Главная страница

Windows жйесін конфигурациялау жне басару Клиенттік виртуализация


Скачать 0.66 Mb.
НазваниеWindows жйесін конфигурациялау жне басару Клиенттік виртуализация
Дата24.04.2023
Размер0.66 Mb.
Формат файлаpptx
Имя файлаwindows ARHAT.pptx
ТипДокументы
#1085005

Windows жүйесін конфигурациялау және басқару

Клиенттік виртуализация

Виртуалды машина мақсаты

Клиенттік виртуализация – қызметкерлерді қолданбалармен, файлдармен бөлісу қызметтерімен және басқа да өнімділікті арттыратын маңызды ресурстармен қамтамасыз етудің ең танымал әдісі болды. Сондай-ақ шағын кеңседе/үйде жұмыс істейтін (SOHO) пайдаланушыларға да виртуализацияның көмегі тиеді, себебі ол белгілі бір операциялық жүйеде қолжетімсіз бағдарламаларға қатынасуға мүмкіндік береді. Виртуализацияда компьютердің жүйелік ресурстары виртуалды машина жасау үшін пайдаланылады. Виртуалды машина дегеніміз – компьютердің ішіндегі компьютер. Физикалық компьютер хост немесе хост машинасы деп аталады. Хосттың ішіндегі компьютер – виртуалды машина деп аталады. Виртуалды машина кейбір жағдайларда қонақ деп аталады. Хост машинасы пайдаланушы тарапынан қосылатын және басқарылатын физикалық машина болуы тиіс. Виртуалды машина операциялық жүйені жүктеу және іске қосу үшін хост машинасының жүйелік ресурстарын пайдаланады. Виртуалды машинаның операциялық жүйесі хост машинасында орнатылған операциялық жүйеге тәуелді болмайды. Мысалы Windows 8.1 жүйесінде жұмыс істейтін хост машинасында Windows 7 орнатылған виртуалды машина болуы мүмкін. Виртуалды машина Windows 7 жүйесіне арналған бағдарламаларды аша алады. Windows 7 жүйесін орнату хост машинасындағы Windows 8.1 жүйесін орнатуға кедергі жасамайды.

Гипервизор: Виртуалды машина диспетчер

  • Хост машинасында виртуалды машина жасап, оны басқаратын бағдарлама гипервизор немесе виртуалды машина реттегіші (VMM) деп аталады.
  • Гипервизор бір хост компьютерінде бірнеше виртуалды машинаны іске қоса алады. Әрбір виртуалды машинада оның жеке операциялық жүйесі іске қосылады. Бір уақытта іске қосылатын виртуалды машиналардың саны хост машинасының құрылғы ресурстарына тәуелді болады. Гипервизор орталық процессор, оперативті жад және қатты диск сияқты физикалық жүйе ресурстарын әр виртуалды машинаға қажетінше бөледі. Бұл бір виртуалды машинаның жұмысы екіншісіне кедергі болмауын қамтамасыз етеді.

Виртуалды машина талаптары

  • Барлық виртуалды машиналар қатты дисктің немесе оперативтік жадтың минималды көлемі сияқты негізгі жүйелік талаптарға сай келуі қажет. Windows Hyper-V және Windows виртуалды компьютеріне арналған минималды жүйе талаптары сәйкесінше 1 және 2-суреттерде көрсетілген
  • Физикалық компьютерлер сияқты, виртуалды машиналар да қауіп пен зиянды шабуылдар жасалады. Пайдаланушылар қауіпсіздік бағдарламаларын орнатуы, брандмауэрді іске қосуы және операциялық жүйе мен бағдарламаларды жаңартып отыруы қажет.
  • Интернетке қосылу үшін виртуалды машина виртуалды желілік адаптерді қолданады. Виртуалды желілік адаптер физикалық компьютердегі шынайы адаптер ретінде әрекет етеді, алайда интернетпен байланыс орнату үшін ол хосттағы физикалық адаптер арқылы қосылады.

Назарыңызға Рахмет

Ж.Архат



написать администратору сайта