Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
8.1А-бөлім: Тірі ағзалардың классификациясы
| Мектеп:
|
Күні: ___
| Мұғалімнің аты-жөні:
|
Сынып:
| Қатысушылар саны:
| Қатыспағандар:
|
Сабақтың тақырыбы
| Саңырауқұлақтардың негізгі белгілері (жаңа тақырыпты меңгеру)
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары
|
8.1.1.2 Саңырауқұлақтардың негізгі белгілерін сипаттау
|
Сабақтың мақсаты
| Саңырауқұлақтар патшалығын өсімдіктермен, жануар, бактериямен салыстыру; Бір жасушалы және көп жасушалы саңырауқұлақтарды сипаттау;
Бір жасушалы және қалпақшалы саңырауқұлақтарды салыстыру; Улы және жеуге жарамды саңырауқұлақтардың маңызын білу.
|
Бағалау критерийлері
| Саңырауқұлақтар патшалығын өсімдіктер, жануар, бактериялармен салыстырады. Бір жасушалы және көп жасушалы саңырауқұлақтарды сипаттайды. Улы және жеуге жарамды саңырауқұлақтардың маңызын біледі.
|
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар: саңырауқұлақтардың негізгі белгілерін ажыратып,
ауызша сипаттап түсіндіре алады.
саңырауқұлақтардың негізгі белгілерін ажырату үшін жазбаша тапсырмалар орындай алады.
Негізгі ерекшеліктерін кестеге жазады.
Пәнге қатысты лексика мен терминология:
спора, гиф, мицелий, микориза, микология, жемісті дене, көп жасушалы саңырауқұлақтар, зең саңырауқұлақтары, мукор, пеницилл, біржасушалы саңырауқұлақ , ашытқы, шампиньон, қалпақшалы саңырауқұлақ шыбынжұт /мухомор.
Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:
У .............. патшалықтары бар.
Саңырауқұлақтар .................... ұқсас болып келеді.
Саңырауқұлақтар спора арқылы көбейеді, себебі ..............................
Саңырауқұлақтардың басқа патшалықтардан айырмашылығы ............
Зең саңырауқұлақтарына мукор, пенициллин ........ жатады
Ашытқы саңырауқұлақ арқылы ............, шампиньон жеуге жарамды қалпақшалы саңырауқұлақ, ал шыбынжұт улы болып келеді.
|
Құндылықтарды дарыту
| Сыйластық: оқушылар сабақ барысында өзіне және өзгелерге кедергі келтірмейді, өзгенің ойын соңына дейін тыңдайды.
Мұғалім әркімнің пікірін тыңдап, өз ойын білдіреді.
Академиялық шыншылдық: өзара бағалау мен өзіндік бағалауда шыншылдық таныту.
Өмір бойы оқу: оқушы деңгейіне сәйкес өз бетімен тапсырмаларды орындау үшін тапсырманы орындау стратегиясын жоспарлайды. Орындаған тапсырмаға өзіндік рефлексия жасайды.
Ынтымақтастық: әркімнің ойы құнды қағидасын ұстану; өзара оқыту ортасын құру.
Патриоттық және азаматтық позиция өз өңірінде таралған ағзалар түрлерін ажыратып, атауларын атай алады.
|
Пәнаралық байланыс
| География пәнімен саңырауқұлақтардың тіршілік ортасы, таралуы, химия пәнімен улы саңырауқұлақтардың құрамын қарастыру,
Қазақ тілі пәнімен академиялық тілді дамыту, тарих пәнімен пенициллин дәрісінің ашылу тарихын арқылы байланысады.
|
Алдыңғы білім
| Оқушылар 7-сынып бағдарламасынан «жіктеу» ұғымын, тірі ағзалардың бес дүниесін біледі.
|
Сабақ барысы
|
Сабақ қезеңдері
| Жоспарланған іс-әрекеттер
| Оқыту көздері мен ресурстар
|
Сабақтың басы
|
0-4 мин
| Ой толғау: «Thanks to PENICILLIN»
Флемингінің пенициллинді ашқаны туралы таныстырылымда көрсетіліп, оның неден алынғанына тоқталады. Қандай мақсатта қолданылатыны мен маңызы талқыланады. Осымен байланысты оқушылар сабақтың тақырыбын анықтайды. Саңырауқұлақтар туралы нені білу маңызды сұрағы арқылы оқушылармен бірге сабақтың мақсаттарын анықталып, бағалау критерийлері таныстырылады.
| 1 -3 слайдтар
|
Сабақтың ортасы
|
4-10 мин
| Мұғалім бір және көп жасушалы саңырауқұлақтардың құрылысын түсіндіреді.
| 4-10 слайд
|
11-20мин
| Саңырауқұлақтардың ерекшеліктерімен танысу үшін оқушылар берілген салыстыру белгілері бойынша саңырауқұлақтарды жануарлар, өсімдіктер, бактериялармен салыстырады.
Топтық жұмыс: Венн диаграммасын құру
1 топ: Саңырауқұлақтарды өсімдіктермен салыстырады
2 топ: Саңырауқұлақтарды жануарлармен салыстырады
3 топ: Саңырауқұлақтарды бактериялармен салыстырады
Салыстыру белгілері:
Оқушылар келесі белгілері бойынша салыстырады:
Жасуша түрі (эукариот, прокариот);
Жасуша қабырғасы;
Жасушадағы қор заттары;
Көбеюі;
Метаболизм (зат алмасу);
Қоректенуі.
Оқушылар осы белгілердің қарастырылуына қарай өзара бағалау жүргізеді.
| 1- қосымша
|
21-29 мин
| Оқушыларға саңырауқұлақтардың жалпы сипаттамасын тұжырымдамалық карта, сызба, кластер немесе комикс кітапшасына түсіру тапсырмасы беріледі. Тапсырманы оқушылар өздері қалаған формада орындайды.
| 12 слайд
|
30 -38мин
| Оқушылар өз жұмыстарын қорғайды. Қорытынды жасайды.
Бұл жұмысты ұсынылған дескрипторлар бойынша бағалайды.
| 13 слайд
2- қосымша
|
Сабақтың соңы
|
39-40 мин
| Кері байланыс
Қорытынды жасау:
Саңырауқұлақтардың құрылыс ерекшеліктері Саңырауқұлақтардың жіктелуі Саңырауқұлақтардың адам өміріндегі маңызы
| 14 слайд
|
Қосымша ақпарат
|
Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?
| Венн диаграммасын құру
Сабақ бойы сұрақтар қою
Бекіту тапсырмаларын орындау кезінде тапсырманы түрлендіру арқылы оқушылардың қалаулары бойынша алған білімдерін көрсету мүмкіндігі берілу арқылы саралау жүзеге асырылады. Бұл тапсырманы орындағанда оқушылардың сурет салу немесе жазбаша жұмысқа бейімділігі ескеріледі.
|
Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?
| Оқушылардың ауызша жауаптары, үлгілеу жұмыстары, оларды қорғауы және Венн диаграммасын толтыруы, ауызша жауаптары мен сұрақтар қою арқылы бағаланады. Тапсырманы орындауда бағалау критерийлерімен өзара бағалау жүреді
|
Денсаулықты сақтау және қауіпсіздік ережелері
| Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау.
Бөлме тазалығы және бөлмені желдету.
Партада дұрыс отыруына назар аудару.
|