Главная страница

While, do…while, for цикл операторлары. While, dowhile, for цикл операторлары


Скачать 43.71 Kb.
НазваниеWhile, dowhile, for цикл операторлары
Дата13.02.2023
Размер43.71 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаWhile, do…while, for цикл операторлары.docx
ТипДокументы
#935630

While, do…while, for цикл операторлары

      1. Циклдік құрылымды алгоритм

      2. Циклдік алгоритмнің түрлері

Цикл дегеніміз алгоритмнің бір немесе бірнеше қадамдарының берілгендердің әр түрлі мәндері үшін қайталанып отыратын бөлігі.

Циклге күнделікті өмірден мысалдар келтірейік.

Кейбір жағдайларда нәтижеге жету барысында белгілі бір әрекет бірнеше рет қайталануы мүмкін. Шегені қағу үшін балғамен бірнеше рет ұру керек. Бір сынып бөлмесінен келесі сынып бөлмесіне бару үшін бірнеше қадам жасау керек.

Циклдің үш түрі бар: параметрлі (арифметикалық) цикл, шарты алдын-ала берілген цикл, шарты соңынан берілген цикл.

Ең бірінші параметрлі циклге тоқталайық. Егер орындалатын әрекеттің қайталану саны белгілі болса, онда параметрлі цикл қолданылады. Мысалы, дене шынықтыру сабағында мұғалім сендерге стадионды айнала үш айналым жасап жүгіруді тапсырды делік. Бұл тапсырманы орындау үшін сендер бір айналымды үш рет қайталауларың керек. Басқа мысал: математикадан үйге берілген тапсырмада бес есеп шығару керек болсын. Яғни, мұнда «есепті шығару» әрекетін бес рет орындау керек. Параметрлі циклге мысал келтірейік:

2 3, 2 4, 2 5, 2 6, 2 7

y=2x



Бірақ көпшілік жағдайда негізгі әрекетті орындау үшін, орындалатын әрекеттің қайталану саны белгілі бола бермейді. Мысалы: «Өлең жаттау» керек. Бұл жағдайда өлеңді жаттау үшін бір рет оқып есте сақтауға да болады. Ал қарсы жағдайда өлеңді екі рет және үш, төрт рет оқып жаттауға болады, бұл жағдайда сендерге өлеңді жаттау үшін неше рет оқу керек екені алдын ала белгісіз.

Циклдің бұл түріне қайталау саны белгісіз, бірақ әрекет орындалу үшін алдын ала берілген қандай да бір шарт тексеріліп барып, орындалатын әрекеттер жиыны жатады. Мысалы, сіз сорпа ішуге дайындалдыңыз. Тарелкадағы сорпаны толығымен ішіп тауысу үшін қасықпен неше рет көсіп алу керек екені бізге алдын ала белгісіз. Сондықтан сіз тарелка босағанша қасықпен сорпаны ала бересіз. Ал егер тарелка бастапқыда бос болса, сіз тарелкадан қасықпен сорпа алар ма едіңіз? Әрине жоқ, ол мүмкін емес. Осыдан, циклдің бұл түріне мынадай тұжырым жасауға болады: ол нөл рет орындалады. Бұл циклді шарты алдын ала берілген цикл деп атайды.

Шарты алдын ала берілген цикл қойылған шарттың орындалу-орындалмауына байланысты белгілі бір амалдар жиынын қайталап орындайды. Шарты алдын ала берілген цикл шарттың ең бірінші орындалмай қалғанынша қайталанады.





