В блімі 6сынып аза тілі
Скачать 41.15 Kb.
|
№ 264 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Балмаганбетова Айжан Зейнуллаевна В бөлімі 6-сынып Қазақ тілі 1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ Жиынтық бағалауға шолу Ұзақтығы: 40 минут Oқылым – 15 минут Жазылым – 25 минут Тыңдалым мен айтылым бөлек тексеріледі Балл саны: 30 Тапсырмалар түрлері Көп тaңдауы бaр сұрақтар Қысқа жауапты қажет ететін сұрaқтар Толық жауапты қажет ететін сұрaқтар Жиынтық бағалаудың құрылымы Тоқсандық жиынтық бaғалаудың нұсқaсы 3 компоненттен тұpaды:Біріншісі - тыңдалым, айтылым және әдеби тіл нормаларын, екіншісі - оқылым және әдеби тіл нормаларын, үшіншісі - жазылым және әдеби тіл нормаларын тексеруге арналған. Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгісі «Қазақ тілі Т1» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары Тыңдалым мен айтылым Тапсырма 1. Мәтiндi мұқият тыңдаңыз. Мәтiннiң негiзгi oйын aнықтaп, өз сөзiңiзде қoлдaныңыз, көтepiлген мәсeлeнi aнықтaп, мәтiндегi ақпaрaтты шынaйы өмipмен бaйлaныстыpыңыз. Өз көзқaрacыңызды жaн-жaқты тұжыpымдап, мыcaлдар аpқылы дамытып, дәлелдеңiз. 2. Өз жұбыңызды мұқият тыңдaңыз. Оның мәтiнi бoйынша мaңызды дeп сaнaйтын 2 сұрaқ қoйыңыз. Oның мәтінінің басты идеясын анықтауға бeлсeнді қaтысып, пiкіріңiзді бiлдіріңіз. Сөз және сөйлем iшіндегі екпiн түpлepін (сөз екпiнi, тіркeс eкпiні, логикaлық екпiн) қолдaныңыз 1-мәтін Ақсу-Жабағылы Қазақстанның ең көне қорығы, сонымен қатар Орталық Азиядағы ЮНЕСКО биосфера қорығы дәрежесін алған ең алғашқы қорық. Теңіз деңгейінен 1000 м-ден 4280 м аралығындағы биіктікте Тянь-Шань тауларында орналасқан. Ылғалды даладағы бай жазықтар аршалармен астасып жатқан жіңішке бұталардың өсуіне қолайлы жағдай туғызған. Көздің жауын алатын қатаң қарлы шыңдардың бөктерінде түрлі түсті альпі гүлдері жайқалып өскен. Ақсу-Жабағалы сирек кездесетін, тек осы аймақтарға ғана тән өсімдіктер мен жануарлардың отаны. Бұл жерден тау қойын, ешкісін, маралдарды және еліктерді, сілеусіндер мен қар қабыландарын, қасқырлар мен түлкілерді, аюлар мен тағыландарды, ақкүмістерді таба аласыз. Осы жерлерді сарышұнақтарды да көруге болады. Құстар әлемі өте бай. Тасты жартастардың арасынан тау кекіліктерінің ұяларын, қар арасынан тылсым қар әтештерін кездестіресіз. Жапырақты орман көлеңкесінде от жалыны тәріздес шыбын ұстағыш қараңдайды. Тоқылдақтың ысқырған дауысы сыбызғының әнін еске салады. 2-мәтін Жер шоқтығы атанған көрікті Көкшетаудың ең бір әсем,жанға шипалы өңірі. Осы төңіректегі атаулар Бурабай көлінің даңқы мен көпке танымал болған. Бурабай көлі- емдік қасиетімен әрі әсем табиғатымен ерекшеленеді. Қарағайлы,қайыңды орман, Көкшенің шщқылары, аңыз болған Жұмбақтас, біріне-біре жақын жатқан Көкшетаудың сексен көлінің бір үзікті тізбегі-Шортанды, Үлкен шабақты, Кіші шабақты, Қотыркөл,Жөкей, Бурабай болып, тұтастай осы өңірге ерекше сипат береді. Мұнда дүниенің көп еліне аты мәлім Бурабай, Оқжетпес демалыс және сауықтыру орындары бар. Бурабайда демалып үлгерсеңіз, онда Ұлы Жібек жолы бойымен экскурсиялық саяхатқа аттануға болады. Халқымыздың пейілі сияқты кең, көңілі сияқты дархан даламызда жабайы табиғатпен қауышып, рухани азық алып, жері, суы мен ауасының шипасын көруге мүмкіндік бар. Тыңдалым мен айтылым Тапсырма [10] Мәтінді оқып шығыңыз. Мәтіннің негізгі ойын анықтап, өз сөзіңізде қолданыңыз, көтерілген мәселені анықтап, мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстырыңыз. Өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз. Өз жұбыңызды мұқият тыңдаңыз. Оның мәтіні бойынша маңызды деп санайтын 2 сұрақ қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысып, пікіріңізді білдіріңіз. Сөз және сөйлем ішіндегі екпін түрлерін (сөз екпіні, тіркес екпіні, логикалық екпін) қолданыңыз. 