|
Блум тест. РОМАНТИЗМ. Xix асырдаы музыкадаы романтизм баыты
Xix ғасырдағы музыкадағы романтизм бағыты - Романтизм (ағылш. romantіcіsm, фр. romantіsme,
нем. romantіk) – 18 ғасырдың соңы мен 19 ғасырдың алғашқы жартысында Еуропа мен Америка елдерінің рухани мәдениетінде: музыка, театр, бейнелеу өнері, эстетика және т.б. әдеби-көркем салаларда тараған идеялық көркемдік бағыт. Романтизмнің адамзат мәдениеті дамуындағы тарихи рөлі зор. Ол көптеген елдердің рухани мәдениетін гуманистік идеялармен байытты. Романтизм бағытында туған туындылардың кейіпкерлері әдетте болмыстың ырқымен келіспейтін, жақсы өмір, бақыт, азаттық үшін күресетін күшті жандар болып келеді. Романтизм туындаларының тілінде әсірелегіш суреттер мол ұшырайды. - Адамның бас бостандығын, ірі іс-әрекеттерге ұмтылыстарын мадақтау — Романтизм туындыларына ортақ қасиет. Кейде романтиктер туындыларында өмірден түңілушілік, тағдырға бас июшілік сарыны бой көрсетеді. Романтиктер өздерінің мұратына сай келетін өмір материалдарын өткеннен де, келешектен де қатар іздейді. Романтиктер ауыз әдебиеті, тарих, дін, өнер мәселелерін өз идеяларын насихаттау құралы ете білді. Олар дүние жүзі өнерінде тұңғыш рет адам жанының иірімдерін, тұңғиық тереңін ашып көрсетті.
Романтизм музыкада Музыкадағы романтизм бағыты 1820 жылдары қалыптаса бастады;
Оның неоромантизм деп аталған соңғы кезеңі 19 ғасырдың соңғы он жылын қамтиды.
Романтизм Австрия мен Германияда (И.Брамс, А.Брукнер, Р.Штраус) жоғары сатыда өркендеді.
Романтикалық
музыканың бейнелілігі артты.
Әуен бұрынғысынан да дараланып, рельефті, көңіл күй сәттерін дөп баса алатын иірімді сипатқа ие болды. - Романтизм алғаш Австрия (Ф.Шуберт), Германия (К.М. Вебер, Ф.Мендельсон-Бартольди, Р.Шуман, Р.Вагнер, т.б.) және Италияда (Н.Паганини, В.Беллини, Дж.Верди, т.б.), кейінірек Франция (Г.Берлиоз, Д.Ф. Обер), Польша (Ф.Шопен) мен Венгрияда (Ф.Лист) пайда болды. Романтизм бағыты кейбір елдерге толық таралмағанымен жеке композиторлар шығармашылығынан (Ресейде А.А. Алябьев, Н.А. Римский-Корсаков, т.б. “құдіретті топ” композиторлары, П.И. Чайковский, А.Н. Скрябин, Чехияда Б.Сметана, А.Дворжак, Норвегияда Э.Григ, т.б.) орын алды.
Әуен бұрынғысынан да дараланып, рельефті, көңіл күй сәттерін дөп баса алатын иірімді сипатқа ие болды. Романтикалық эстетиканың жалпы бағыттарына орай көптеген композиторлар өнерді синтездеуге атсалысты. Жаңарған синтезді жанрлардың романтизм дәуірінде мәні зор болды. Ән, баллада, опера (тұңғыш романтикалық опера – Э.Т.А. Гофманның “Ундинасы”) жанрлары романтикалық сипат алды. Аспаптық музыка (симфония, камер. ансамбльдер; Шуберт пен Роберт Шуманнның сонаталары) жаңа бояу, өзіндік өрнекке ие болды. Асқан орындау шеберлігі (Паганини, Шопен, Лист), бай эмоция, айқын контрастағы нәрлі бояу музыкалық орындаушылық өнердегі романтизмнің басты белгілері болып табылады. Романтикалық музыка өзінен кейінгі дәуірге нәрлі бастау, құнды қазына болып қалды. - Әуен бұрынғысынан да дараланып, рельефті, көңіл күй сәттерін дөп баса алатын иірімді сипатқа ие болды. Романтикалық эстетиканың жалпы бағыттарына орай көптеген композиторлар өнерді синтездеуге атсалысты. Жаңарған синтезді жанрлардың романтизм дәуірінде мәні зор болды. Ән, баллада, опера (тұңғыш романтикалық опера – Э.Т.А. Гофманның “Ундинасы”) жанрлары романтикалық сипат алды. Аспаптық музыка (симфония, камер. ансамбльдер; Шуберт пен Роберт Шуманнның сонаталары) жаңа бояу, өзіндік өрнекке ие болды. Асқан орындау шеберлігі (Паганини, Шопен, Лист), бай эмоция, айқын контрастағы нәрлі бояу музыкалық орындаушылық өнердегі романтизмнің басты белгілері болып табылады. Романтикалық музыка өзінен кейінгі дәуірге нәрлі бастау, құнды қазына болып қалды.
- XIX ғасырдың 30-жылдары өнерде жаңа көркемдік бағыт — романтизм өркен жайды. Хореографияда бұл ағымның ықпалы спектакльдерде жаңа тақырып, жаңа сахналық тәсілдердің пайда болуымен ерекшеленді. Барлық романтикалық балеттер бір тәсілмен құрылатын. Онда екі өмір — шынайы өмір мен фантастикалық арман өмір бір-біріне карама-қарсы келді. Бұл спектакльдің көркемдігіне, оның бүкіл атмосферасына әсерін тигізді. 1832 жылы Парижде "Гранд операда" Филиппо Тальонидің "Силъфида" балеті бірінші рет көрсетілді. Бұл балетті Филиппо Тальони өзінің қызы үшін, атақты биші Мария Тальони үшін шығарған.
