың денесінде бөртпелер п.б Бауыры және көкбауыры ісінеді Лимфа бездері өзгеріссіз Асқынулары:Лимфаденит Бауыр жетіспеушілігі Тыныс алу жетіспеушілігі Өкпе абсцессі Энцефалит Сепсис Пневмония Эндокардит Перикардит Менингит Перитонит Аппендицит Остеомиелит Микробиолгиялық диагноз қоюКлиникалық белгілері Эпидемиологиялық анамнезді жинау Серологиялықзерттеулер: ИФА, РА, ПЦР Теріге аллергиялық байқау жүргізу (туляринмен) Биологиялық зерттеулер Зерттеу материалы:науқастардан алынған шайындылар,қан,бубондардың пунктаты. ЕмдеуАминогликозидтер:Стрептомицин ,Гентамицин ,Тетрациклин ,Левомицетин ,Хлорамфеникол ,Левофлоксацин ,Цефалоспориндер Созылмалы түріндеқосымша вакцина егіледі Симптомдық ем тағайындалады, улануға қарсы сұйықтықтар беріледі Антигистаминдік дәрілер (супрастин, димедрол) тағайындалады Физиотерапиялық емдер қолданылады Алдын алу шаралары:Халық арасында санитарлық-ағарту жұмысын жүргізу Кеміргіштерден сақтау,дератизация,дезинсекция жұмыстарын жүргізу Су көздерін, тағамдарды, тағам қоймаларын, дүкендерді, тұрғын үйлерді қатаң қадағалау Арнайы киімдер, иісті заттарды пайдалану Эпидемиялық көрсеткіштер бойынша туляремиялық тірі вакцина қолданылады. Назарларынызға рахмет! |