1-мәтін Әлемде сан мың түрлі керемет бар.Тарихи тамаша жәдігерлерге қарап, табиғат пен адамның шеберлігіне таңдай қақпау мүмкін емес. Әлемнің жеті кереметі атауы аңыз бойынша, өзінің жаулап алған жерлерінен әлем саяхатшыларын қызықтыру мақсатында арнаулы 7 орынды белгілеген – Ескендір Зұлқарнайын заманынан қалған. Олардың қатарына: Мысыр пирамидалары, Бабылдың аспалы бағы, Эфестегі Артемида ғимараты, Зевс мүсіні, Галикарнастағы табытхана, Гелиос мүсіні және Александрия шамшырағы кіреді. Алайда, қазіргі күндері әлемнің жаңа жеті кереметі пайда болды. Бұл тізім - алдыңғы тізімнің жаңғыртылған нұсқасы. Әлемнің жаңа жеті кереметі 2007 жылы Португалиядағы «Үш жетілік» күнінде көпшлік назарына ұсынылған болатын. Олар: Ұлы Қытай қорғаны,Колизей,Мачу-Пикчу, Петра,Тәж Махал, Құтқарушы Иса Мәсіх мүсіні, Чичен-Ица, Гиза пирамидалары 2-мәтін Арыстан баб кесенесі - көне Отырар жеріндегі сәулет өнері ескерткіші. Бұл кесене XII ғасырда өмір сүрген діни көріпкел Арыстан баб мазарының үстіне салынған. Кесененің бірінші құрылысы XIV-XV ғасырға жатады. Сол құрылыстан кесілген айван тізбектері қалған. XVIII ғасырда көне мазардың орнында жер сілкінісінен кейін екі кесілген ағаш тізбекке тірелген айванмен салынған екі күмбезді құрылыс орнатылды. Құрылыс алебастр ерітіндісінде күйдірілген кірпіштен қабырғаның сырт жағына салынды. Қазіргі кезде бұл кесене Орталық Азиядағы қажылық міндетті өтейтін мұсылман киелі жерлерінің бірі болып саналады Аңыз бойынша Арыстан баб Мұхаммед пайғамбардың елшісі болған. Бір күні Мұхаммед пайғамбар өзінің шәкірттерімен құрма жеп отырған еді. Бір құрма қайта-қайта ыдыстан құлай беріп, пайғамбар ішкі дауысты естіді: «Бұл құрма Сізден кейін 400 жыл алдағы уақытта туылатын мұсылман бала Ахметке арналған». Сонда пайғамбар шәкірттері ішінен бұл құрманы кім иесіне жеткізетінін сұрайды. Ешкім сұранған жоқ. Пайғамбар сұрақты қайта қойғаннан кейін, Арыстан баб былай деді: «Егер Сіз Алла Тағаладан 400 жыл сұрап берсеңіз мен бұл құрманы иесіне жеткіземін». Халық аңыздарынан және жазба деректеріне қарағанда («Рисолаи Сарем-Исфижоб» және Куприлозада кітабы) Арыстан баб Ахмет Яссауидің ұстазы болып құрманы жеткізеді. Қазіргі кезде Арыстан баб мазары үстінде 30*13 метр аумағы бар кесене тұр. Тарихи деректер бойынша XII-XVIII ғасырларда кесене бірнеше рет қайта салынып, қайта жаңартылды. Оқылым Тапсырма Мәтінді мұқият оқыңыз. [10] 1-мәтін Әке мен бала Бір адам он жасар баласын ертіп, егін даласынан жаяу келе жатса, жолда жатқан бір ескі тағаны көреді. Ол баласына: — Балам, анау тағаны ала жүр, — дейді. — Іммм, сынып қалған ескі тағаны алып неғылайын? - дейді еңкейіп, тағаны алуға ерінген баласы. Әкесі үндемейді, тағаны өзі иіліп алады да, жүре береді. Қаланың бір шетіне келгенде темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң, әкесі қайырылып, бағанағы тағаны соларға үш тиынға сатады. Одан біраз жер өткен соң, шие сатып отырғандардан ол үш тиынға бірталай шие сатып алады. Сонымен шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бір-бірлеп жеп, баласына қарамай, аяңдап жүре береді. Біраз жер өткен соң, әкесінің қолынан бір шие жерге түсіп кетеді. Артында келе жатқан баласы жерге түскен шиені жалма-жан жерден алып, аузына салады. Біраздан соң және бір шие, одан кейін тағы бір шие, сонымен әкесінің қолынан түскен шиені он шақты рет иіліп, жерден алып жейді. Ең соңында әкесі тоқтап тұрып: — Балам, көрдің бе, бағана тағаны жамансынып, жерден бір ғана иіліп көтеріп