Главная страница
Навигация по странице:

  • «Қажеттілік»

  • Идея­–­кә­сіп­кер­лік­ қыз­мет­тің­ не­гі­зі . Бизнес-идея

  • Бизнес-идея: Сатып алушының мұқтаждығын қанағаттандыру қажет ;Пайда түсіру қажет; Сатушының көңілінен шығу қажет.Бизнес идея ны

  • таңдау ережелері

  • 1 урок Кәсіпкерлікке кіріспе. Бизнес-идеяны таңдау, нарықты зерттеу.. 1 урок Кәсіпкерлікке кіріспе. Бизнес-идеяны таңдау, нарықты зер. Урока1 Ксіпкерлікке кіріспе. Бизнесидеяны тадау, нарыты зерттеу


    Скачать 18.58 Kb.
    НазваниеУрока1 Ксіпкерлікке кіріспе. Бизнесидеяны тадау, нарыты зерттеу
    Анкор1 урок Кәсіпкерлікке кіріспе. Бизнес-идеяны таңдау, нарықты зерттеу
    Дата31.08.2022
    Размер18.58 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла1 урок Кәсіпкерлікке кіріспе. Бизнес-идеяны таңдау, нарықты зер.docx
    ТипУрок
    #657832

    "Қаржылық сауаттылық"тақырыбы бойынша сабақтар легін бастаймыз

    Методология урока№1:Кәсіпкерлікке кіріспе. Бизнес-идеяны таңдау, нарықты зерттеу.

    Кәсіпкерлік ХХІ ғасырдың жаңа ұранына айналды. Кәсіпкерлер деген кімдер? Кең тараған пікір – бұл кәсіпкер – жасампаз инноваторлар.

    Кәсіпкерлік – бастамашыл азаматтардың өз бетінше құрған қызметі, кіріс немесе жеке табыс алу мақсатында өзінің мүліктік жауапкершілігі мен жүзеге асыратын өндірістік немесе басқа да қызмет түрі болып табылады. Ондай адамдарды жеке кәсіпкерлер деп атайды

    Кәсіпкер­ –­өз ісін жүргізіп, өз бетімен және өз еркімен нарықтың басқа өкілдерімен нарықтық қатынасқа түсетін тұлға. Мұндай адам өз күшімен ісін құрып, оны басқарады, ең бастысы – кәсіпкер басқа біреу үшін емес, өзі үшін жұмыс істейді

    Кәсіпкерде, бизнесмен де адамдар үшін игілік жасаумен айналысады, яғни олар адамдардың түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік беретін , оларға пайда әкелетін немесе қуаныш сыйлайтын өнім өндіреді. Олар тұтынушылардың қажеттіліктерін, яғни олардың өміріндегі қандайда бір жетіспеушілікті — нарықтық бағасымен құндылығы бар нәрселерді өндіреді. Енді олардың бір-бірінен қандай ерекшелігі барын анықтап көрейік. Елімізде адамдардың көбі кәсіпкер мен бизнесменді әдетте материалдық тұрғыда өз пайдасын көздеген бір адам деп есептейді.

    Кәсіпкерлік ойлау қабілеті — бұл өз ісін ашқысы келген болашақ кәсіпкердің ғана емес, сонымен бірге қазіргі уақыттағы бәсекеге қабілетті болғысы келетін әрбір азаматтың бойында болуы тиіс және күнделікті дамытуды талап ететін қасиет.

    Кәсіпкерлерге ойлаудың үш ерекше қабілеті тән:

    1. олар белсенді,

    2. жауап кершілігі мол

    3. нәтижеге жетуге ұмтылады.

    КӘСІПКЕРЛІК – БҰЛ АДАМДАРДЫҢ ӘРТҮРЛІ СҰРАНАСТАРЫН ҚАНАҒАТТАНДЫРАТЫН, ОЛАРҒА ПАЙДА ӘКЕЛЕТІН НЕМЕСЕ ҚУАНЫШ СЫЙЛАЙТЫН ИГІЛІКТЕРДІҢ ӨНДІРІСІ.

    Кәсіпкерлік ойлау қабілеті — ХХІ ғасырға қажет дағды, бүл өнертапқыштық, жасау қабілеті және армандарды — өмірде әлі жоқ нәрселерді жүзеге асыру шеберлігі.

    «Қажеттілік» –­қандай да бір дүниеге қажеттілікті сезінгендегі психологиялық және функционалдық ішкі жағдай, ол жағдаяттық факторларға қарай көрініс табады.

    «Игілік» –­ экономикалық термин, адамдардың күнделікті өмірлік қажеттіліктерін қанағаттандырып, пайда әкеледі және сүйіспеншілік сыйлайды.

    Идея­–­кә­сіп­кер­лік­ қыз­мет­тің­ не­гі­зі.

    Бизнес-идея – ашқалы тұрған ісіңіздің толық және нақты қағаз жүзіндегі іс жоспары. Өз ісіңізді ашпай тұрып қандай іспен және қалай өз ісіңізді жүзеге асыратыныңыз жайлы ойланған абзал.

    Бизнес-идея:

    Сатып алушының мұқтаждығын қанағаттандыру қажет ;

    Пайда түсіру қажет;

    Сатушының көңілінен шығу қажет.

    Бизнес идеяны таңдау ережелері:

    Бірінші ереже: Идея көп болуы тиіс.

    Екінші ереже: Идея кәсіпкердің біліміне сай болуы тиіс. Мысалы: программист, дәрігер бола алмайды.

    Үшінші ереже: Идея қызықты болуы тиіс.

    Төртінші ереже: Идея бір-екі сөйлемнен тұруы тиіс.

    Бесінші ереже: Қоршаған ортадан идея жайлы пікір сұрау қажет.

    Сұранысқа ие емес өнімдерді шығармау керек. Сондай-ақ сұранысқа ие салалардың ішінен де өзіңіз түсінетін бағытты таңдамасаңыз, жұмысыңыз жүр мейді. Әрине маман жалдауға немесе серіктес алуға болады, оны бизнесті құру мен жүргізуде жеткілікті тәжірибеңіз бар жағдайда ғана істегеніңіз жөн.

    Егер кәсіпкер немесе бизнесмен ретінде ісіңізді енді ғана бастасаңыз, ең алдымен шығындалуға тура келеді. Мұндай жағдайлар да біраз уақыт бойы (кейде алты айға дейін) қиналмай өмір сүре алатындай, жеткілікті «қор» болу керек.


    написать администратору сайта