Главная страница
Навигация по странице:

  • Сынып жетекшісінің ата – аналармен атқаратын жұмыстарының мазмұны мен міндеттері

  • Ата–аналармен атқаратын жұмыстарында сынып жетекшісінің қызметі

  • Сынып жетекшісінің ата-аналармен жүргізетін жұмысының формалары мен әдістері

  • Ата-аналар жиналысын сәтті өткізудің 10 құпиясы ( педагогтар үшін жадынама)

  • АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЭТИКАЛЫҚ КОДЕКС

  • АТА-АНАЛАРМЕН ЖҰМЫС Жалпы білім беретін Салқынкөл орта мектебінің ата-аналармен

  • Жұмыс мазмұны мерзімі

  • Ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру түрлері

  • Тәрбиешілердің ата-аналармен жұмысында берілетін кеңес.

  • ОТБАСЫ ТУРАЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТІҢ ПІКІРІ. Отбасының төрт түрі

  • ЖАНҰЯНЫҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ

  • АТА-АНАНЫҢ БАЛА АЛДЫНДАҒЫ ПАРЫЗЫ.

  • АТА-АНАЛАРМЕН МЕКТЕП ҰЖЫМЫНЫҢ БІРЛЕСКЕН ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ.

  • Ата анамен жумыс жоспары. В. А. Сухомлинский оушыларды ата аналарымен жмыс істеуді мазмнына ерекше назар аударып Тек ата аналармен бірге жалпы кш жігерді біріктіру арасында малімдер балалара лкен адамды баытты беруі ммкін


    Скачать 41.58 Kb.
    НазваниеВ. А. Сухомлинский оушыларды ата аналарымен жмыс істеуді мазмнына ерекше назар аударып Тек ата аналармен бірге жалпы кш жігерді біріктіру арасында малімдер балалара лкен адамды баытты беруі ммкін
    Дата23.03.2023
    Размер41.58 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаАта анамен жумыс жоспары.docx
    ТипДокументы
    #1010041

    Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

    Салқынкөл орта мектебі



    Солтүстік Қазақстан облысы

    Ғабит Мүсірепов ауданы, Салқынкөл а/о

    Салқынкөл орта мектебі

    7 сынып

    _______________________________

    (сынып жетекшінің Т.А.Ж)

    Сынып жетекшісінің ата – аналармен атқаратын жұмыстарының мазмұны мен міндеттері

    В.А. Сухомлинский оқушылардың ата – аналарымен жұмыс істеудің мазмұнына ерекше назар аударып: «Тек ата – аналармен бірге жалпы күш жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақытты беруі мүмкін», - дейді. Олай болса, отбасы мектеп пен бірге тәрбиелік ортаның тұтастай негізгі ықпал ету факторларын жасайды. Сондықтанда педагогикалық әрекетте мектептің жалпы міндеттерінің көлемінің кеңдігіне қарамастан ата – аналармен жұмыстың маңызы ерекше.

    Қазіргі мектепте жағдай көптеп өзгеруде: оқу және тәрбие процесінің құрылымы мен мазмұны, соған сай мұғалімдер мен оқушылардың көзқарасатары олардың өзара қарым–қатынасы сабақтың ұйымдастыру формаларымен өткізу технологиясы көптеген оқу пәндерін оқытудағы жаңа көзқарас сонымен қатар сыныптан тыс тәрбие жұмысын мектепті басқару ісі біртіндеп демократиялық бағытты ұстануда яғни, педагогикалық әрекеттегі үшбұрыш – мұғалім - оқушы – ата – анаға қатысты жағдайда жаңа демократиялық қарым – қатынасқа ие болды. Олай болса осы қарым – қатынасты реттеп отыратын әкімшілік басқару жүйеде ендігі жерде келмеске кетті.

    Бүгінде мектептің ата – аналармен жұмысының кейбір дәстүрлі түрлері өзінің маңызын жоюда: ата – аналар жиналысы, ата – аналар лекториясы мен университеттері, ата – аналардың ашық күні, ата – аналардың жұмыс орындарымен байланыс, баланың отбасына бару т.с.с.

    Түйіні шешілмеген мәселелерді шешуде мұғалімдер мен оқушылар ата – аналармен оқушылар өзара байланыссыз жалқы қалып отыр. Әсіресе, мұндай жағдай мұғалімдердің ата–аналармен ынтымақтастық қарым – қатынасына кері әсерін тигізуде.

    Бүгінде бала тәрбиесінде олардың бір – біріне айтар ақыл кеңесі ауадай қажет болып отыр.

