Виртуалды машина. Виртуалды машина
Скачать 22.11 Kb.
|
Виртуалды машина Кейде белгілі бір программаның қаншалықты дұрыс жұмыс істейтіндігін тексеру үшін, компьютерге бірнеше операциялық жүйені орнату қажет болады. Программаның барлығы бірдей кроссплатформалы бола бермейді. Компьютерде бір уақытта бірнеше операциялық жүйенің жұмыс істеуі виртуалды машиналардың арқасында ғана жүзеге асады. Виртуалды машина – арнайы программалық жасақтама көмегімен жасалған жасанды компьютер. Қарапайым тілмен айтқанда, бұл – компьютер ішіндегі компьютер және ол негізгі компьютер ресурстарын пайдаланады (жедел жады, процессор және қатқыл диск). Виртуалды машинаны компьютерге орнату барысында жасанды түрде виртуалды компьютер құрылады. Әрбір виртуалды машинаның процессор, жад, қатқыл дискілер, желілік интерфейстер сияқты жеке виртуалды жабдығы болады. Виртуалды жабдық шын компьютердегі нақты жабдықпен салыстырылады. Операциялық жүйе оны нақты, яғни шынайы деп санайды. Виртуалды машинаның ерекшелігі – ол жүйенің қалған бөлігінен оқшау тұрады, яғни оның ішіндегі программа компьютердің өзіне әсер ете алмайды. Бір компьютерде бір уақытта бірнеше виртуалды машина жұмыс істей алады. Дәл саны аппараттық ресурстарға байланысты: процессор неғұрлым күшті, жедел жады көбірек, жинақтағыш кең болса, машина саны соғұрлым көп болады. Виртуалды машиналардың қосымша-эмуляторлары оларға әртүрлі операциялық жүйе (ОЖ) орнатуға әрі іске қосуға мүмкіндік береді. Виртуалды машина төмендегі мақсаттар мен міндеттерді орындау үшін қолданылады: Екінші/басқа операциялық жүйе орнату; Программалық жасақтаманы тестілеу; Күдікті программаларды қауіпсіз іске қосу; Компьютерлік желінің эмуляциясы (бәсекелестік); Негізгі компьютер операциялық жүйесінен іске қосуға болмайтын қосымшаларды іске қосу; Вирустардан қосымша қорғану. Виртуалды машина 2 түрге бөлінеді: Үдерістік виртуалды машина – жеке үдерісті қолдау мақсатында бағытталып, оны орындауға арналған. Үдерістік виртуалды машина іске қосылған кезде құрылып, жұмысы аяқталғаннан кейін өшіріледі: Java Virtual Machine, NET Framework. Жүйелік виртуалды машина – толық қызметті, тұрақты әрекет ететін жүйелік орта, ол операциялық жүйені ауқымды қолданушылық үдерістер санымен қолдау үшін қызмет етеді: Virtualbox, Vmware, Microsoft Virtual PC. Виртуалды операциялық жүйе – виртуалды машинаға орнатылған операциялық жүйе. Виртуалды операциялық жүйелер «қонақтық» деп, ал нағыз серверде орнатылған операциялық жүйе «хостық» (басты) деп аталады. Виртуалды машиналар программалар арқылы іске қосылады, қонақтық ОЖ мен программаларға гипервизор, виртуалды құрылғылар арқылы сервердің ақпараттық ресурстарға кіруіне мүмкіндік береді. Гипервизор – виртуалдау платформасы. Ол бір компьютерде бірнеше операциялық жүйені іске қосады. Гипервизор әрбір виртуалды машинаға оқшауланған ортаны ұсынады. Ол қонақтық ОЖ-ға компьютердің аппараттық қамтамасыз етуге кіруіне мүмкіндік береді. Виртуалды машинаның артықшылықтары: Кез-келген ОЖ-ні қатты дискіні бұзбай немесе шатастырмай орнатуға болады; Әр түрлі қосымшаларды олардың өнімділігін әр түрлі ОЖ-де салыстыру арқылы тексеруге болады; Виртуалды машинада жасайтын қабықшада файлдарды жұқтыру үшін тексеруге болады; Әр түрлі операциялық жүйелерде желілерді құруға және басқаруға болады; Амалдық жүйеге қол жетімді емес бағдарламаларды іске қосуға болады. Виртуалды машинаның кемшіліктері: Жүйелік ресурстар үлкен көлемді алады, яғни қатты диск, процессор және әсіресе жедел жады; Гипервизорлар негізгі ОЖ сияқты тиімді емес; Жүктеу процесі ұзақ уақытты алады. Виртуалды машина түрлері. Виртуалды компьютерлерді құруға және басқаруға арналған көптеген әртүрлі бағдарламалар бар. Мен сендерге балалар, ең танымал үш бағдарлама туралы айта кетейін. VirtualBox VirtualBox – ең танымал операциялық жүйелерді орнатуға болатын тегін виртуалды машина. VirtualBox операциялық жүйелердің 32 және 64 биттік нұсқаларын қолдайды. VirtualBox-ты орнату және онымен үйде де жұмыс жасау өте ыңғайлы және қарапайым. Программа өнімді және тұрақты. Ол кеңфункционалды, меншікті интерфейсі бар және ақысыз орнатылады.
Vmware VMware – ең танымал және кең таралған виртуалды машина. VMware, әдетте, ірі алаңдар немесе корпорациялар үшін қолданылады. Виртуалды VMware машинасы екі түрде ұсынылады: Workstation және Player. VMware Workstation – қуатты машина,бірақ ақылы. VMware Player – VMware Workstation-ның ақысыз қысқартылған нұсқасы. VMware Workstation 32 және 64 биттік жүйелермен, USB 3.0, түрлі операциялық жүйелерді көтере алады. VMware Workstation– ірі компаниялар қолданатын ең жақсы виртуалды машина, бірақ оның бағасы жоғары болғандықтан, жеке қолданушылар арасында танымалдылығы төмен.
Microsoft Hyper -V Microsoft Hyper-V (кодталған Viridian) - гипервизорға негізделген x64 жүйелеріне арналған аппараттық виртуалдандыру жүйесі. Hyper-V бет-нұсқасы Windows Server 2008-дің x64 нұсқасына енгізілді, ал дайын нұсқасы 2008 жылы 26 маусымда шығарылды. Бұрын Windows Server виртуализациясы деп аталған.
|