11,11,20 информатика (5). Видео тсірілімні негізгі аидалары жне бейнелерді деу
Скачать 2.79 Mb.
|
Видео түсірілімнің негізгі қағидалары және бейнелерді өңдеу (сабақ тақырыбы) Жалпы түсінік Қазіргі таңда смартфоны немесе цифрлық видеокамерасы бар адамның кез келгені видео түсіре алады. Видеофильм қызықты және сапалы түсірілуі керек. Қазіргі уақытта цифрлық камералардың түрлері көп, олардың ішінде кеңінен қолданылатындары фотокамера мен видеокамера. Фотокамера- сурет түсіру үшін HD жиілігіндегі дыбыспен видео түсіретін цифрлық фотоаппарат жеткілікті. Мұндай фотоаппараттар айнасымен және айнасы жоқ болып бөлінеді. Видеокамера- бірнеше санатқа бөлуге болады: кәсіби, жартылай кәсіби және экшн-камералары. Жоғары сапалы видеотүсірілім үшін қосымша материалдар : түрлі штативтер, монопадтар, жарықтандыру шамдары, дыбысты жазатын микрофон, хромакей үшін экран тағы басқа құрылғылар қолданылады. Хромакей- кадрдағы бірнеше кескіндерді үйлесімді қиюластыру үшін пайдаланылады. Мысалы, фонды ауыстыру, объектілерді қосу және т.б. Эфектіні жасау үшін мамандар рир-экранды қолданады. Рир-экранды- жақтау бойымен созылған түрлі түті төсем, әдетте жасыл немесе көк түсті болады. Видеографтар адамның терісі мен шашын бояғанда жасыл және көк түстерді пайдаланады. Бейне түсіру қағидаларын қарастырайық: Бейнемонтаждаудың ережесі: Монтаж- шығармашылық жұмыс. Монтаждың сапалы шығуы қолданушының біліміне , білігіне және тәжірибесіне байланысты. Монтаж кезеңі монтаждық жоспар құрудан басталады, оны кейде монтаждық сценарий деп те атайды. Монтаждау кезінде жоспардан тыс жаңа идеялар келуі мүмкін, сондықтан жоспар өзгеріп, толықтырылып отырады. Бейне монтаждау ережелерін білу монтаждау барысында жіберілетін қателердің санын қысқартып, сапалы бейне монтаж алуға септігін тигізеді. Бейнені монтаждау кезінде мынадай негізгі ережелерді есте сақтау керек: 1. Сахнаны жалпы жоспардан бастау керек, ал одан кейін біртіндеп бөліктерге көшкен дұрыс. Жалпы жоспар көрерменге болып жатқан әрекеттің орны туралы бірден түсінік беріп, келесі сахналарды өзара байланыстыруға мүмкіндік береді. 2. Жалпы жоспардан жеке жоспарларға өту біртіндеп орындалуы керек, кері жағдайда көрермен шатасып қалуы мүмкін. 3. Түрлі жоспарлы өтулер бір-бірімен үйлеспейді, мысалы, бір бейнеден кейін бірден басқа бейнеге ауысу. Көрермен екі бейне арасындағы байланысты байқап үлгермей қалады. Не болып жатқанын қабылдауға үлгермей қалғандықтан, ол орын алып жатқан әрекетті емес, оның не үшін екенін аңғаруға тырысады. 4. Қозғалыстан тұратын екі бейнені монтаждауда қозғалыс бағыттарының сәйкес болғаны дұрыс. Мысалы, монтаждалатын кадрда бейне камераны бұру нәтижесін де алынған панорама бар болатын болса, онда екі кадрдағы бағыт бірдей болуы керек. 5. Монтаждалып, бір-біріне қосылатын екі бейне жарықтығы жағынан қатты айырмашылық болмауы керек. Кері жағдай да екі бейне арасына жарық тың ауысуын білдіртпей жіберетін монтаждық өтуді қолдану қажет болады. 6. Экранда болып жатқан көріністің динамикасына назар аудару керек. Ұзақ және қызықсыз эпизодтарды толығымен көрсетудің қажеті жоқ, түзетілген жеке бейне бөліктері мен шектелген дұрыс. 