    Сондықтан да ата – аналар балаларды тәрбиелеу ісінде мектеп пен қарым – қатынас, тікелей байланыс жасауды басты міндетіміз деп есептеуі тиіс, өйткені, олардың өз балаларын тәрбиелеудегі жетістіктері сынып, мектеп ұжымдарының оқу – тәрбие жұмысының нәтижесіне байланысты. Бұл жағдай оқу – тәрбие процесінің мазмұнын, сапасын және тиімділігін жақсарту үшін отбасы мен мектептің ынтымақтасып жұмыс істеулерін қажет етеді.

    Мектептің ата – аналармен жүргізетін жұмысының ерекшелігі осы екі жақтың байланысымен әрекет бірлігінің тұрақтылығынан көрінеді. Бұл тұрақтылықты ең алдымен сынып жетекшісі қамтамасыз етеді. Ол мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастықты ұйымдастыруда жетекші қызмет атқарады. Мектептің баланы тәрбиелеуге қатысты саясатын отбасының түсінуі, соның жұмысына байланысты. Мұндай жағдайда отбасының негізгі тапсырыс беруші және баланы тәрбиелеуде мектеп пен одақтас ретінде қарастырған жөн.

    Сондықтан да сынып жетекшісінің осы бағыттағы жұмысын негізінен мектеп пен ата – аналар және балалардың өзара қарым қатынасымен әрекетінде бірлікке, ынтымақтастыққа қол жеткізу, ол үшін баланың дамуына жағымды көңіл күй мен жағдай жасау. Оны нәтижелі шешу мүмкіндігі, егерде тәрбие жұмысының негізінде сол ынтымақтастық әрекет орын алған жағдайда ғана болады. Ол үшін өзара сенім мен құрмет, өзара көмек пен қолдау, бір – біріне шыдамдылық көрсету ынтымақтастықтың негізіне айналуы тиіс.

    Дегенмен, мектеп оқушыларымен жұмыс істеу көп ізденуді, еңбек етуді қажет етеді. Әсіресе, сынып жетекшісіне жүктелер жауапкершілік мол. Оны оқушылардың ата – аналарымен тығыз байланыста болған жағдайда ғана талапқа сай жұмыстар жүргізуге болады. Сол үшін де ата – аналармен қоян – қолтық жұмыс істеуі мақсатты түрде өте ұзақ мерзімді қажет ететін процесс. Ол үшін, жанұяны және оның отбасы тәрбиесіндегі ерекшеліктері мен жағдайын жан – жақты әрі жүйелі зерттеуді қажет етеді.

    Олай болса сынып жетекшісінің ата–аналармен жұмыс істеу қажеттіліг неде:

    - баланың өмірін ұйымдастыруда, оның тәрбиесіне қатысты мәселелелерді шешуде ортақ көзқарастың болуында баланың отбасы мен мектеп жағдайындағы дамуын және әлеументтенуін тиімді ұйымдастыру мақсатында тәрбиенің бірыңғай ұстанымдарын қоюда;

    - баланың әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық даму жағдайын ескере отыра, тәрбиенің мақсаты және міндеттері дұрыс анықтау, оларды жүзеге асырудың болуында;

    - баланың жан – жақты үйлесімді дамуы үшін тәрбиелік ықпалды тиімді және нәтижелі ұйымдастыруда;

    - балаға мектеп пен мектептен тыс тәрбие мекемелерінің, ата – аналармен жұртшылықтың педагогикалық қолдануын ұйымдастыруда;

    - баланы әртүрлі ортада, әртүрлі жағдайда жан – жақты жақсы танып білуі үшін;

    - балаға ықпал етудің жалпы тәсілімен техникасын ойластыруда, әртүрлі өмір жағдайында оның тұлғасына әсер етуде күш жігерді біріктіру үшін;

    - сынып жетекшісі, оқушылар және ата – аналардың жағымды көңіл күйін өзара жағымды түсіністік пен ынтымақтастық қарым – қатынасын орнықтыруда.

    Осыдан барып мектеп пен отбасы тәрбиесінің жағымды факторларға негізделген өзара қызметінің маңыздылығы түсінікті.

    Ата–аналармен жүргізілетін жұмыстағы сынып жетекшісінің негізгі міндеттері:

    1. Ата–аналармен тұрақты байланыс орнату. Ондағы мақсат: отбасының, оның мүшелерінің өзара қарым–қатынасы мәдениет деңгейі, отбасының жеке басқа ықпалы ата–ананың педагогика білім дәрежесінің жай – күйін анықтап, кеңес беріп, оларды бала тәрбиесіне ортақтастыруды көздейді.

