Главная страница

мкб 55. Вирустарды абылдаушы жасушамен рекеттесуі


Скачать 16.06 Kb.
НазваниеВирустарды абылдаушы жасушамен рекеттесуі
Дата26.12.2021
Размер16.06 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файламкб 55.docx
ТипДокументы
#318336

Вирустардың қабылдаушы жасушамен әрекеттесуі

Адсорбция (жасушаға жабысу). Адсорбция – ол жасушаның вирионмен инфицирленуінің бірінші сатысы, яғни бұл кезде вирион жасушалық беткейлерге жабысады, әрбір вирус жасушаларының бәріне емес, кейбіреулеріне ғана адсорбциялану қабілеттілігі болатыны белгілі. Ол кейбір вирустардың ақуызында «вирустық рецепторлар»деп аталатын тиісті аминқышқылдық реттіліктердің болуымен байланысты. Вирустық рецепторлар «тіркеуші» деп аталатын ақуыздардың құрамында болады, жасушалық рецепторларды танып алу және олармен өзара әрекеттесу қызметін атқарады. Әдетте, бұл функция көбінесе гликопротеин болып табылатын капсидтің беткейлік ақуыздарының қатысуымен орындалады. Осындай беткейлік ақуыздар вирионның сыртқы жағында ерекше құрылымдарды қалыптастыра алады: аденовирустарда – фибриллалар, пара- және ортомиксовирустарда – гемагглютинин тікенекшелері,тоговирустарда – икосаэдр типтес торшалар және т.б. Вирустар тиімді адсорбциялану үшін жасушалар беткейіндегі тиісті құрылымдармен, яғни жасушалық рецепторлармен спецификалық реакцияға түсуі керек. Жасушалық рецепторлар- жасушаларға вирус молекуласын таныстыру және оның ішіне тасымалдау мақсатында өзара әрекеттесуге қатысатын табиғи ақуыздық молекулалар. Жасуша беткейлері бірқатар иондар мен макромолекулаларды тасымалдауға қажетті көптеген рецепторлармен жабылған. Олардың саны бір жасушаға шаққанда 104-ден 105-ге дейін болады. Вирустар оларды өзінің мақсатында пайдалануға бейімделген, жасуша беткейлерінде әрбір вирустың өзіне сәйкес рецепторлары болады

Сонымен, жасуша беткейлерінде тиісті рецепторлардың болуы, нақты вирус үшін инфекциялық процесс қоздыру немесе қоздырмау мүмкіндігін анықтайтын маңызды фактордың бірі болып табылады. Вирионның жасушалық рецепторлармен өзара әрекеттесуі вирионның жасуша беткейіне жабысуы үшін ғана емес, вирионның эндоцитоздық жолмен жасушаға енуі үшін цитоплазмаға тиісті сигналдар беруге де қажетті процесс болып табылады. Вирустың жасуша рецепторларымен өзара әсерлесуі кез келген жағдайда өзгерістер туғызбайды. «Нағыз» рецепторлармен қатар қарапайым тіркеуші факторлар да болады. Мысалы, альфа-ұшық вирусы үшін гепарансульфат тіркеуші фактор болып табылады, ал жасуша мембранасымен бірігуі вирустық гликопротеидтің интегрин сияқты рецепторлармен өзара әсерлесуінен кейін ғана жүреді. Осындай көрініс адам иммунды тапшылық вирусының (АИВ) адсорбциялануы кезінде де байқалады. Беткейлік вирустық ақуыздар жасушалық рецептор-локтинмен (С-типті), адгезиялық молекулалармен (ICAM-3) жанасады. Бірақ мұндай өзара әрекеттесу вирустық гликопротеидтің конформациялық өзгеруіне әкелмейді, яғни осындай жасушалық рецепторлар «классикалық» біріктіруші (тіркеуші) факторлар болып табылады. Жасуша рецепторларының тиісті CD4-доменімен (G-домен) өзара әсерлесуі ғана вирустық гликопротеидтің конформациялық өзгерулеріне әкеледі және вирустың әрі қарай табысты репродукциялануы үшін вирустық ақуыздардың корецепторларымен өзара әрекеттесуіне мүмкіндік туғызады. Жоғарыда келтірілгендей, вирионның «шынайы» жасушалық рецепторлармен өзара әрекеттесуі жасушада тиісті трансдукциялық сигналдың пайда болуына әсер етеді. Нәтижесінде, вириондар жасушаға енуге (инвазиялануға) дайындалады: протеинкиназалар белсендіріле бастайды, жасуша беткейінің динамикасы өзгереді, мембраналардың өткізгіштігі және оның ақуызды-липидті қабатының жылжымалылығы (подвижность) күшейеді. Соңғы жылдардағы мәліметтер бойынша, жасушалық жүйенің өзіне тән трансдукциялық сигналына қарағанда вирус жағынан берілетін трансдукциялық сигналдардың артықшылығы бар екені анықталды. Сонымен, адсорбциялық процесс жасушаны да, вирусты да репродукцияланудың келесі сатыларына дайындайды.


написать администратору сайта