алуға ерініп едің, енді сол тағаға алған шиені бірнеше рет еңкейіп алдың. Бұдан былай есіңде болсын, балам, аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боларсың, азды қанағат ете білмесең, көптен де құр қаласың, - деді. 2-мәтін Бірде Төле би Мойынқұмдағы елдің дау-дамайын шешіп, ауылына қарай қайтқанда, бір топ қарақшының қолына түседі. Сонда Төле би: «Әй, сендерге керегі мал ма, жан ба, жан керек десеңдер, қинамаңдар, тез өлтіріңдер, мал керек десеңдер, алдарыңа айдатып әкелдірейін, бізді босатыңдар», - дейді. Қарақшылар: «Бізге мал керек», - дейді. Сонда Төле би: «Менде мал көп, бай адаммын. Бірақ сендер сенбейсіңдер. Сондықтан біреуің менің атыма мініңдер, киімімді киіңдер, мен хат жазып жіберейін», - дейді. Хатты былай жазады: «Кенже ұлыма құда түстім. Соған 40 құнан атан, 20 бура, 8 ақбас атанымды осы барған адамнан айдатып жіберіңдер. Бұған қоса оң босағамда тығулы алтынымды, сол босағамдағы күмісімді қоса беріңдер». Қарақшылар екі жігітті бидің аулына жібереді. Ауыл адамдары бидің бұл хатын түсіне алмай, қатты дал болады. Сонда келіні Данагүл былай дейді: «Жоқ, би атам 40 қарақшының қолына түскен екен. 40 құнан атан дегені – 40 мықты жігіт, 20 бура дегені – 20 палуан, 8 ақбас ата дегені – 8 ақсақал кісі, ал атаған алтыны мен күмісі – баласы және келіні – мен ғой. Қой, тез жетіп, би атамды құтқарайық». Сөйтіп Данагүлдің ақылымен хатта көрсетілген малды екі қарақшының өзіне айдатып, олардың соңынан 40 жігіт, 20 палуан, 8 ақсақал, әрі Төле бидің баласы және келіні Данагүл көрінбестен қоса еріп отырады. Осылайша бұлар Төле би мен оның серігін босатып алады. Осы оқиғадан соң, Данагүлдің ақылдылығы мен тапқырлығы елге жайылыпты. 1. Мәтіндердің стилі мен тілдік ерекшеліктерін анықтап,төмендегі кестені толтырыңыз.
[2] 2. Берілген мәтіннен негізгі,қосымша және детальді ақпаратты анықтап,себебін түсіндіріңіз.
[3] 3. Мәтіннен іріктелген ақпараттарыңыз негізінде бірнеше сұрақтар құрастырыңыз.Сұрақтарыңыз негізгі,қосымша ақпараттар мен көтерілген мәселені анықтауға бағытталуын ескеріңіз. 1.------------------------------------------------------------------------ 2.------------------------------------------------------------------------ 3.------------------------------------------------------------------------ [3] 4.Мәтіндердегі көтерілген мәселені анықтауға бағытталған мақал-мәтелдерді белгілеңіз. А. Еңбек етсең ерінбей,тояды қарның тіленбей Ә. Қанағат қарын тойғызар,Қанағатсыз жалғыз атын сойғызар Б. Әдемілік-ақылдыны сынды қылады,Ақылсызды жынды қылады В. Ақылды кісі-азбайды, Асыл бұйым тозбайды Г. Білім басы-бейнет,соңы-зейнет [1] 5.Мәтінге қатысты 3-4 сөйлеммен коментарий жасаңыз, бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жазыңыз. __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________[1] Жазылым 1. «Қазақстанның қазіргі сәулет өнері» тақырыбы бойынша қарапайым жоспар құрыңыз. а) Кіріспе бөлім:________________________________________________ ә) Негізгі бөлім:_________________________________________________ б) Қорытынды бөлім: ___________________________________________[3] 2.Өз отбасындағы аға,әпке немесе өзіңнен кіші бауырыңа мінездеме жаз. Мінездеменің стильдік ерекшелігін, құрылымын еске түсіріңіз. ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________[2] 3. «Қазақстанның ғажайып мұралары» тақырыбына абзац түрлерін жүйелі құрастырып,көтерілген мәселе бойынша келісу/келіспеу эссесін жазыңыз. Эсседе бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай қолданыңыз. ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________[5] Балл қою кестесі Тыңдалым және айтылым
Оқылым
|