    2. Отбасы мен мектептің балаға қоятын талаптарының бірлігін қамтамасыз ету. Ондағы мақсат өмір сүріп отырған қоғамға сай белгілі бір мінез құлық нормалары балаға үйрету, жаттықтырудың жүйелілігін, тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Сол сыныптағы дәріс беретін мұғалімдерді ата – аналармен ортақ іске ұйымдастыру.

    3. Ата–аналар ұжымын құру. Бұл күрделі әрі жауапкершілігі мол маңызды міндет. Бұл бағытта ата–аналар комитетін құру, оның жұмыс жоспарын жасау, оларды мектептегі қоғамдық жұмыстарға қатыстыру, атқарылатын істерге талдау жасап отыру т.б. жұмыстарды міндеттейді.

    4. Ата–аналардың педагогикалық білім дәрежесі мен мәдениетін үнемі арттырып отыру. Ол үшін ата–аналардың жаппай педагогикалық білім алуларын ұйымдастыру. Бұл бағытта баспасөз беттерінде, радио, көгілдір экран арқылы, пеадагогикалық білімдер жетілдіру универсистеттерінде лекторияларды, семинарларға, ғылыми практикалық конференцияларда, ата–аналар жиналыстарында педагогикалық білімдерін насихаттау.

    Ата–аналармен атқаратын жұмыстарында сынып жетекшісінің қызметі

    Сынып жетекшісі жоғарыда аталған міндетіне сай 5 қызметті атқаруы тиіс.

    1. Ата–аналарды сыныптағы оқу тәрбие процесінің мазмұнымен және әдістемесімен таныстыру. Сынып жетекшісі ата – аналар жиналысының бірінші отырысында осы мәселеге қатысты өзінің ұстанымы мен педагогикалық қөзқарасын баяндайды. Оның мақсаты және міндеттерімен, соған сай әрекет ету бағдарламасы және тәсілімен тәрбие жоспарымен таныстырады. Ата–аналармен бірлесіп оны жүзеге асыру жолдары қарастырады. Осындай отырысқа сол сыныпта сабақ беретін пән мұғалімдерін және мектеп әкімшілігінде шақыру мүмкіншілігі қарастырылады. Мұғалімдер өздері жүргізетін пәндердің ерекшеліктері, мазмұнымен әдістемесі және оқушылардың үй тапсырмасын орындау жұмыстарынан қатысты мәселелерімен ата–аналарды таныстырады.

    2. Ата–аналармен педагогикалық және психологиялық ағарту жұмыстарын ұйымдастыру. Сынып жетекшісі бұл бағытты ата–аналардың педагогикалық және психологиялық білімдер жүйесін меңгеруіне, балалар әлеументтік ортадағы мінез – құлқын жақсы білуіне сай, оларға ағартушылық қызмет жүктейді. Қазіргі мектеп жағдайында ата – аналардың жалпы білім деңгейі сөзсіз артуда бұл олардың педагогикалық көзқарастарында қателіктің болмауынан сенімін орнықтырады. Дегенменде педагогикалық және психологиялық зерттеу нәтижесі ата – аналардың психологиялық педагогикалық мәдени деңгейлерінің төмендігіне үнемі назар аударады. Сол үшін, бүгінгі таңда қоғамның және ата-аналардың оған деген сұранысы күннен-күнге артуда.

    Осы орайда, әрбір сынып жетекшісінің алдында тұрған міндет ата-аналар және мектеп жағдайына тура келетін жұмыс істеу формаларын таңдау. Сондықтан, мұнда мектеп тәжірибесінде ата-аналармен педагогикалық және психологиялық ағарту жұмыстарына қатысты өзін-өзі ақтаған кейбір дәстүрлі формаларды атаймыз.

    3. Ата-аналарды балалармен бірге әрекетке қатыстыру.

    Мұнда тәрбиелеу ортасын кеңейту, оқушы тұлғасының дамуына ықпал ету өрісін арттыру, сабақтан тыс тәрбие әрекетін ұйымдастыру, осы әрекеттер барысында мұғалімдер, ата-аналар мен балалардың өзара қарым-қатынасын жақсарутды көздейді.

