Главная страница

ауен. Әуен. уен (Оырман ойы ) Бл алада Туаны да жат адам Ертай Бимханов


Скачать 16.61 Kb.
Названиеуен (Оырман ойы ) Бл алада Туаны да жат адам Ертай Бимханов
Анкорауен
Дата21.11.2022
Размер16.61 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаӘуен.docx
ТипДокументы
#804481

«Әуен»

(Оқырман ойы )

«Бұл қалада...

Туғаның да жат адам»

Ертай Бимұханов

Ақын жаны мәңгі жас, балғын.Мәселен тағдырдан көрген теперіш тұлғаны өз қатарластарынан әлдеқайда есейтері хақ бірақ адам жанының алмағайыптығы ақын жанының сезімталдығы әр қилы кезеңдерде жаңа бояулармен тың көрініс табады.

Ертай Сағындықұлының өзіндік әлемі мен әуеніне өзімше үңілдім.

Ақынның «Ой» һәм «Тозақ-ой» өлеңдерінде жан қалауымен заман ағымының индивидпен көптің арасындағы айқасты байқауға болады.

(«Тозақ-ой»)

Бар байлықтың менде болса бек кілті,

Басым мең-зең бола берсін бет түрпі.

Зәулім сарай тұрғызамын соқтырып

Ой жоқ, іші тек күлкі.-десе

«Ой» өлеңінде гумандық идеяларды,шығармашылықты жаны шын қалайтынын алға тартады:

Көңіліме қонақтады күрең-күз,

Неде болса,барлығына көнерміз.

Білетінім бір-ақ нәрсе ешқашан,

Енді өмір сүре алмаймын өлеңсіз-деп, ой түйеді

Ақынның жаны күз сияқты күрең, мұңға үйір баладай сезімтал екенін айқындайтын тағы бір өлеңі «Күз келбеті»

Қоңыр күз ішінде,

Адами пішінде.

Өңім бе,түсім бе?!

Ешнәрсе айтпадым,

Барлығы ішімде.

Ақынның балаң мінезі қалам-қарымы кіршіксіз сезімдерінің түп-тамыры Анаға деген айықпас сағынышында жатыр.

Ендеше,ағамызлың «Анама хат» өлеңіндегі жан тебірентерлік жолдарды назарларларыңызға ұсынамын!
Сені қатты сағынғаным болмаса,

Тап бәлендей жаңалық жоқ көл-көсір.
Өзіңді аңсап көз ілмеймін жиі-түн,

Жанарыма мұң да көптен үйір тым.

Шаңырақ та кетті өзгеге сатылып,

Елде қалған жалғыз сенің бейітің.
Енді бәрін ойға салып,түсініп,

Көп адамнан алыстапты кісілік.

Сенің берген ақ сүтіңмен өлеңді,

Келем әлі ақ параққа түсіріп.
Ақын мұң құшып іштен тынғанда жанының жаңғырығы жыр боп сөйлері хақ.Бір қызығы ақын жігіт ағасы атанса да оның жырларындағы балғындық бала-мінез және кетеуі кетпеген тың ойлар мөлдірлік жан сүйсіндіреді.Құдды өз қатар-құрбыларымның сиясы кеппеген іңкәрлікке толы жырлары сынды.Әрине бұл аға буында сирек кездесетін ерекшелік.

Пікір иесі:Иса Нұрасыл

М.Өтемісов атындағы БҚУ-дың IIIкурс студенті


написать администратору сайта