Главная страница
Навигация по странице:

  • Пән атауы

  • Оқу процесінде білім алушылар игеретін кәсіби дағдылардың тізімі

  • Сабақ барысы


  • Ресурстар презентация Рефлексия

  • Үй тапсырмасы Бақылау сұрақтары

  • Бағалау критерийлері

  • Тиристорлар.. Высший многопрофильный колледж гражданской защиты


    Скачать 64.3 Kb.
    НазваниеВысший многопрофильный колледж гражданской защиты
    Дата06.04.2021
    Размер64.3 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаТиристорлар..docx
    ТипДокументы
    #191946

    Сабақ жоспары


    АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ

    ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ


    Пән атауы: Электртехника және электроника

    Дайындаған педагог: Рахметулла Ж.М.

    Курс/топтар: 2,ТЖ –21А,Б


    Сабақ түрі: жаңа сабақ


    Сабақ тақырыбы

    Тиристорлар.Индикаторлық аспаптар.Фотоэлектрлік және оптоэлектронды аспаптар

    Мақсаты:


    • Тиристорлардың құрылымы мен жұмыс істеу принципі туралы толық мағлұмат беру

    • Тиристордың вольт-амперлік сипаттамасын анықтау

    • Фотоэлектрлік және оптоэлектронды аспаптардың сипаттамалары мен түрлерімен танысу

    Оқу процесінде білім алушылар игеретін кәсіби дағдылардың тізімі:


    • Тиристорлардың жұмыс істеу принципі және түрлеріне талдау жүргізе алады

    • Тиристордың вольт-амперлік сипаттамасын түсіндіре алады

    • Фотоэлектрлік және оптоэлектронды аспаптардың жұмыс істеу принципі мен қолдану аясын анықтай алады

    Сабақ барысы

    Сабақтың жоспарланған кезеңдері



    Тиристор – төртқабатты, үш p – n өткелі бар жартылай өткізгіш аспап. Тиристордың екі жағдайы бар: ашық және жабық.

    Тиристорды жабық жағдайдан ашық жағдайға келтіру үшін аспапқа сыртқы әсер арқылы жүзеге асырылады.

    Тиристордың үш электроды бар: А-анод, К-катод, БЭ-басқару электроды. Тиристордың шартты белгісі 1.18 суретте көрсетілген. Тиристорды өңдеу үшін кремний қолданады.

    .

                            

    1.18 сурет – Тиристордың шартты белгісі                                              

    1.19 сурет – Триодты тиристордың құрылымы

    Тиристорды қоректендіру кернеу суреттегі сияқты берілген кезде θ1 және θ3 өткелдер ашық, ал θ2 өткел жабық. Кернеу Uтік θ жабық өткелге салынады. Оның кедергісі үлкен болғандықтан ток (1.20 сурет). Uтік кернеуді үлкейткен кезде (қоректендіру  көздің Еа ЭҚК-ін үлкейту арқылы) тиристордың тоғы  шамалы өседі. Uтік кернеу Uқосқосу кернеуге тең болғанда заряд тасушылардың саны тасқынды өседі. Бұған себеп θ2өткелде жылжып бара жатқан электрондармен және кемтіктермен заряд тасушылардың өсуі.  n2 қабаттан электрондар, р1 қабаттан кемтіктер р2және n1 қабаттарға ұмтылып, оларды негізгі емес заряд тасушылармен қанықтырады. R кедергідегі кернеу өседі, тиристрдағы кернеу азаяды. Тесілуден кейін тиристордағы кернеу 0,5-1 В дейін төмендейді. Мұндай тесілу θ2өткелді бұзбайды, ток азайған кезде өткелдің жоғары кедергісі орнына қайтады.



    1.20 сурет – Тиристордың вольт-амперлі сипаттамасы            

                            

    1.21 сурет – Басқарылатын VS тиристоры бар бір жартыпериодты түзеткіштің сұлбасы (а); қоректену кернеуі u1 (б); басқару серпіндер (в); түзетілген кернеу (г) және ток (д)

    Басқару серпіндердің iбфазасын  өзгертіп, тиристордың ашылу уақытын өзгертеді, ал сонымен бірге түзетілген кернеуді және токты өзгертеді. Серпін iб   басқару жүйеден келіп түседі.

    Бір жартыпериодты түзету кезде,   фазаны нөлден  -ге дейін өзгерткен кезде түзетілген кернеу uR = Ri Uтік /  -ден нөлге дейін өзгереді.

    Тиристорлар арқылы түзетілген кернеуді өзгертумен бірге, тұрақты токты айнымалы токқа түрлендіруге болады. Теріс бағытта тиристордың тесілуі болмас үшін теріс кернеу Uтер.max аз болу керек.

    Тиристорлар 2000 А токқа және қосу кернеулері Uқос.=4000В дейін шығарылады. Басқарылатын түзеткіш ретінде тиристорлар кең қолданылады.

    Оптикалық сәулелену энергиясын электр энергиясына айналдыратын құрылғыларды фотоэлектрлі құрылғы деп атайды.

    Фотоэлектрлі аспаптардың жұмыс істеу принципі ішкі және сыртқы фотоэффектке негізделген.

    Ішкі фотоэффект – кристалдарға немесе жартылай өткізгіштерге жарық сәулелері түскенде жарық жұтылады да, олардың құрамындағы кейбір электрондар тобы зоналардан өткізгіштік зоналарға ауысып қозғалады. Осының нәтижесінде жартылай өткізгіш электрлік кедергісі кемиді де, электр өткізгіштігі артады.

    ФОТОДИОД. Кері тогы р-n өтпесінің жарықталынуына байланысты өзгеріп отыратын жартылай өткізгішті диод фотодиод деп аталады.

    Электр сигналдарын оптикалық сигналдарына түрлендіріп және оның энергиясын индикатор немесе фотоэлектрлік түрлендіргішке беретін (ұзататын) аспаптарды оптоэлектрондық аспаптар деп атайды

    Электр құрылғыларда оптрондар оптикалық сәуле қабылдағыш пен сәулелендіргішті қосып тұрушы байланыс элементі ретінде қолданады.
    Сәулелендіргіш ретінде жарық диодын қолданады, ал қабылдағыштар ретінде - фотокедергі, фотодиод, фототранзистор, фототиристор болуы мүмкін. Қолданған фотоқабылдағыштың түріне байланысты оптрондар фотокедергілі, фотодиодты, фототранзисторлы, фототиристорлы болады.

    Ресурстар

    презентация






    Рефлексия:

    Мен не білдім?

    Мен үшін бұл жаңалық болды

    Бұл менің білгендеріме қарама қарсы болды

    Бұл туралы көбірек білгім келеді














    Үй тапсырмасы

    Бақылау сұрақтары:

    1. Тиристорлар қалай жіктелінеді?

    2.Тиристордың негізгі параметрлері қалай анықталынады?

    3.Тиристордың жұмыс істеу принципін түсіндіріңіз.

    4. Тиристорлардың вольт-амперлік сипаттамаларын көрсетіңіз.

    5. Тиристорларды сөндіру фазаларын көрсетіңіз.

    6. Фотоэлектрондық құрылғыларға не жатады?

    7.Жарық диодтары қайда қолданылады?

    8.Оптоэлектрондық аспаптарды атаңыз.

    9. Фотодиодтың жұмыс принципі.

    10. Жарық диодтың жұмыс принципі.

    Бағалау критерийлері

    Барлық тапсырмалар саны -10

    Тапсырмалар

    Баға

    1-4 дұрыс жауап

    3

    5-8 дұрыс жауап

    4

    9-10 дұрыс жауап

    5







    написать администратору сайта