    Мектеп тәжірибесінде ата-аналарды балалармен бірге әрекетке қатыстырудың әр түрлі формаларын қолданады:

    - сабақтан тыс әр түрлі тәрбиелік шараларға қатыстыру (мәдени жорық, саяхат, кеш, спорттық жарыстар, т.с.с.;

    - жалпы мектеп көлемінде өткізілетін дәстүрлі шараларға қатыстыру (мектеп бітірушілермен кездесу, соңғы қоңырау, жаңа жыл шыршасы, халықаралық әйелдер мейрамы, наурыз, оқушылардың жазғы демалысы өткізу т.б.);

    - балалардың сабақтарына, олимпиада, кештерге, апталықтарға, ата-аналардың ашық есік күніне т.б.;

    - мектептің кәсіптік бағдар жұмыстарына қатысу (еңбек адамдарымен кездесу, өндіріске саяхат, кәсіби бағдар бөлмесін жабдықтау жұмыстары);

    - өздерінің мамандықтарына сай факультативтік және үйірме жұмыстарын ұйымдастыру;

    - балалардың аула клубтарын құруға;

    - мектептің немесе сыныптың жөндеу жұмыстарына, ауланы көгалдандыру қатысу, кітапхана қорын молайтуға, көрмелер ұйымдастыруға;

    - мектептің немесе сыныптың әртүрлі шараларын ұйымдастыру және оларды өткізуге өндіріс және фирмалар арқылы материалдық көмек сұрау т.б.

    4. Отбасы тәрбиесіне қатысты ата-аналарға педагогикалық-психологиялық кеңес беру. Бұл бағытта кейбір отбасында бала тәрбиесіне қатысты туындап отырған мәселеге байланысты көмек көрсету, ақыл-кеңес беру.

    5. Ата-аналар белсенділерімен жұмыс және ата-аналардың әртүрлі қоғамдық ұйымдарымен, жұртшылықпен өзара әрекеттесуі. Сынып жетекшісінің бұл бағыттағы жұмыстары ата-аналардың комитетін құрып, оның мүшелеріне белгілі бір бағытта тапсырмалар беру, олардың жұмыстарын ұйымдастыруға кеңес беру, қолқабыс көрсетуден басталады.

    Кейбір ата-ана өз балаларының сыныпта атқарып жүрген қоғамдық жұмыстарына барынша қолдау көрсетеді. Мысалы,баласы спорттық шараға, мәдени жорыққа жауапкер болса, оның ата-анасы да өз мүмкіндігінше баласына қолдау көрсетіп, оған қажетті материалдарды табуға көмектесіп отырады. Мұндай ата-аналарды сынып өміріне араластырып отыру да сынып жетекшісінің осы бағыттағы жұмысына жатады.

    Сонымен бірге сынып жетекшісі бұл бағытта ата-аналардың жалпы мектеп көлеміндегі және аумағындағы қоғамдық ұйымдарымен де мектепке қатысты жалпы мәселелерді ортақтаса шешуде бірлесе жұмыс жүргізеді (ата-аналар комитеті, кеңесі, құқық қорғау мекемелері т.б.).

    Сынып жетекшісінің ата-аналармен жүргізетін жұмысының формалары мен әдістері

    Ата-аналардың өз балаларының жан дүниесін жақсы түсінуі, оларға отбасында дұрыс та тиімді тәрбиелік орта тудыру үшін, бала тәрбиесіне қатысты білімі және біліктерін ұдайы көтеріп отыруы қажеттілігін өздері түсінуі тиіс. Сол үшін де мектептің, сынып жетекшісі ата – аналар педагогикалық жұмыс жүргізуі, оның бағытын дұрыс ұйымдастырып отыруы міндеттеледі.

    Соңғы жылдары педагогикалық әдебиеттерде «Ата-аналарды тәрбиелеу» деген ұғым пайда болды. Ондағы көзделген мақсат ата–аналарға бала тәрбиесіне қатысты педагогикалық кеңес, оқуды ұйымдастыру, соған сәйкес олардың педагогикалық білімдерін жетілдіры отыруды көздейді. Ғалымдардың айтуынша, әр елде сонымен қатар отандық педагогикада жүргізілген зерттеу жұмыстары нәтижесінде сай ата – аналар балаларын тәрбиелеу барысында айтулы қиыншылықтарға кездеседі. Сондықтанда олар мұғалімдердің ақыл – кеңестерін, практикалық көмектерін аса қажет етеді. Олардың ұйымдастыруындағы ақыл – кеңес тек отбасы жағдайы сәтсіз ата–аналарға ғана қажет емес. Сонымен бірге отбасы тәрбиелі ата–аналарға да керек. Себебі: қоғамның қарқынды дамуы осы бағытта жаңа талаптар қоюда. Сондықтан, ата–аналарға бала тәрбиесінде, біріншіден, педагогикалық білімдерді жинақтауға, екіншіден, олардың өздерінің тәрбиелі және дамуын міндеттейді. Егерде мектеп пен ата–аналардың тәрбиешілік өзара әрекетін бірлікте ұйымдастырса, бұл шешімін табатын міндеттер. Ол мектеп тәжірибесінде мұғалімдердің ата–аналармен кездесуін, ата–аналар жиналысын ұйымдастыру, ата–аналар комитетін құру, ата–аналар белсенділерімен жұмыс істеу, ата–аналар үшін әңгімелер мен дәрістер ұйымдастыру, конференция өткізу секілді жұмыстар барысында атқарылады.

