Вирусты гепатит А (ВГА, HAV) Picornaviridae тұқымдастығына, Hepatovirus туыстастығына (ертеректе бұл вирус Enterovirus туыстастығының 72 - серотипі болып саналған) жатады.
Гепатит А (инфекциялық гепатит, эпидемиологиялық гепатит, Боткин ауруы, катаральді сары ауру) - фекальді-оральді механизмі арқылы берілетін, антропонозды, жедел инфекциялық ауру. Бауырдың зақымдалуымен, клиникалық гепатомегалия, жалпы улану мен сарғаю көріністерімен сипатталатын ауру.
| Гепатит В (сарысулық, парентералді, трансфузиядан кейінгі гепатит) – негізінен бауырды зақымдайтын антропонозды инфекциялық ауру, ол түрлі клиникалық формада өтеді – вирус тасымалдаушыдан, жедел және созылмалы гепатиттен бауыр циррозы және бауырдың біріншілік қатерлі ісігіне дейін.
| С гепатит вирусы – негізінен бауырды зақымдайтын, парэнтеральды, сирек жағдайда жыныстық қатынас арқылы берілетін антропонозды вирусты инфекция. Ауру симптомсыз, жеңіл немесе жиі созылмалы түрге ауысып, адам өміріне қауіп тудыратын аурулар – цирроз немесе бауырдың бастапқы қатерлі ісігі дамуына әкеліп соғып, ауыр ағыммен өтуі мүмкін. С гепатитінің вирусы (HCV, HCV) Flaviviridae тұқымдасына, Hepacivirus туыстастығына кіреді.
| D (HDV) гепатит вирусы парентеральды вирусты гепатиттердің қоздырғыштарының бірі (гепатит D, немесе дельта). Тұқымдастығы - Togaviridae, Туыстастығы: Deltavirus
|