Главная страница
Навигация по странице:

  • Адсорбциялық азеотропия деген не

  • Молекулалық адсорбцияға қандай факторлар қалай әсер етеді

  • Ерітіндінің қатты денедегі адсорбциясының қандай қиындықтары болады

  • Вопросы прак 10. Вопросы Иондарды алмасу адсорбциясыны ерекшеліктері андай болады


    Скачать 14.24 Kb.
    НазваниеВопросы Иондарды алмасу адсорбциясыны ерекшеліктері андай болады
    Дата27.04.2022
    Размер14.24 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаВопросы прак 10.docx
    ТипДокументы
    #501738

    Вопросы

    Иондардың алмасу адсорбциясының ерекшеліктері қандай болады?

    Біріншіден: алмасу адсорбциясының арнаулы бағыты болады, яғни белгілі бір иондар ғана алмаса алады

    Екіншіден: алмасу адсорбциясы барлық жағдайда қайтымды болмайды.

    Үшіншіден: алмасу адсорбциясы молекулалық адсорбциядан баяу жүреді.

    Адсорбциялық азеотропия деген не?

    Изотерманың (3) абсцисса осімен қиылысу нүктесінде көлем мен беттегі ерітіндінің концентрациясы бірдей, бұндай жағдайда қарастырып отырған адсорбентіміз қоспаларды бөле алмайды. Бұл құбылысты адсорбциялық азеотропия деп атайды

    Молекулалық адсорбцияға қандай факторлар қалай әсер етеді?

    Адсорбциялық процестердің тиімділігіне адсорбенттің химиялық табиғаты мен кеуекті құрылымы, оның бетіндегі функционалды топтардың құрамы мен концентрациясы, адсорбаттың химиялық табиғаты, статикалық және динамикалық режимдерде жүруі мүмкін "адсорбент-адсорбат" жүйесіндегі өзара әрекеттесуді ұйымдастыру шарттары әсер етеді.

    Ерітіндінің қатты денедегі адсорбциясының қандай қиындықтары болады

    Олар біріншіден: қатты дене де еріген заттың ғана адсорбциясы емес оған қоса еріткіштің адсорбциясы қосарлана жүруінен, яғни бәсекелік адсорбция болады. Екіншіден адсорбцияның молекулалары мен еріткіштің молекулалары арасындағы әрекеттесудің болуынан. Ал егер еріткіштегі еріген зат электролит болатын болса, онда адсорбция иондық болады


    написать администратору сайта