    Ата – аналар жиналысы

    Ата – аналар жиналысы мектеп бойынша жылына екі рет, сыныптар бойынша төрт рет өткізіледі. Жиналысты дұрыс ұйымдастырып өткізуге ата – аналар комитеті мен ата – аналар белсенділері және мектеп басшылары сынып жетекшілерімен бірдей жауап береді. Ата – аналар жиналыстарында оқу – тәрбие жұмысы қаралады, оның сапасын жақсартудың негізі жолдары белгіленеді. Кейбір ата – аналар отбасылық тәрбие жайлы есеп береді. Жиналыстарда сынып жетекшілері ата – аналарды сынып ұжымының оқу – тәрбие жоспарымен, ал мектеп басшылары оқушылар және ата – аналар комитетінің іс – жоспарларымен таныстырады.

    Мектеп өмірінде тақырыптық ата – аналар жиналыстарын өткізіп отырудың зор тәрбиелік мәні бар. Мұндай жиналыстардың мақсаты – ата – аналарды психологиялық – педагогикалық білім мен тәжірибе жаңалықтарымен таныстыру, ой қорыту.




    1. Үйде қалыпты күйдегі жағдай жасаңыз.

    2. Балаларыңыздың сізбен ашык сөйлесуін қолдаңыз.

    3. Қарым -қатынаста шыдамдылык, ұстанным сақтаңыз.

    4. Балаңыздың тәртібіне, іс-әрекетіне дұрыс баға беріп, оның даралық қасиеттерін түсінуге тырысыңыз.

    5. Оқушының жұмыс орнын тиімді ұйымдастырыңыз.

    1. Мамандық туралы әдебиет және басқа да ақпараттық мәліметтермен балаңызды қамтамасыз етіңіз.

    2. Оқушыға тиімді күн режимін үйымдастырыңыз. Дем алу,ұйықтау, дұрыс тамақтану үшін жағдай жасаңыз.



    Ата-аналар жиналысын сәтті өткізудің 10 құпиясы ( педагогтар үшін жадынама)
    Сынып ата - аналар жиналысының басты мақсаты - бүкіл сынып ата - аналар ұжымымен бір уақыт ішіндегі байланыстың зор нәтижелі формасы және сынып жетекшісінің ата – аналар жүрегіне жол таба алу әдісі болып есептеледі.

    Мектепте сынып ата - аналар жиналысында көбінесе мынандай жағдайды көруге (елестетуге ) болады: жиналысқа қатысуға тиісті болған 25 - 26 ата – ананың тек 30 % ғана келіп отырады. Осыдан, біз, педагогтар, ата – ананың бала тәрбиесіне жауапсыз қарайтынын байқаймыз. Сол себептен ата – аналарға бала тәрбиесіне аса зор назар аудару керек екендігін ұгындыру мақсатында жиналыстарды дұрыс, қызықты, мазмұнды және нәтижелі өткізуді жоспарлау қажет. Жоғарыда атап көрсетілген жағдайды өзгерту үшін жиналыстарды қалайша қызықты және тиімді өткізуге болады?

    Сынып ата – аналар жиналысына дайындалу және өткізудің әртүрлі тиімді әдіс – тәсілдері бар. Осы әдіс - тәсілдер арқылы педагогтар:

    а) ата – аналардың мәдениеттілігін қалыптастыруға;

    ә) педагогика мен психологияның түрлі проблемаларына қызығушылығын
    арттыруға;

    б) бала тәрбиелеу барысында түрлі жағдаяттарда шешім жолдарын таба алуға көмектеседі.

    Ата - аналар жиналысы мектеп өміріндегі қажетті атрибуттардың бірі. Оны қызықты және тиімді өткізу әсіресе, енді жұмыс бастаған жас сынып жетекшісіне ең пайдалы кеңес болары сөзсіз.

    1. Ата - аналар жиналысын өткізу үшін барынша ыңғайлы күнді және уақытты таңдаған жөн. Осы уақытқа сіздердің оқушылырыңыздың, ата - аналарының да ешқандай істері жоспарланған болмауы керек.

