Главная страница
Навигация по странице:

  • Жалпы ереже

  • 3. Аудандық олимпиаданы өткізілуі мен тәртібі

  • Орын ұпайлары

  • Өз кәсібінің үздік маманы. з ксібіні здік маманы атты ауданды ашытытан ткізілетін леуметтік педагогтара арналан олимпиадасыны жалпы ережесі жалпы ереже з ксібіні здік маманы


    Скачать 18.51 Kb.
    Названиез ксібіні здік маманы атты ауданды ашытытан ткізілетін леуметтік педагогтара арналан олимпиадасыны жалпы ережесі жалпы ереже з ксібіні здік маманы
    Дата27.01.2023
    Размер18.51 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаӨз кәсібінің үздік маманы.docx
    ТипДокументы
    #907817



    «Өз кәсібінің үздік маманы» атты аудандық қашықтықтан өткізілетін әлеуметтік педагогтарға арналған олимпиадасының

    ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕСІ

     

    1. Жалпы ереже

    1.1. «Өз кәсібінің үздік маманы» атты аудандық қашықтықтан өткізілетін әлеуметтік педагогтарға арналған олимпиадасының осы Ережесі (әрі қарай – Ереже) олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу тәртібін анықтайды (әрі қарай – Қашықтықтан олимпиада);

    1.2. Қашықтық олимпиада жайлы мәліметтер және қорытынды нәтиже білім бөлімінің әлеуметтік желісінде жарияланады;

    1.3. Олимпиада  2022 жылдың 23 желтоқсанда онлайн өткізіледі;

    1.4. Олимпиадаға жалпы білім беретін мектептердің әлеуметтік педагогтары қатыса алады;

    1.5. Олимпиадада педагогика, оқыту әдістемесі, психология әдістемесі бойынша әлеуметтік педагогтардың білім көрсеткішін анықтайтын тапсырмалар беріледі;

    1.6. Тапсырмалар Алға ауданының білім бөлімінің әдіскерлері арқылы дайындалып, басшысымен бекітіледі;

    1.7. Қашықтық олимпиадаға қатысу – ақысыз,  ерікті негізде жүзеге асырылады.

     

    2. Аудандық олимпиаданың мақсаты мен міндеттері:

    2.1. Жалпы білім беретін мектептерде қызмет ететін әлеуметтік педагогтардың кәсіби біліктілігін арттыру;

    2.2. әлеуметтік педагогтардың біліктілігін арттыру;

    2.3. Аудан көлемінде үздік әлеуметтік педагогты анықтау және оларды марапаттау.

     

    3. Аудандық олимпиаданы өткізілуі мен тәртібі:

    3.1. Олимпиада бір кезеңнен, барлығы 25 тест тапсырмасынан тұрады.

    3.2. Әрбір тапсырманың бір ғана дұрыс жауабы бар және тест нұсқалары екінші рет қайталанбайды;

    3.3. Қатысушы ең көбі 1 рет тест тапсыра алады;

    3.4. Тестілеуден өту үшін қатысушыға 40 минут уақыт беріледі. Уақыт біткеннен кейін автоматты түрде тестілеу аяқталады және нәтиже экран бетіне шығарылады;

    3.5.  Қатысушылардың марапаттары автоматты түрде электронды почтасына жіберіледі.

     

    4. Олимпиада қатысушыларына қойылатын талаптар:

    4.1. Қатысушы ешкімнің көмегінсіз тапсырмаларды өзі орындауы тиіс;

    4.2. Қатысушының атынан өзге біреудің қатысқандығы құрылғының IP адресі арқылы анықталады. Расталған жағдайда қатысушының нәтижесі толықтай жойылады;

    4.3. Олимпиада барысында басқа бетке ауысуға болмайды;

    4.4. Тестілеу парақшасын жауып алған жағдайда тестілеуге берілген уақыт ішінде «Менің нәтижелерім» бөлімінде «тестті жалғастыру» батырмасын басу арқылы қайта жалғастыру мүмкіндігі қарастырылған;

    4.5.   Берілген сұрақтарды белгілемей алдыға және кейін шегінуге болмайды;

    4.6.  Тестке қатысу жеке немесе координатордың ұйымдастыруымен жүзеге асады;

    4.7.   Тест нәтижелері қайта қарауға жатпайды және аппеляциялық комиссия құрылмайды;

    4.8. Олимпиадаға байланысты сұрақтар tul_020494@mail.ru почтасына қабылданады.


    ОЛИМПИАДАНЫҢ МАРАПАТТАУ РӘСІМІ

     

    Олимпиада қорытындысы бойынша 19 ұпайдан жоғары жинаған қатысушыларға І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар тағайындалады.

    Орын ұпайлары:

    І орын – 25-24 ұпай

    ІІ орын – 23-21 ұпай

    ІІІ орын – 20-19 ұпай

    Қатысушылардың марапаттары олимпиада барысында жеке парақшасында сақталады және электронды түрде почтасына жіберіледі.

    Ескерту! Қатысушылардың жинаған ұпайы тең болған жағдайда тесттен өткен уақыты есепке алынады. Қатысушылардың нәтижесі IP адресі арқылы тексеріліп, басқа адам өткізгені анықталса, нәтиже жойылады. Білім бөлімі тест нәтижесі бойынша қорытынды жариялайды.


    написать администратору сайта