Главная страница

мәселе есеп 5 сынып. 5 класс мәселе есеп. Туристер 28 км ашытыты автобуспен жрді. Сонан со автобуспен жрген ашытыыны


Скачать 16.9 Kb.
НазваниеТуристер 28 км ашытыты автобуспен жрді. Сонан со автобуспен жрген ашытыыны
Анкормәселе есеп 5 сынып
Дата26.01.2023
Размер16.9 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файла5 класс мәселе есеп.docx
ТипДокументы
#906844

  1. Туристер 28 км қашықтықты автобуспен жүрді. Сонан соң автобуспен жүрген қашықтығының 1/2 – жаяу жүрді. Туристер барлығы неше километр қашықтықты жүрді?

  2. Дәптерде 75 бет бар. Оның 1/5–і жазылған. Дәптерде жазылмаған неше бет бар?

  3. Кітаптың 234 беті бар. Алмас бірінші күні жартысын, екінші күні қалған беттердің үштен бірін оқыды. Оған қанша бетті оқу қалды?

  4. Телехабар 3 сағат болды. Осы уақыттың-сінде жарнама хабарланылды. Жарнама неше минут болды?

  5. Паркке 288 қайың және емен ағаштарының көшеттері отырғызылды. Оның 7/9-сі қайың ағаштарының көшеттері еді. Паркке неше емен ағашы отырғызылды?

  6. Алмагүл кітаптың 34 бетін оқыды, ол кітаптың төрттен бірі болатын. Кітап неше беттен тұрады?

  7. Велосипедші 33 км қашықтықты жүрді. Бұл оның барлық жүруге тиісті қашықтығының 1/8–індей. Велосипедші барлығы неше километр қашықтықты жүруге тиіс?

  8. Сыныптың оқушыларының жартысы әншілер конкурсына қатысты. Олардың төрттен бірі жеңімпаз болды. Жеңімпаздар саны 7-ге тең болса, сыныпта неше оқушы бар?

  9. Квадраттың қабырғасының ұзындығы 6 бүтін 2/3 см. Квадраттың периметрін табыңыз.

  10. 6 бүтін 1/4 кг емдік шөпті әрқайсысында 1/8 кг шөп болатындай етіп, неше пакетке салуға болады?

  11. 1 кг кәмпиттің бағасы 70 тг. 3 бүтін 3/5 кг кәмпит неше тг? Жауабын дұрыс бөлшекке немесе аралас санға келтіріп, қысқартылған түрінде жазыңыз.

  12. Квадраттың қабырғасының ұзындығы 5 бүтін 2/5 см. Квадраттың ауданын табыңыз. Жауабын дұрыс бөлшекке немесе аралас санға келтіріп, қысқартылған түрінде жазыңыз.

  13. см2 алтынның массасы 25 бүтін 1/5 г. 10 см2 алтын неше грамм?

  14. Велосипед доңғалағының сыртқы шеңберінің ұзындығы 1 бүтін 4/5 м. Велосипед доңғалағы 1 секундта 1 бүтін 1/4 айналым жасайды. Велосипед 5 минутта неше метр қашықтыққа барады?

  15. Қораптағы шай 1/16 кг. Неше қорап шай 5 кг болады?

  16. Пойыз 1 сағатта екі қала арақашықтығының 3/4 бөлігін жүрді. Пойыз бірінші қаладан екінші қалаға неше сағатта барады?

  17. Жанармай сататын станция барлық жанармайдың бірінші күні 7/25-сін, екінші күні қалғанының 1/4-ін сатқанда, онда 4 бүтін 3/5 т жанармай қалды. Жанармай сататын станцияда барлығы неше тонна жанармай болған?

  18. Нұрлан саяжайдан стансыға дейінгі қашықтықтың 1/5-ін жүріп өткенде стансыға дейін жету үшін тағы да 4 бүтін 7/10 км жүруі керек еді. Саяжай мен стансының арасы неше километр?

  19. Екі қаладан бір уақытта бір – біріне қарама – қарсы 2 автомобиль шықты. Бірінші автомобиль қалалар арасындағы қашықтықты 7 сағатта, ал екіншісі 9 сағатта жүре алады. 1 сағаттан соң олардың арақашықтығы бастапқы арақашықтықтың қандай бөлігін құрайды?


написать администратору сайта