Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8. 1В
| Мектеп: Әзімбек Ысмайылұлы атындағы орта мектеп
|
| Күні: 05.09.2021ж.
| Мұғалім: Мамбетиярова М.И
|
| Сынып: 8
| Қатысқандар: Қатыспағандар:
|
| Сабақтың тақырыбы
| Табиғаттағы және тірі ағзалар мен адам тіршілігіндегі химиялық реакциялар
|
| Осы сабақта қол
жеткізілетін оқу мақсаттары
| 8.2.1.1 химиялық элемент атомдарының физикалық қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын сипаттау; атом радиусы, иондану энергиясы, электронтартқыштық, электртерістілік және тотығу дәрежесі
8.2.1.2 период және топ бойынша химиялық элементтердің оттекті және сутекті қосылыстарының қышқылдық-негіздік қасиеттерінің өзгеру заңдылығын түсіндіру
|
|
| Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Тақырыптың маңызы туралы дәлелдеп айтып бере алады. Білімді сыныптастарына түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстар қоса алады.
|
| Сабақ барысы
|
| Сабақтың
жоспарланған
кезеңдері
| Мұғалімнің іс әрекеті
| Оқушының іс әрекеті
| Бағалау
| Ресурстар
|
| Сабақтың басы
14мин.
| Оқушылармен амандасу, түгендеу.
Ынтымақтастық атмосферасын құру
Үй тапсырмасын сұрау. «Сұрақ жауап» әдісі. Топтық жұмыс
Мақсаты: Көміртек және оның қосылыстары туралы еске түсіру.
Сұрақтар:
1.Көміртектің электрондық формуласы. (1s22s22p2) 2.Көміртектің қандай аллотропиялық түр өзгерістері бар? (Алмаз, графит,карбин) 3. Көміртектің валенттік электрондар саны нешеге тең? (4) 4. Көміртектің кристалдық торы қандай? (Атомдық) 5. Адсорбция дегеніміз не? (Өз бетінде газ және басқа еріген заттарды сіңіру құбылысы) 6. Алмаз токты қалай өткізеді? (Токты өткізбейді, ол оқшауланған) 7. Алмаздың кристалдық торының пішіні қандай? (Тетраэдр пішіндес) 8. Графиттен алмаз алуға бола ма? (Жоғары температурамен қысымда жасанды алуға болады) 9. Көміртектің металмен қосылысы қалай аталады? (Карбид) 10. Көміртек сутекпен әрекеттескенде қандай қасиет көрсетеді? (Тотықтыртырғыш) 11. Көміртектің адсорбциялық қасиетінің адам ағзасына қандай әсері бар? (Адам ағзасын улы газбен еріген заттардан тазартады)
Дескриптор: білім алушылар сұрақтарға жауап береді
| Амандасады, сұрақтарға жауап береді
| Қ.Б: ауызша «Мадақтау»
Критерийі:Сұрақтарға дұрыс жауап берген топ «Керемет»
Сұрақтарға жауап беруден қателескен топқа «Жақсы»
Сұрақтарға жауап беруден қиналған топқа «Орташа»
|
Оқулық, интербелсен-ді
|
| Сабақтың ортасы
25 минут
| Білу. Түсіну.
Оқушылар дәптерлеріне тақырыпты
жазып алады.
1 тапсырма «Джигсо» әдісі бойынша жаңа тақырыпты меңгеру.
Топтық жұмыс.
Мақсаты: «Жигсо» әдісі арқылы оқушылар өздеріне берілген мәтіндермен танысып, өзара топ ішінде талықылап, постер жасайды;
1-жұп: Кремнийдің периодтық жүйедегі орны. Атом құрылысы. Қасиеттері. Қолданылуы туралы зерттейді
2-жұп: Кремний оксиді туралы зерттейді
3-жұп: Кремний қышқылы туралы айтады
Дескриптор:
Берілген тақырып бойынша мәлімет жинайды Топ ішінде талқылайды Қорытынды жасап басқа топ мүшелеріне түсіндіреді Бір біріне сұрақ қояды
Жұптық жұмыс: «Кім шапшаң»
Тапсырма №2. Мына айналуларды жүзеге асыратын реакция теңдеулерін жазыңыздар: кремний → кремний оксиді → натрий силикаты → кремний қышқылы → кремний оксиді Si → SiO2 → Na2SiO3 → H2 SiO3 → SiO2 Дескриптор:
Реакция теңдеулерін жазады Әр жұп жеке айналымды іске асырады
Тапсырма №3. Өзіндік жұмыс.
Құм суда ерімейді, бірақ қыздырғанда содамен әрекеттеседі. Құм 10г натрий нитратымен әрекеттескенде неше грамм және мөлшерде натрий силикаты түзілгенін есептеңіздер.
Кремнийдің жиі кездестіретін қосылысымыз-құм (SiO2). Құмның құрамындағы кремнийдің массалық үлесін есептеңіздер.