7. Ұзын сценарийді қысқарту мақсатында кадрдың үлкен бөлігін қиып, басымен соңын қосып қоя салуға болмайды. Бұл бейнені көрсетудің бірізділігі мен тұтастығын бұзады. Мұндай жағдайда екі арадағы үзілісті байқатпайтындай монтаждау әдісін қолдану қажет. 8. Екі жақта немесе екі түрлі уақытта түсірілген бірдей бейненің қайталанбауын қадағалау керек. 9. Монтаждау кезінде бірдей өтулер мен ауысуларды қайта қайта қолдана беруге болмайды. 10. Бір сахнадан екінші сахна айырмашылығы шамалы ғана болса, онда өтуді қолданудың қажеті жоқ. 11. Қараңғы сахнадан жарыққа, жарықтан қайтадан қараңғы сахнаға өтудің қажеті жоқ. Қараңғы сахнадан біртіндеп жарыққа шыққан жөн. 12. Әр бір сахнаның ұзақтығын дұрыс таңдау өте маңызды. Сахна көрермен көріп үлгеретіндей дәрежеде ұзақ болу керек, сонымен қатар іш пыстырарлық қызықсызда болмауы керек. Бейне монтажды жасау барысында құрылатын бейнежазбаның үзіксіз, бір бүтін б олуын қамтамасыз ету өте маңызды. Бейнені монтаждау – түрлі сценарийлерге қатысты бейнеклиптерді өңдеу барысында дыбыстар, суреттер, әсерлермен өтулер, мәтін қосу. AVS Video Editor программасы – бейнеклиптерді түрлендіруге арналған ыңғайлы редакторлардың бірі. Кең ауқымды әсерлер мен өтулер кітап ханасының бар болуы – программаның ең басты артықшылығы. Программаның медиа кітапханасында көптеген файлдар жиынтығы бар . Түрлендірілетін клиптерге бейне, сурет немесе дыбыс фильтрлерін қосуға болады. Б ейнеклиптерге дыбыс қосқанда дайын аудиоларды қолдануға, жаңа жазбаларды жазуға немесе оларды кітапханадан жүктеп алуға болады. Дайын аудио дыбыстар бейнеклиптерді жай ғана сүйемелдеу үшін қолданылса, дыбыс жазу арқылы бейнеклипке түсіндірме жазбаларын қосуға болады. Аудио дыбыстарды қосу үшін медиакітапханадағы Аудио батырмасын басамыз. Тінтуір көмегімен қажетті аудионы таңдап, Уақыт шкаласындағы аудио жолаққа орналастырамыз Д ыбысты жазу үшін батырмасын басамыз. Ашылған Дыбыс жазу терезесінен Жазбаны бастау батырмасын басу арқылы дыбысты жазуды бастай аламыз. Жазып болғаннан кейін Жазбаны тоқтату батырмасы арқылы дыбыс жазуды аяқтаймыз. Жазылған дыбыс Уақыт шкаласындағы дыбыс жолағына орналасады Д ыбысты жүктеу үшін Мәзір қатарынан Медиа файлдарды импорттау жолын таңдау командаларын орындаймыз. Ашылған терезеден қажетті аудиофайлды таңдап, Ашу батырмасын басамыз .Импортталған аудиофайлды қосу үшін оны таңдап, Уақыт шкаласындағы аудио жолаққа орналастыру жеткілікті. Бейнеклиптерге дайын суреттерді қолдануға немесе қажет суреттерді импорттауға болады. Программада бейнеклиптер арасына қосылатын өтулер түрі өте көп. Өтулер бейнеклиптердің бірінен екіншісіне жеңіл ауысуды қамтамасыз етеді. «БЛУМ» таксономиясы бойынша ойлау дағдыларын деңгейін қалыптастыру үшін тапсырма (чек парағы)
Үй тапсырмасы: Тапсырма «Видео түсірілімнің негізгі қағидалары және бейнелерді өңдеу тақырыбы бойынша» (үй тапсырмасы):2 минуттан аспайтын «Менің хоббиім» тақырыбында бейнебаян түсіру -Бейнебаянды компьютерде avidemux бағдарламасы арқылы немесе смартфонға арналған қосымша VivaVideo, Filmigo (кез-келген монтаждау қосымшасымен) бағдарламасы арқылы түсіріп жіберіңіз (бейнебаянға 3суреттен артық қолданылмасын және сыртқы, ішкі камераны қолданыңыз ). Жоспары: Бейнемен жұмыс істеуге арналған программалар Windows Movie Maker программасымен видео жасу Жалпы түсінік Бейнемен жұмыс істеуге арналған