Главная страница

за мерзімді жоспар блімі 2в алгебрлы рнектер Мектеп


Скачать 294.49 Kb.
Названиеза мерзімді жоспар блімі 2в алгебрлы рнектер Мектеп
Дата05.12.2021
Размер294.49 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файла1544242287.docx
ТипДокументы
#292083


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6.2В Алгебрлық өрнектер

Мектеп: Н. Арапов атындағы жалпы орта мектеп

Күні: 4.12.2018ж

Мұғалімнің аты-жөні: Г. Бекбенбетова

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Айнымалы. Айнымалысы бар өрнек.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.2.1.3

алгебралық өрнектегі айнымалының мүмкін мәндерін табу;

6.2.1.4

айнымалылардың қандай мәндерінде алгебралық өрнектің практикалық есептер мәнмәтінінде мағынасы бар болатынын түсіну;

Сабақ

мақсаттары

Оқушылар:

  • алгебралық өрнектегі айнымалының мүмкін мәндерін табу;

  • айнымалылардың қандай мәндерінде алгебралық өрнектің практикалық есептер мәнмәтінінде мағынасы бар болатынын түсіну.

Бағалау

критерийлері

Оқушылар:

  • алгебралық өрнектегі айнымалының мүмкін мәндерін табады;

  • айнымалылардың қандай мәндерінде алгебралық өрнектің практикалық есептер мәнмәтінінде мағынасы бар болатынын түсінеді.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

- бұл бөлімдегі математикалық терминологияны қолданады;

- алгебралық өрнектің мүмкін мәндерін қалай анықтайтынын түсіндіреді;

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

- айнымалы;

- алгебралық өрнек;

- тепе-теңдік;

- айнымалының мәні;

- айнымалының мүмкін мәндері;

- коэффициент;

- әріпті бөлігі;

- ұқсас мүшелер;

- әріпті өрнектің мәні;

- өрнектерді тепе-тең түрлендірулері;

- өрнектерді ықшамдау.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

- алгебралық өрнек деп …;

- алгебралық өрнектің мәнін табу үшін … керек;

Құндылықтарды

дарыту

Әлемдік проблемаларын ескере отырып, жаһандық азаматтық сезімін дамыту. Өзіне және басқаларға құрметпен қарауды, ынтымақтастықты жұптық және топтық жұмыстар арқылы дарыту.

Пәнаралық

байланыстар

Бұл сабақта жаратылыстану-математика бағытындағы сабақтарда әртүрлі есептеулер үшін қажетті формулалар туралы түсініктер қарастырылады.

АКТ қолдану

дағдылары

Active Board тақтамен жұмыс істеу арқылы сабақты белсендендіру.

Бастапқы білім

Әріпті өрнек туралы түсінігі бар. Есептің шарты бойынша әріпті өрнекті құрастыра алады. Әріпті өрнектердің мәндерін таба алады. Бүтін өрнектерді түрлендірулерді орындай алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы
0 – 3 мин

Ұйымдастыру кезеңі

Бірлескен оқу ортасын құру.

Өткен сабақ бойынша қайталау сұрақтары:

  • алгебралық өрнек туралы түсінік, мысал;

  • айнымалылардың өрнектердің мәндерін қалай табады?

Үй тапсырмасын тексеру:

Параллелограмм, сызбасын тексеру, анықтамасын тұжырымдау.



Слайд 4

Сабақтың ортасы


3 – 18 мин

18 – 20 мин

20 – 28 мин


28 -30 мин

30 – 36 мин

36 – 38 мин

Жаңа материалды оқушылармен бірігіп үйрену.

Топқа бөлу.

«Сиқырлы сандықша» арқылы топтарға бөлу. Оқушылар «Сиқырлы сандықшадан» әртүрлі түспен боялған бірдей дөңгелек фигураларды қалауы бойынша алады. Алынған түстерге байланысты оқушылар 4 топқа бөлінеді.