    2. Ата – аналарды жиналысқа шақырудың тиімді әдістерінің бірі – шақыру қағаздарын даярлау. Шақыру қағаздарын түрліше безендіруге болады. Мәселен: типографиядан шыққан варианты, оқушылардың өз қолымен жасалған нұсқасы немесе ата – аналар комитетінің көмегімен. Ең бастысы, бұл шақыру қағаздары ата – ана қолына жиналысқа 2 сағат қалғанда емес, бәлкім алдын ала жеткізілуі тиіс. Шақыру қағаздарына жиналыстың нақты тақырыбы, күн тәртібіне қойылған мәселелер, байланысу үшін сынып жетекшісінің, сынып ата – аналар комитеті төрағасының ( төрайымы ) телефон нөмері жазылғаны жөн.

    Шақыру қағаздары сынып қорында жиналып, кез келген мейрам, әсіресе оқу жылының аяқталуы немесе мектеппен қоштасу кештерінің көркі болуы мүмкін.

    3. Сынып ата – аналар жиналысына Сіздердің сынып оқушыларыңызды қызықтыратын маңызды проблеманы таңдаңыз және ата – аналармен бірге шешімін таба білуге әрекеттеніңіз.

    4. Әсіресе сыныпта ата - аналардың отыру қалпына мән беріңіз. Ата - аналар жиналысына қатысушылардың бір – бірін жақсы көре алуы және естуі үшін үстел мен орындықтарды дөңгелек түрінде орналастыру керек.

    5. Ата – аналар бірін - бірі жеткілікті жақсы танымаған жағдайда ата - аналардың аты - жөні жазылған визиткаларды дайындаған жөн.

    6. Ата - аналармен жиналыс қатысушылырына арналған ережені ойлап табыңыз. Мысалы:

    - міндетті түрде сыртқы киімді шешу;

    - проблемаларды талқылау барысында үндемей отыруға болмайды;

    - ұсыныстарға, пікірлерге қарсы шыққанда өз ұсыныстарын енгізу;

    - бір - бірін аты - жөнімен атауға; т. б.

    7. Жиналысқа шақырылғандардың уақытын бағалай біліңіз.
    Осы мақсатпен уақыт тәртібін ( регламент ) орнатыңыздар және оның сақтауының қатал қадағалыңыздар.

    8. Жиналыс барысында ата – аналардың өзара қарым – қатынаста болу үшін ойындар, әңгіме, пікіралысу ұйымдастырыңыз.

    9. Жиналысты еркін және ашық түрінде өтуіне ата - аналарға кофе - брейк ұйымдастыру да тиімді.

    10. Проблемалық мәселелерді талқылау барысында педагогикалық және өмірлік тәжрибеге ие ең беделді ата – аналар, мектеп кенесінің мүшелерінің пікіріне сүйеніп, басшылыққа алыңыз. Жиналыста нақты шешім қабылдауға қол жеткізіңіз.

    АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЭТИКАЛЫҚ КОДЕКС

    1. Мектеп білім ошағы екенін есте ұстаңыз. 

    2. Мұғалімнің қоғамдағы рөлін бағалаңыз,қолдау көрсетіңіз. 

    3. Бала тәрбиесі тек мұғалімнің ісі емес,ортақ іс екенін ұмытпаңыз. 

    4. Мектеп туралы,мектепте болған жағдай туралы анық-қанығына көз жеткізбей тұрып,бөгде орындарға таратпаңыз. 

    5. Мектеп– балаңыздың екінші үйі екенін түсінсеңіз,өзіңізді де сол үйдің мүшесімін деп есептеңіз. 

    6. Мектепішілік және сыныптағы ата-аналар жиналысынан қалыс қалмаңыз. 

    7. Өз балаңыздың мектептен тыс уақыттағы өміріне аса үлкен жауапкершілікпен қараңыз. 

    8. Балаңыз сапалы білім алсын десеңіз оған мектепке қажетті құрал-жабдықтарын уақытылы әперіңіз. 

    9. Балаңыздың денсаулығы мен жеке басының тазалығына және киіміне жауапты қараңыз. 

    10. Өз уақыты мен балаңыздың оқу процесін,күнделігін,дәптерін қадағалап отырыңыз. 

    11. Егер мектепке сабақ уақытында келсеңіз, сынып жетекшісін немесе балаңызды арнайы күту орнында күтіңіз. 

    12. Өз мүмкіндігіңізге қарай мектепте өтілетін, қала көлемінде өтілетін мерекелік шараларға,байқауларға қатысыңыз. 

    13. Өз еріктерімен әрбір ата-ана мектепке ұйымдастырушылық,ақпараттық және материалдық көмек көрсете алады. 