программалар күрделі программалар қатарына жатады. Бұл программаларды орнату мен жұмыс істеу, қызмет түрлерін ажырату, бейнефайлдарды дұрыс және сапалы монтаждау оңай емес. Ал ең күрделісі – көптеген бейнемен жұмыс істеуге арналған программалар іші- нен олардың қызметтік сапасын ескере отырып, ең тиімдісін таңдап алу. Ол үшін программалардың қасиеттері мен сипатта- маларын білу қажет. Бейнемен жұмыс істеуге программаларды таңдау кезінде ең басты ескеретін жағдай – дербес компьютердің жүйелік талап- тарына сәйкес келетінін таңдау, сондықтан бұл жағдай жеке- дара қарастырылады. Windows Movie Maker программасы (1-сурет). Windows операциялық жүйесінің 7-нұсқасына дейін қолжетімді және қолдануда өте қарапайым утилита және ол Microsoft-тың стан- дартты пакеттер құрамына кіреді. Қазіргі кезде бұл програм- ма Windows Live киностудиясы деп аталады және бөлек жүк- теліп, орнатылады. Қолданудың қарапайымдылығы пен түсі- ніктілігі – киностудияның басты артықшылығы. Программада бейнефайлдардың үзінділерін қиып, бір-біріне қосу, қосымша дыбыс, тақырып, мәтін, анимациялық элементтер қосу мүм- кіндігі бар. Программаның кемшіліктеріне арнайы әсерлердің (өлшемін өзгерту мен мәтін қосудан басқа) жоқтығы мен фор- маттау құралдарының аздығы жатады. ВидеоМОНТАЖ программасы (2-сурет). Қолданушыларға осы программаның жұмыс істеу қарапайымдылығы мен ыңғай- лылығы, көпқызметтілігі ұнайды. Программа интерфейсі бел- гілі бір батырмаға меңзерді жақындатқанда, сол батырманың қызметі туралы түсініктемелер беріп отырады. ВидеоМОНТАЖ программасында жеке бейнефайлдарды қосудан басқа, бейне сапасын жақсартуға, дыбыс жолын қосуға немесе өзгертуге, ұсынылған 30 форматтың бірінде сақтауға болады. Бұл редактор көмегімен ауысулары бар, субтитрлер қосылған бейнелерді жасауға болады. Pinnacle VideoSpin программасы (3-сурет). Windows 7, 8 ОЖ қолданушылары үшін өте жақсы нұсқа. Бұл программа да қол- дануда қарапайым және қолжетімді, ұсынатын қызмет түрлері де көп. Pinnacle VideoSpin программасында көптеген анима- циялық, дыбыстық және визуалды арнайы әсерлер бар. Оның көмегімен түрлі файлдарды импорттап, түрлі сандық құрыл- ғылардан үзінділер қосуға, бейнежазбаны құру барысында қарауға, редактордан бірден дайын бейнені серверге жүктеуге болады. Программаның басты кемшілігі – дыбысты редакция- лаудың мүмкіндігі шектеулі екендігінде. Avidemux программасы (4-сурет). Интерфейсі қарапайым және түсінікті. Құрал-саймандарымен танысқаннан кейін түрлі бейнежазбалар құруға кірісе беруге болады. Кроссплатформалы бейнередактор жылдам әрекет етуімен, фильтр жинағымен, визуалды және акустикалық арнайы әсерлерімен ерекшеле- неді. Сонымен қатар көптеген форматтарда жұмыс істейді, бұл жақсы кеңейтілімдегі жоғары сапалы бейнежазба құруға мүм- кіндік береді. Avidemux программасының тағы бір артықшы- лығы – қолданушы көрсеткен кез келген мобильді құрылғымен жұмыс істей алуында. VideoPad Video Editor программасы (5-сурет). Бұл про- грамма кәсіби деңгейде бейнежазба өңдеуге арналған. Интер- фейсі қарапайым, қолжетімді, бірақ жылжыту батырмаларын қолдану ыңғайсыз. Ең басты артықшылығы – дыбыстық және бейнефайлдарды, тіпті мобильді құрылғының камерасымен түсірілген бейнежазбаларды да өңдеу құралдарының көпті- гінде. Кең