Главная страница

Web-беттер және сайттар, визуалды редактордың негізгі мүмкіндікт. Webбеттер жне сайттар, визуалды редакторды негізгі ммкіндіктері жне сырты трі


Скачать 15.29 Kb.
НазваниеWebбеттер жне сайттар, визуалды редакторды негізгі ммкіндіктері жне сырты трі
Дата14.05.2021
Размер15.29 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаWeb-беттер және сайттар, визуалды редактордың негізгі мүмкіндікт.docx
ТипДокументы
#204861

Web-беттер және сайттар, визуалды редактордың негізгі мүмкіндіктері және сыртқы түрі
Компьютер немесе басқа да электронды құрылғыларда оқылатын мәтіндер гипермәтін деп аталады. Гипермәтін терминін алғаш рет америкалық әлеуметтанушы, философ Тед Нельсон 1963 жылы айналымға енгізді. HTML тілінің бастапқы мәтінді белгілейтін бұйрықтары тег деп аталады. Тег символдар тізбегінен тұрады. Барлық тег «кіші» (<) символдарына басталады да, «үлкен» (>) символымен аяқталады. Осындай қос символ тізбегі бұрыштық жақшалар деп аталады. Web-сайт дегеніміз – дизайндары қайталанған web-парақтардың навигациялық, физикалық және мағыналық жағынан дабір серверде біріккен жиынтығы. Web-парақ 2 логикалық бөлікке бөлінеді: тақырыбы және мазмұны. Web-парақтың HEAD> контейнерінде бектіледі.Беттің атауы контейнерінде орналасады және браузердің жоғары бөлігінде бейнеленеді. Ал беттің мазмұны BODY > контейнерінде жазылады. HTML тілінде web-парақ немесе сайт құру үшін кәдімгі блокнот қосымшасын қолдануға болады. Кодты блокнотқа жазамыз да, сақталу орнын көрсетіп, Файл→Сақтау Файл атау дегенге name*.html, ал файл типтері дегенге Барлық файлдар таңдаймыз да, Сақтау батырмасын басамыз. Сосын броузермен ашып, жұмыс нәтижесін қараймыз.

Web-парақ немесе web-сайтты тек HTML тілінің арнайы редакторы визуалды редакторлар арқылы да құруға болады. Share point Designer web-редактор ретінде мына жағдайларда қолданылады:

  • Қарапайым HTML беттерін құру үшін;

  • Белсенді серверлік ASPX-беттерін жауа үшін;

  • Share point қызметі негізінде web-қосымшаларын жасау үшін;

  • web-сайтты басқару үшін.

Программаны іске қосу үшін Пуск→Барлық программалар→Microsoft Office→ Microsoft Office Share point Designer әрекетін орындаймыз. Office Share point Designer интерфейсі өте қарапайым және түсінікті.

1.Конструктор режимін таңдаймыз

2.Пернетақтадан қандай да бір мәтінді енгіземіз.

3.Құрал-саймандар панелінен 2 тақырыпша стилін таңдаймыз.

4. Web-парақтың код терезесіне мән беретін болсақ енгізілген мәтін <һ2> тегімен таңбаланған.

Элементтер қосу

Share point Designer-де элементтердің үш типі қарастылыған:

  • кәдімгі HTML тегтері;

  • ASP.NET басқаруының серверлік элементтері;

  • Share point Designer қызметі басқаруының серверлік элементтері

Бетті алдын-ала қарау және сақтау. Құрал-саймандар панеліндегі Сақтау батырмасы арқылы web-парақты тез сақтауға болады.


написать администратору сайта