Тура жне кері пропорционалды туелділік Оу масаттары
Скачать 0.59 Mb.
|
Тақырыбы: Тура және кері пропорционалдық тәуелділік Оқу мақсаттары: 6.5.1.1 шамалары тура және кері пропорционалдықпен байланысты есептерді ажырату және шығару; Бағалау критерийлері: Білім алушы - қандай шамалар тура және кері пропорционалды болатынын түсінеді; - тура және кері пропорционалдық тәуелділіктің анықтамасын біледі; - тура және кері пропорционалдық тәуелділікке мысал келтіре алады; - тура және кері пропорционалдық тәуелділікті ажырата алады. Ой қозғау . С-1: Қандай шамалар тура пропорциноал шамалар деп аталады? С-2: Тура пропоционалға мысал келтіріңдер. С-3: Қандай шамалар кері пропорциноал шамалар деп аталады? С-4: Кері пропоционалға мысал келтіріңдер. Графикалық диктант -Егер екі шаманың біреуі 3 есе артқанда, екіншісі 3 есе кемитін болса, онда екі шама тура пропорционал болады - Жылдамдық тұрақты болғанда, уақыт пен арақашықтық арасындағы тәуелділік тура пропорционал болады. - Шаршының периметрі мен қабырғасының ұзындығы арасындағы тәуелділік кері пропорционал болады. - Машинаның жүк көтергіші мен олардың санының арасындағы тәуелділік кері пропорционал болады. - Егер екі шама кемігенде біреуі 2 есе, ал екіншісі 4 есе өссе, онда екі шама кері пропорционал болады. - Адамның жасы мен оның аяқ киімінің размері кері пропорционал болады. - Уақыт тұрақты болғанда жылдамдық пен арақашықтық арасындағы тәуелділік кері пропорционал болады. - Трактордың жұмыс жасаған күні мен оның шапқан жерінің аудуны тура пропорционал болады. - Бірдей дәптер сатып алады. Дәптердің саны мен оның сатып алған құны тура пропорционал болады. Жауаптары: — + —+ — —— + + Өз беттік жұмыс. Тест жұмысы жүргізіледі. Үйге тапсырма: Пропорция. Пропорцияның негізігі қасиеті. №147. Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: «Сөйлемді жалғастыр» 1. Бүгінгі сабақта... білдім 2. … үйрендім 3. … қиындықт туындады 4. … әлі де жұмыстануым керек 5. … маған қызық болды? |