- Сильфида — жер бетіне жиі келетін ауа перісін балетмейстер биде жеңіл де жоғары секірулер, сахна бетінде ауадай нәзік қимыл-қозғалыстар арқылы жеткізген. Сильфида рөлін орындаушы үлпілдеген көйлек-пачкамен кейіпкерінің салмақсыздығын сездіру үшін сахнада аяғының ұшымен ғана жүрді. Осыдан біз қазір білетін аяқтың ұшымен биленетін би қалыптасты. Бірақ ол кезде ұшы мен табаны қатты пуанте атты арнайы аяқкиім болған жоқ, сондықтан бишілер жұмсақ балет туфлилерімен өз саусақтарының ұшына тұрды.
Мария Тальони (1804—1884) — италия балетартисі, романтизм дәуірі балет театрының көрнекті бишілерінің бірі. Өз әкесі, белгілі балетмейстер Ф.Тальониден оқыды. Өнер жолын 1822 жылы Венада бастады. - 1827—-1835 жылдары Парижде қызмет етті. Шнейцгоффердің "Сильфида" балетінде Сильфида партиясын орындау арқылы дүниежүзілік даңққа ие болды. Тальони шығармашылығы балет өнерінің дамуына зор ықпал жасады. Мария Тальони тамаша тұрақтылығымен ерекшеленді, ұзак уақыт бойы аяғының ұшында тұратын және секіргенде сахна үстінде қалықтап, ауада ұшып жүргендей әсер қалдыратын.
- Ол, әсіресе пуанты билерін тартымды әрі таза билеу арқылы көзге түсті. Гастрольдік сапармен Петербургте (1837—1842), Лондонда өнер көрсетті. 1847 жылы сахнадан мүлдем қол үзді. Мария Тальонидің өмірін, биінің жеңілдігін талай ақындар мен суретшілер дәріптеп, мадақтап кеткен.
- Бірінші рет балетте саусақтың ұшымен Мария Тальони "Сильфида" балетінде және орыс бишісі Авдотья Истомина "Зефир мен Флора" балетінде биледі деген болжам бар.
- Романтикалық балетте жетекші бишінің рөлі мен әйелдер кордебалетінің маңызы арта түсті.
Романтизм театр өнерінде Театрда романтизм 1810 — 40 ж. қалыптасты. Белгілі романтик актерлер: Э.Кин (Англия), Л.Девриент (Германия), Г.Модена, А.Ристори (Италия), М.Дорваль, А.Л. Фредерик-Леметр (Франция), П.С. Мочалов (Ресей), П.Адамян (Армения), Г.Араблинский (Әзірбайжан), Э.Форрест, Ш.Кашмен (АҚШ), Г.Эгрешши (Венгрия), т.б. Дүниедегі әділетсіздік атаулыға қарсы болу, терең гуманизм бұл актерлерді бір идеяға жұмылдырды. - Романтизм кезінде театр эстетикасының негізі актерлік қиял мен сезімге құрылды. Романтизм актерлері өз назарларын адам өмірінің ішкі қайшылықтарын бейнелеуге аударды. Қоғамдық пафос, шындыққа деген құштарлық, айқын мақсат актерді буырқанған эмоция мен айқын драмалық экспрессияға, екпінді қимылға жетеледі. Алайда романтикалық өміртаным шығармашылығы субъективизм қаупін өзімен бірге өрбітті.
- Романтикалық театр тұңғыш рет актерлік өнердің негізі болып табылатын сахналық толғанысты туғызды. ТМД елдерінің театр өнерінде М.Н. Ермолова, А.И. Южин, Ю.М. Юрьев, А.А. Остужев, В.К. Папазян, М.Қасымов, Ш.Бұрханов, А.Хорава, А.Хидоятов, Н.Д. Мордвинов, Ш. Айманов, Ы.Ноғайбаев, Ш.Мусин, т.б. шығармашылықтар асқақ, қаһармандық романтизм дәстүрімен тығыз байланысты.
- Бейнелеу өнеріндегі романтизм мүсін өнеріне қарағанда кескіндеме мен графикадан айқын көрініс тапты. 18 ғасырдың аяғы мен 19 ғасырдың бас кезінде У.Блейк (Англия), Ф.Гойя (Испания), Ж.Л. Давид (Франция) еңбектерінен романтизм белгілері аңғарылды. Романтизмнің іргелі мектебі Францияда өркен жайды. Ол академиялық классицизм өнеріндегі догматизм мен буалдыр рационализмге қарсы күрес үстінде қалыптасты. Романтикалық мектептің алғаш негізін салушы – Т.Жерико.
- 1820 жылдардағы романтизм мектебінің басты өкілі ретінде төңкерісшіл пафостағы бірнеше картиналар салған Э.Делакруаны атауға болады. Романтизм суретшілерінің өзіндік ерекшелігі портрет, пейзаж, графика (О.Домье) жанрларынан айқын көрінді. Композицияны асқақ динамикаға құру, буырқанған қимыл-әрекетті форма тұтастығына бағындыра отырып, көлем мен кеңістік құбылысын ұтымды пайдалану, сәуле мен көлеңке алмасуына негізделген алуан ырғақтағы қанық та бай колорит романтик суретшілердің классицизм өкілдеріне қарағанда негізгі ерекшелігі болып табылады.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ! |
|
|