    14. Мектеп ішінде, сыныпта бола қалған қиын мәселелі жағдайларда оны мынадай тәртіппен шешуге тырысыңыз: 

    1. Сынып жетекшісі; 

    2. Пән мұғалімі (қажет жағдайда); 

    3. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары; 

    4. Әлеуметтік педагог; 

    5. Мектеп басшысы. 

    АТА-АНАЛАРМЕН ЖҰМЫС

    Жалпы білім беретін Салқынкөл орта мектебінің ата-аналармен
    2014-2015 оқу жылына арналған іс-шаралар жоспары





    Жұмыс мазмұны

    мерзімі

    1

    Ата-аналар алқасының төрайымы сайлау

    Қыркүйек

    2

    Ата-аналар алқасының жаңа оқу жылына  жұмыс жоспарын бекіту

    Қыркүйек

    3

    Оқушыларды пәндік, сыныптан тыс үйірмелерге тарту

    Үнемі

    4

    Сынып оқушылардың ыстық тамақпен қамтамасыз етуін бақылау

    Үнемі

    5

    Мектепте өтілетін іс-шаралармен уақытында хабарлар болып отыру

    Үнемі

    6

    Себепсіз сабақтан қалған оқушылармен жұмыс

    Үнемі

    7

    Ата-аналар жиналасын өткізу

    Қазан

    8

    Жаңа жыл мерекесін ұйымдастыру

    Желтоқсан

    9

    «Бала мен ата-ана  арасындағы  қарым - қатынас» сауалнама ұйымдастыру

    Қаңтар

    10

    Ата-аналарға құқықтық тәрбие беру

    Ақпан

    11

    «Бәрі де,Ана, бір өзіңнен басталды» сынып сағатын ұйымдастыру

    Наурыз

    12

    Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру

    Мамыр

     


    Ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру түрлері




    Отбасы адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы- ата-ана. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген ата-бабаларымыздан қалған асыл сөздің сырына үңілер болсақ, бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Ата-анаға баладан жақсы ешкім жоқ. Ал бар тәрбиеміздің көзі – ата-бабаларымыздан қалған асыл сөздер, яғни небір кереметтің барлығы осы айтылған нақыл сөздер мен мақал-мәтелдер екені сөзсіз.

    Тақтаға жазылған нақыл сөздер мен мақал-мәтелдерге байланысты өз ойларын айтады.

    Ой-толғаныс.

    1.  Тәрбиенің ең тамаша мектебі – отбасы.

    2.  Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады.

    3.  Балапан қырақ болу үшін оны самғатып ұшыратын ата немесе әке де қыран болуы керек.

    4.  Баланы 5 жасқа дейін патшадай күт. 10 жасқа дейін құлдай жұмса, 15 жастан асқан соң досыңдай сырлас.

    Тәрбиешілердің ата-аналармен жұмысында берілетін кеңес.

    1.  Балаға жан және дене өзгерістерінің байланыстарын табуға көмектесу.

    2.  Барлық ескертулерді шын пейілмен, үстірт бағаламай, айдар тақпай жай түсіндіру.

    3.  Оқушылардың бойында салауатты өмір салтының дағдыларын қалыптастыруға бағытталған, салауатты өмір салты мәдениетіне тәрбиелеу. Денсаулықтың маңыздылығын құндылық ретінде түсіну.

    4.  Дене тұрғысынан жетілдіру. Ертеңгілік жаттығу, күн режимін сақтау, ем шара қабылдау, коррекциялық жаттығулар, таза ауада болып қимыл қозғалыс ойындарын ойнау.

    Ата-аналармен жұмыс.

    Тәрбиешілердің  ата-аналармен ынтымақтастығы оқушылармен жүргізілетін тәрбие жұмысының табысты болуының басты кепілі болып табылады. Тәрбиеші үшін ата-аналарды педагогикалық үрдістің белсенді мүшесі ету оңай шаруа емес. Ол асқан шеберлік пен зор жауапкершілікті қажет етеді. Мұндай міндетті шешу үшін тәрбиешінің тәрбие жұмысының жоспарында оқушылардың отбасын зерттеу.

    Ата-аналардың педагогикалық сауатын көтеру. Ата-аналар комитетінің жұмысымен байланысты арттыру.

    Ата-аналармен жеке жұмыс жүргізу.

    Ата-аналарды оқушылардың оқу-тәрбие үрдісінің нәтижелерімен, барысымен жүйелі таныстыру.