Енді циклдің үшінші түрі – шарты соңынан берілетін циклге тоқталайық. Циклдің бұл түрінде қайталану саны белгісіз, бірақ алдыңғы циклден айырмашылығы, онда әрекет орындалмас бұрын алдын ала шарт тексерілетін болса, ал мұнда әрекет орындалғаннан кейін шарт тексеріледі де, әрекет қайталауға беріледі. Шарты соңынан берілетін циклдің орындалуын айқындау үшін, өлшемдері көздерінен үлкен болатын жұмсақ шарлар салынған електі көз алдарыңа елестетіңдерші. Егер шарларды секіртетін болсақ, соғылу нәтижесінде олардың өлшемдері кішірейе береді делік. Осы әрекет қашан шарлардың өлшемдері електің көзінен өтетін болғанша қайталанып орындала береді. Яғни шардың диаметрі електің көзінің өлшемдеріне сәйкес болғанша шарты орындалады.

Шарты алдын ала тексерілетін циклдің шарты соңынан тексерілетін циклден айырмашылығы – циклдің бірінші түрінде әрекет Шарт=Ақиқат болғанда орындалады. Ал екінші түрінде Шарт=Ақиқат болғанда цикл әрекеті жұмысын тоқтатады.

Шарты соңынан берілген цикл бойынша циклдің денесі шарттың алғашқы дұрыс болғанында тоқтайды.





For операторы

For операторының форматы:

for ( өрнек 1 ; өрнек 2 ; өрнек 3 ) денесі

Өрнек 1 әдетте циклды басқаратын айнымалылардың бастапқы мәндерін орныту үшін қолданылады. Өрнек 2 – бұл цикл денесінің орындалу шартын анықтайтын өрнек. Өрнек 3 әрбір циклдың денесі орындалғаннан кейін циклды басқаратын айнымалылардың өзгеруін анықтайды.

For операторының орындалу схемасы:

1. Өрнек 1 орындалады.

2. Өрнек 2 орындалады.

3. Егер 2 өрнектің мәні 0-ден өзгеше болса (ақиқат), онда цикл денесі орындалады, 3 өрнек мәні есептеледі де, 2 пунктке өтеді. Егер 2 өрнек мәні 0-ге тең болса (жалған), онда басқару for операторынан кейінгі операторға беріледі.

Шартты тексеру циклдың басында орындалады. Бұл дегеніміз – цикл денесі бір де орындалмауы мүмкін.

Мысал:

int main()

{ int i,b;

for (i=1; i

b=i*i;

return 0;

}

Мысалда 1-ден 9-ға дейінгі сандардың квадраттары есептеледі.

while операторы

while операторы шарты алдынан берілген циклдің операторы болып табылады және жазылу форматы төмендегідей:

while (өрнек) денесі ;

while операторының орындалу схемасы төмендегідей:

1. Өрнек есептелінеді.

2. Егер өрнек жалған болса, онда while операторының орындалуы аяқталады да, одан кейінгі келесі оператор орындалады. Егер өрнек ақиқат болса, онда while операторының денесі орындалады. Процесс 1 пунктен басталады.

for (выражение-1; выражение-2; выражение-3) тело ; түріндегі операторды while арқылы келесідей жазуға болады:

өрнек-1;

while (өрнек-2)

{ цикл денесі

өрнек-3;

}

for операторындағы секілді, while операторында алдымен шарт тексеріледі.

do while операторы

do while опеаторы шарты соңынан берілген циклдың операторы болып табылады. Онда цикл денесі міндетті түрде бір болсын орындалады.

Форматы: do цикл денесі while (өрнек);

do while операторының орындалу схемасы:

1. Цикл денесі орындалады (ол құрама болуы мүмкін).

2. Өрнек есептеледі.

3. егер өрнек жалған болса, онда do while операторының орындалуы аяқталады да, келесі кезектегі оператор орындалады. Егер өрнек ақиқат болса, онда оператордың орындалуы 1 пункттен басталады.

Шарт жалған болғанға дейін циклдың орындалуын тоқтату қажет болса, break операторын қоладуға болады.

while және do while операторлары қабаттасқан болуы мүмкін:

мысал:

int i,j,k;

...

i=0; j=0; k=0;

do { i++;

j--;

while (a[k]

}

while (i


написать администратору сайта