Главная страница
Навигация по странице:

  • Қолдану саласы

  • Вакуумдық ажыратқыштарды сынау

  • Өлшеу құралдары

  • Сынау мен өлшеудің жүргізу тəртібі. 1.Оқшауламасының кедергісін өлшеу

  • Өнеркəсіптік жиілікті жоғары кернеуімен оқшаулауды

  • Басқару электр магниттерінің іске қосудың минималдық кернеуін

  • Ажыратқыш түйіспелерінің күйін

  • Сынау кезінде алынған деректерді өңдеу

  • Бақылау сұрақтары

  • Вакуумдық ажыратқыштарды сынау. Вакуумды ажыратыштарды сынау Жмыс масаты


    Скачать 144.29 Kb.
    НазваниеВакуумды ажыратыштарды сынау Жмыс масаты
    Дата05.02.2022
    Размер144.29 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаВакуумдық ажыратқыштарды сынау.docx
    ТипДокументы
    #352051

    Вакуумдық ажыратқыштарды сынау

    Жұмыс мақсаты:

    1. Вакуумдық ажыратқыштарды сынау жəне өлшеу тəртібін зерттеу.

    2. Вакуумдық ажыратқыштарды сынау жəне өлшеу үшін аспаптар мен құралдарды қолдануды үйрену.


    Қолдану саласы:

    Осы əдістеменің ұсынымдары барлық кернеудегі вакуумдық ажыратқыштарды сынауды жүргізуге, жетектің əртүрлі түрлерімен жеке жəне электр қондырғыларының басқа элементтерімен бірге (ЖТҚ-ның шығару элементтерінің оқшаулағыштарымен, ұяшықтардың өтпелі оқшаулағыштарымен жəне секциондау пункттерімен).

    Вакуумдық ажыратқыштарды сынау көлемі:

    1. Оқшаулау кедергісін өлшеу (К).

    1. Өнеркəсіптік жиіліктің (К) жоғары кернеуімен оқшаулауды сынау.

    2. Екінші тізбектерді жəне басқару электр магниттерін оқшаулауды сынау (К).

    3. Басқару электр магниттерінің (К) іске қосылуының минималдық кернеуін тексеру.

    7. Ажыратқыштың түйіспелерінің күйін тексеру (К, М).

    Өлшеу құралдары:

    1. Оқшаулаудың кедергісін өлшеу 2500В кернеуге мегаомметрмен жүргізіледі.

    2. Ажыратқыштардың полюстерінің тұрақты тогына кедергіні өлшеу тұрақты ток көпірлерімен (мысалы, Р333) жүргізіледі, олар 0,001 Ом дейінгі дəлдікпен өлшеуді жүргізуге мүмкіндік береді, Ф4104-М1 типті микроомметрлермен жүргізіледі.

    3. Өнеркəсіптік жиіліктің жоғары кернеуімен сынауды АИИ 70, АИД

    – 70 қондырғыларының көмегімен жүргізеді. Сынау мен өлшеудің жүргізу тəртібі. 1.Оқшауламасының кедергісін өлшеу

    Жерге жəне екі басқа жерге тұйықталған фазаларға қатысты жүргізіледі

    (сурет.87).




    1. сурет.Тарқату элементінде ажыратқыштың күштік бөлігінің оқшаулау кедергісін өлшеу.

      1. Өнеркəсіптік жиілікті жоғары кернеуімен оқшаулауды сынау

    Сынақ екі кезеңде жүргізіледі – алдымен ажыратқыштың негізгі оқшауламасыныңсынауыфаза аралық бойынша жүргізіледі(сурет.88), содан кейін ажыратқышты "үзілуге" сынауы жүргізіледі(сурет.89).



    1. сурет Тарқату элементінде ажыратқыштың күштік бөлігінің оқшаулауын өнеркəсіптік жиіліктің жоғарылатқыш кернеуімен сынау.



    1. сурет Ажыратқыштың оқшауламасын тарқату элементінде жоғары кернеуімен өнеркəсіптік жиілікте "үзілуге"сынау.




      1. Басқару электр магниттерінің іске қосудың минималдық кернеуін тексеру

    Тексеру электромагниттік жетекпен жабдықталған вакуумды ажыратқыштарда жүргізіледі (90-сурет).



    1. сурет ЭМҚ іске қосылуының минималдықкернеуін тексеру.

      1. Ажыратқыш түйіспелерінің күйін тексеру

    Тексеру микроомметр немесе тұрақты ток көпірлерінің көмегімен ажыратқыштың негізгі түйіспелерінің кедергісін өлшеуге түседі.

    Ажыратқыштардағы өлшеу орындары 91-суретте көрсетілген.

    Өлшеу тікелей вакуумдық камерада жүргізіледі-ажыратқыштың түйіспелерінің ке-дергісі өлшенеді.




    91 сурет Ажыратқыштардың негізгі түйіспелерінің кедергісін өлшеу.

    Сынау кезінде алынған деректерді өңдеу

    Жұмыс дəптерінің бастапқы жазбаларында мынадай мəліметтер болуы тиіс:

    • өлшеу күні;

    • температура, ылғалдылық жəне қысым;

    • өлшеу трансформаторларын оқшаулама температурасы;

    • трансформатордың атауы, түрі, зауыттық нөмірі;

    • сынақ объектісінің атаулы деректері;

    • сынақ нəтижелері;

    • сыртқы тексеру нəтижелері;

    • қолданылатын схема.

    Сынаулардың барлық деректері нормативтік-техникалық құжаттама- лардың талаптарымен салыстырылады жəне салыстыру негізінде электрқозғалтқышты пайдалануға жарамдылығы туралы қорытынды беріледі. 30,тарау.8,пар.11 .
    Бақылау сұрақтары:

    1. Вакуумдық ажыратқыштар не үшін қызмет етеді?

    2. Вакуумдық ажыратқыштардың жұмыс принципі туралы айтып беріңіздер.

    3. Вакуумдық ажыратқыштардың негізгі ақауларын атаңыз.

    4. Негізгі типтік ақауларды диагностикалау тəсілдері мен жою əдістерін атаңыз.


    написать администратору сайта