Главная страница

11 сабақ, Аралас сандарды қосу, азайту. Видео саба жоспары


Скачать 29.13 Kb.
НазваниеВидео саба жоспары
Дата07.11.2021
Размер29.13 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файла11 сабақ, Аралас сандарды қосу, азайту.docx
ТипДокументы
#265432

ВИДЕО САБАҚ ЖОСПАРЫ

Мұғалімнің аты-жөні:

Искакова Зарина Хисамиденовна

Пән/Сынып:

Математика, 5 сынып

Қай аптаның нешінші сабағы

11 сабак 3 апта

Тарау немесе бөлім атауы:

5.2А. Жай бөлшектерге амалдар қолдану

Сабақтың тақырыбы:

Аралас сандарды қосу. Аралас сандарды азайту

Оқу мақсаты:

5.1.2.19 натурал саннан жай бөлшекті азайтуды орындау;

5.1.2.20 аралас сандарды қосу және азайтуды орындау;


Бағалау критериі:

натурал саннан жай бөлшекті азайтады;

аралас сандардың қосындысын табады;

аралас сандарды азайтады;

Саралап оқыту тапсырмалары

Ұжымдық жұмыс

Жаңа тақырыптың түсіндірілуі


Бірлескен жұмыс (1,2,3 тапсырма)

Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету

Жеке жұмыс 1 тапсырма

Тапсырманы ұсыну, оқушылардың өз бетімен орындауы

Уақыты

Кезеңдері


Тапсырма

Тапсырманың мақсаты



Бағалау

Ресурстар




1 минут

2минут

2 минут

5 минут

4 минут

8 минут


Ұйымдастыру

Сабақтың басы

Ауызша есептеу

Негізгі бөлім

Тақырыпты ашу

Сабақтың ортасы


Амандасу. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар?

Сабағымыздың тақырыбы:

«Аралас сандарды қосу. Аралас сандарды азайту»
Өтілген материалдарды еске түсіру мақсатында «Миға шабуыл» стратегиясы арқылы байланысы арқылы шолу сұрақтары қойылады:

  • Жай бөлшек дегеніміз не?

  • Бөлшектің алымы дегеніміз не?

  • Бөлшектің бөлімі дегеніміз не?

  • Жай бөлшектерді қалай азайтамыз?

  • Жай бөлшектерді қалай қосамыз?

  • Ең кіші ортақ бөлім дегеніміз не?

  • Бұрыс бөлшек дегеніміз не?

  • Дұрыс бөлшек дегеніміз не?


. Бөлімдері бірдей аралас сандарды қосу.

№1. Мысал.



Бөлімдері бірдей аралас сандарды қосу үшін:

1) олардың бүтін бөліктерінің қосындысын, бөлшек бөліктерінің қосындысын табу керек;

2) бүтін бөліктерінің қосындысы мен бөлшек бөліктерінің қосындысын аралас сан түрінде жазу керек.
Бөлімдері бірдей аралас сандарды азайту.

№2. Мысал.



Бөлімдері бірдей аралас сандарды азайту үшін:

1) олардың бүтін бөліктерінің айырмасын, бөлшек бөліктерінің айырмасын табу керек;

2) бүтін бөліктерінің айырмасы мен бөлшек бөліктерінің айырмасының қосындысын аралас сан түрінде жазу керек.

Ескерту! Егер, азайғыш аралас санның бөлшек бөлігі, азайтқыш аралас санның бөлшек бөлігінен кіші болса, онда:

  1. Азайғыштың бүтін бөлігінен 1 бүтінді алып, оны бөлшек түрінде жазу керек.

МЫСАЛЫ: азайғыш болса, онда жазу керек.

  1. 1 бүтіннің бөлшек түріндегі жазылуына аралас санның (азайғыштың) бөлшек бөлігін қосып, оны бұрыс бөлшек түрінде жазу керек:



  1. Азайғыш аралас санды бөлшек бөлігі бұрыс бөлшек болатын аралас сан түрінде жазу керек:

. Демек, .

№3. Мысал.


Бөлімдері әртүрлі аралас сандарды қосу.

№1. Мысал.



НЕМЕСЕ:



Бөлімдері әр түрлі аралас сандарды қосу үшін:

1) аралас сандардың бөлшек бөлімдерін ең кіші ортақ бөлімге келтіру керек;

2) бөлімдері бірдей аралас сандарды қосу керек.

Бөлімдері әртүрлі аралас сандарды азайту.

Бөлімдері әр түрлі аралас сандарды азайту үшін:

1) аралас сандардың бөлшек бөлімдерін ең кіші ортақ бөлімге келтіру керек;

2) бөлімдері бірдей аралас сандарды азайту керек.

№2. Мысал.



НЕМЕСЕ:



№3. Мысал.

.
Натурал сан мен аралас санды қосу.

№1. Мысал.



Натурал сан мен аралас санды қосқанда, натурал сан оның бүтін бөлігіне қосылып, қосындыға бөлшек бөлік тіркеліп жазылады.

Натурал саннан аралас санды азайту.

Натурал саннан аралас санды азайту үшін, натурал санды аралас сан түрінде жазу керек.

№2. Мысал.



НЕМЕСЕ:



Бөлшекке аралас санды қосу.

Жай бөлшекке аралас санды қосу үшін:

  1. Оларды ортақ бөлімге келтіру керек;

  2. Бөлшек бөліктерін өзара қосып, бүтін бөлікке тіркеп жазу керек.

1 Мысал.





Аралас саннан натурал санды азайту.

2 Мысал.

Аралас саннан натурал санды азайтқанда, аралас санның бүтін бөлігінен натурал сан азайтылып, бөлшек бөлігі тіркеліп жазылады.

НЕМЕСЕ: .



тақырыпты тәжірибе арқылы меңгеру




Презентация Слайд 1


Слайд 2
Слайд 3

https://bilimland.kz/kk/subject/matematika/5-synyp/aralas-sandardy-qosu?mid=fff70620-9d59-11e9-be78-49d30a05e051
Слайд 4


А.Е.Әбілқасымова 5 сынып оқулық

Слайд 5

Слайд 6-7

Слайд 8-9

Слайд 10

Слайд 11


Слайд 13

4 минут


Жеке тапсырма

Бүгінгі оқу мақсатына қол жеткізгендігін анықтау үшін беріледі

Сабақтың соңы



Рефлексия

1.Мен сабақта...жұмыс жасадым \белсенді,

енжарлықпен

2.Мен сабақтағы жұмысыма...емеспін \ризамын

риза емеспін

3.Сабақ маған...болған сияқты \қысқа, ұзақ
4.Бүгінгі сабақ маған... болды \түсінікті, түсініксіз

Бүгінгі сабағымыздың мақсатына жету үшін бірге жұмыс атқарғандарыңызға рахмет!









Слайд 13



написать администратору сайта