таралған кез келген форматқа бейнежазбаны түрлен- діруге болады, бұл сапалы және кәсіби бейнежазбаны жасауға мүмкіндік береді. CyberLink PowerDirector программасы (6-сурет). Бейнежаз- ба өңдеу арасында танымал программалардың бірі. Жоғары тех- нология қолданылған көпқызметті программада құрал-сайман- дардың көп түрі бар. Программамен жұмыс істеу қарапайым әрі жеңіл. Интерфейсі ағылшын тілінде болғанымен, түсінік- темелері арқылы басқару қиындық тудырмайды. Негізгі ерек- шелігі – ақпаратты өңдеу жылдамдығында. Утилитаның жүй- елік талаптары орташа деңгейде. CyberLink программасында тәжірибесі аз қолданушы да сапалы кәсіби бейнежазбалар құра алады. Corel VideoStudio Pro программасы (7-сурет). Орта дең- гейдегі бейнередакторлар қатарына жатады. Басты ерекше- лігі – бейнефайлдардың Интерфейсі түсінікті және қолдануға жеңіл. Программа кәсіби бейнежазбалар құруда ұсынатын қыз- мет түрлері мен арнайы әсерінің, фильтрінің арқасында үлкен артықшылыққа ие. Программа сипаттамасы және ерекшелік- терімен жақсы таныс қолданушылар өздерінің бейнежазбасын құрып немесе өзгелердің бейнежазбасын түрлендіре алады. Ар- найы әсерлерді бейненің жеке бөліктеріне қосу мүмкіндігі қа- растырылған. Өңделген және түрлендірілген бейнежазбалар- ды сақтау оңай және басқа да ресурстарға жазуға, жариялауға болады. AVS Video Editor программасы (8-сурет). Кәсіби қолдану- шылар пайдаланатын әмбебап редактор. Себебі мұнда кез кел- ген бейнежазбаны шығармашылық туындыға айналдыратын жүздеген құрал-саймандар, фильтрлер, ауысулар мен әсерлер бар. Бұл программа бейнені өңдеуге, кітапханада келтірілген 200 арнайы әсер мен дыбыс жолын қолдануға мүмкіндік бере- ді. Программа кез келген форматпен жұмыс істейді әрі оның түрлі портативті құрылғыдан жүктелген бейнелерді өңдейтін қызметтері бар. Ал ең басты артықшылығы – программаны тегін жүктеп, орнатуға болатындығында. Movavi Video Editor программасы (9-сурет). Ыңғайлылығы мен кең ауқымды мүмкіндіктерімен ерекшеленетін утилита. Пайдалану ыңғайлы болғандықтан, қолданушылар арасында сұранысқа ие. Movavi программасы өте қарапайым және жеке фрагменттерді жылдам өңдейді, сәтсіз кадрларды қиып тастап, оларды басқаларымен жеңіл алмастырады, ілеспе жазбаларын құрып, жоғары сапалы бейнежазбалар алуға мүмкіндік береді. Программада арнайы әсерлер кітапханасы мен бейнені Интер- нетке жүктеу қызметі бар. Movavi программасының ең басты артықшылығы – жүйелік талаптарының төмендігінде. Кемші- лігі – сәтсіз дизайн мен бейнередактордың ақылы болуы. «БЛУМ» таксономиясы бойынша ойлау дағдыларын деңгейін қалыптастыру үшін тапсырма (чек парағы) Бейнежазбаларды өңдеуге арналған программалардың қасиеттері мен сипаттамаларын білу қаншалықты маңызды? Неліктен бейнемен жұмыс істеуге программаларды таңдау жеке-дара қарастырылатын жағдай? Бейнемен жұмыс істеуге арналған барлық программалардың артықшылықтары мен кемшіліктерін талдаңдар.
Бейнемен жұмыс істеуге арналған барлық программа- лардың сипаттамасы бойынша көрсетілген қызмет түрлері бар болса «+» белгісін, жоқ болса «–» белгісін қойыңдар. Мұндағы: Windows Movie Maker ВидеоМОНТАЖ Pinnacle VideoSpin Avidemux VideoPad Video Editor CyberLink Power Director Corel Video Studio Pro AVS Video Editor Movavi Video Editor
|