Дескриптор:
Әр оқушы жекелей жұмыс жасай алады; Әр оқушы есептің жауабын тауып, дәптерлеріне түртіп алады;
|
Оқиды, түсінік айтады
| Қ.Б «Жұлдызша» арқылы
Әр топ бір бірін бағалайды
Критерий.: Егер тақырыпты толық түсіндірсе 3 жұлдызша
Егер тақырыпты аша алмаса 2 жұлдызша
Егер тақырыпты түсіндірмесе 1 жұлдызша
|
|
| Сабақтың соңы
2 мин.
| Қорытынды: Сонымен сендермен біз толықтай кремнийді зерттедік. Тақырыпты толықтай қорыту үшін логикалық сұрақ: Жұптасып талқылаймыз.
1. Мен № 4 үйдің 14-ші пәтерінде тұрамын.
Көбінесе 8-ші пәтермен араласып тұрамын. Кәдімгі жағдайда №9 пәтермен араласамын. №17, №35 №16 пәтерлермен араласып тұрамын. Мүмкін болса, осы жұмыстарды жүргіз.
Дескриптор:
Жауабы: Si , O ,F , Cl ,Br , S. айтады;
Қорытынды әр топ өздерініің жұлдызшаларын санайды егер қай топта жұлдызша көп соларға 5тік баға қойылады ал қай топта жұлдызша саны аз соларға 4- тік баға қойылады, егер жұлдызша мүлдем жоқ болса 3-тік баға қойылады
|
| Қ.Б «Жұлдызша» арқылы
Әр топ бір бірін бағалайды
Критерий: егер сұраққа дұрыс жауап берсе 3 жұлдызша
Сұраққа жауап бергенде қателессеи 2 жұлдызша
Сұраққа жауап бере алмаса 1 жұлдызша
|
Интербелсен-ді тақта
|
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7. 1А
| Мектеп: Әзімбек Ысмайылұлы атындағы орта мектеп
|
| Күні: 05.10.2021ж.
| Мұғалім: Мамбетиярова М.И.
|
| Сынып: 7
| Қатысқандар: Қатыспағандар:
|
| Сабақтың тақырыбы
| Қоспаларды бөлу әдістері. №2 зертханалық тәжірибе «Ластанған ас тұзын тазарту»
|
| Осы сабақта қол
жеткізілетін оқу мақсаттары
| 7.4.1.5- қоспалардың түрлерін және оларды бөлу әдістерін білу
7.4.1.6- қоспаны бөлуге негізделген тәжірибені жоспарлау және өткізу
|
|
| Қоспалардың түрін біледі Қоспаларды бөле алады
|
| Сабақ барысы
|
| Сабақтың
жоспарланған
кезеңдері
| Мұғалімнің іс - әрекеті
| Оқушының іс - әрекеті
| Бағалау
| Ресурстар
|
| Сабақтың басы
14мин.
| Оқушылармен амандасу, түгендеу.
Ынтымақтастық атмосферасын құру
Үй тапсырмасын сұрау. «Сұрақ жауап» әдісі.
Мақсаты: Көміртек және оның қосылыстары туралы еске түсіру.
Сұрақтар:
1. Алмаз токты қалай өткізеді? (Токты өткізбейді, ол оқшауланған) 2. Алмаздың кристалдық торының пішіні қандай? (Тетраэдр пішіндес) 3. Графиттен алмаз алуға бола ма? (Жоғары температурамен қысымда жасанды алуға болады) 4. Көміртектің металмен қосылысы қалай аталады? (Карбид) 5. Көміртек сутекпен әрекеттескенде қандай қасиет көрсетеді? (Тотықтыртырғыш) 6. Көміртектің адсорбциялық қасиетінің адам ағзасына қандай әсері бар? (Адам ағзасын улы газбен еріген заттардан тазартады)
Дескриптор: білім алушылар сұрақтарға жауап береді
| Амандасады, сұрақтарға жауап береді
| Қ.Б: ауызша «Мадақтау»
Критерийі:Сұрақтарға дұрыс жауап берген топ «Керемет»
Сұрақтарға жауап беруден қателескен топқа «Жақсы»
Сұрақтарға жауап беруден қиналған топқа «Орташа»
|
Оқулық, интербелсен-ді
|
| Сабақтың ортасы
25 минут
| Білу. Түсіну.
Оқушылар дәптерлеріне тақырыпты
жазып алады.
1 тапсырма «Кинометафора» әдісі. Білім алушылар зертханалық жұмысты бейнероликтен көріп, өз түсінгендерін және тұжырымдамасын дәптерге жазады.
|
Көреді, тұжырымдама жазады
|
|
|
| Сабақтың соңы
2 мин.
| Қорытынды: зертханалық тәжірибеге қорытынды жазу
Үй тапсырмасы: №3 тапсырма
|
| Қ.Б: ауызша «Мадақтау»
Критерийі: «Керемет»
«Жақсы»
«Орташа»
|
Интербелсен-ді тақта
| |