    Мұндай маңызды істерді жүзеге асыруда тәрбиеші тәрбие жұмысының мақсатын, міндеттерін, мектептің ерекшелігін, ата-аналар құрамын, ата-ана мен тәрбиешінің қарым-қатынасының негізгі ұстанымдарын ескеріп есепке алады.

    ОТБАСЫ ТУРАЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТІҢ ПІКІРІ.

    Отбасының төрт түрі:

    1.  Адамгершілік қатынастары жоғары отбасы. Балалардың өз икемділіктерін жүзеге асыруға толық мүмкіндіктері бар. Тәрбиешінің көп араласуын қажет етпейді, дегенмен нақты бір кезеңде тәрбиелеу ерекшеліктеріне байланысты ұсыныстар мен кеңестер артық болмайды. Психолог кеңес береді.

    2.  Ата-аналарының қарым-қатынасы жақсы, дегенмен тәрбиелеудің дұрыс бағыттарын ұстанбайтын отбасылар . Балалар ата-аналарының «ерекше» қамқорлығында болуы мүмкін, осыған байланысты менмендік, өзімшілдік ойы басым дамиды. Бұл педагогтің көңіл бөлуін сөзсіз талап етеді. Психолог, тифлопедагтың кеңесіне жүгінеді.

    3.  Дау-жанжалды отбасылар. Мұндай жағдайда ата-аналардың баламен ісі жоқ. Олар өзара қарым-қатынастарын шеше алмайды. Ешқандай парасатты тәрбие туралы  сөз болуы да мүмкін емес. Мұндай жағдайда мамандардың ақыл-кеңесі қажет және үнемі қадағалауы тиіс.

    4.  Ұрпақтар арасындағы сезімталдық, көңіл-күй байланысы жиі бұзылып тұратын отбасылар. Ата-анасы жоқ, анасы, әкесі жоқ балалар, ата, әжесі, аға, апа қамқорлығындағы  балалар бар. Мұндай отбасыларымен психологиялық, педагогикалық тәрбие жұмыстары үнемі жүргізіліп отырады.

    ЖАНҰЯНЫҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ:

    Баланың үздіксіз дамуын қадағалау. Бала денсаулығына қамқорлық жасау. Еңбек тәрбиесі мен мамандық таңдауға және баланың жан-жақты дамуына көмектесу.

    Баланың қызығушылығын, бейімділігін, шығармашылығын  дамыту. Баланы өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі дамытуға сонымен қатар болашақ өмірге дайындау.

    АТА-АНАНЫҢ БАЛА АЛДЫНДАҒЫ ПАРЫЗЫ.

    Адамның жеке қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы адамгершілік  белгілері отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы өзегінде  көп жылдар бойы сақталып есінде жүреді.

    Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала.

    Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер  күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайды.

    Отбасы – шағын мемлекет, қоғамның негізі болып табылады. Қоғамды құратын азамат атаулы отбасында өсіп өрбиді, тұлға болып қалыптасады.

    АТА-АНАЛАРМЕН МЕКТЕП ҰЖЫМЫНЫҢ БІРЛЕСКЕН ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ.

    Ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру міндеттері:

    -       ата-аналарды балаларының оқу еңбегінің нәтижелері туралы хабардар етіп отыру;

    -       ата-аналарды балаларының оқуына көмекті дұрыс ұйымдастыруға үйрету;

    -       топ ұжымымен қызықты іс-шараларды ұйымдастыруға ата-аналарды қатыстыру;

    -       ата-аналармен тақырыптық жиналыстар оздыру;

    -       мектептегі ашық есік күндеріне шақырып, қатыстыру;

    -       ата-аналармен жеке жұмыс жүргізу;

    АТА-АНАЛАРМЕН ЖҰМЫС.

    Ата-аналармен байланысқа тікелей мектеп директоры және аға тәрбиеші жауапты. Жатақханада ата-аналар кеңесі құрылып, бекітілген жоспар бойынша жұмыстануда.

    -       жатақхананың оқу тәрбие процесі, санитарлық-гигиеналық талаптарын орындау, баласын медициналық тексеруден өткізу;

    -       оқушының іскерлігін, шығармашылық қабілеттерін және білім сапасын арттыруға жаңа оқу жылындағы жатақхананың мақсаты мен міндеттерімен танысу, ұсыныстар енгізу;

    -       жатақхананың басқару және ұйымдастыру жұмыстарының өтуіне ата-ананың ұсыныстары;

    -       тәрбиеленушілерді демалысқа үйлеріне уақытында алып, уақытылы  әкелу процесіндегі жауапкершілік;

    -       әр тоқсанның соңғы күндері «Ата-аналар» күні болып белгіленген.




    написать администратору сайта