Топтық жұмыс

Тапсырма 1.

a = 2 болғандағы берілген өрнектердің мәндерін табыңыз:

  1. ; 2) ; 3) .

Тапсырма 2.

х = 4 болғандағы берілген өрнектердің мәндерін табыңыз:

  1. ; 2) ; 3) .

Осы орындалған тапсырмалар бойынша топтардың пікірі тыңдалады. х = 4 болған кезде берілген өрнектердің мағынасы болмайды, себебі «0-ге бөлуге болмайды». Бұл жағдайда х – тің қабылдайтын мәндерінің жиыны 4 – тен басқа барлық сандар. Жазылуы:

Айнымалының берілген өрнектің мағынасы болатын мәндерін айнымалының қабылдайтын мәндері деп атайды.
Тапсырма 3.

  1. ; 2) ; 3) . 4)

өрнектердің ішінен: y-тің кез келген мәнінде мағынасы болатын өрнектерді таңдап жазыңыз.

Тапсырма 4.

1) өрнегінің мағынасы болмайтын барлық с-ның мәндерін таңдаңыз

1) с= 3;

2) с= 0, с=3;

3) с= 1;

4) с= 0, с= 1.

2) Әрбір өрнекті: ; 2) ; 3) анықталу облысымен сәйкестендіріңіз.

1) ; 2) кез келген сан; 3) ; ; 4)
Тапсырма 5.

  1. Бір пункттен бір мезгілде жолаушы x км/сағ жылдамдықпен және велосипедші 12 км/сағ жылдамдықпен шығады. 3 сағаттан кейін олардың арасындағы арақашықтық 45 км-ге теңболады. Егер мұндай жағдай мүмкін болса, жолаушының жылдамдығын табыңыз.

  2. Екі жолаушы бірмезгілде бір пункттен қарама-қарсы бағытта шықты. Бірінші жолаушының жылдамдығы 5 км/сағ, ал екінші жолаушының жылдамдығы 4 км/сағ. Егер олардың жылдамдықтары тұрақты болса, онда x (бүтін) сағаттан кейін олардың арасындағы арақашықтық 40 км болуы мүмкін бе?


Тапсырманы орындағаннан кейін оқушыларға қорытынды жасауын ұсыныңыз: практикалық есептердің шартында айнымалының қандай мәндерінде алгебралық өрнектің мағынасы болады?
Тапсырма орындалған соң мұғалім ұсынған дайын жауап арқылы топтар арасында өзара бағалау жүргізіледі.
Жұптық жұмыс

1. Айнымалылары бар өрнектің мәнін табыңдар,

m – n = 0,6.

  1. ; 2) ; 3) . 4) .

Жауабы: 0,4; 1,5; 2,5; -1.

2. Өрнектегі n айнымалысының қандай мәнінде өрнектің мағынасы болады:

  1. ; 2) ; 3) . 4) ?

Жауабы: ; ; ;

3.

Мектепаралық жарысқа х оқушы қатысты. Оның 10%-і жеңімпаз болды. Жеңімпаздардың 40 %-і қыздар. Неше қыз жеңімпаз болды? x = 200.

Жауабы: 8 қыз

4.

Өзеннің ағыс жылдамдығы а км/сағ. Ағыс жылдамдығы катердің жылдамдығының 10%-індей. Катердің өзінің жылдамдығын және катердің ағысқа жылдамдығын жазыңдар.

Жауабы: 10а; 9а.
Дескриптор: Білім алушы:

  • айнымалылары бар өрнектің мәнін табады;

  • айнымалысының қандай мәнінде өрнектің мағынасы болатынын анықтайды;

  • айнымалылардың қандай мәндерінде алгебралық өрнектің практикалық есептер мәнмәтінінде мағынасы бар болатынын түсінеді.


Жеке жұмыс, деңгейлік тапсырмалар

1. Берілген өрнектердің қайсысының b = - 6 болғанда мағынасы болмайды?

  1. ; 2) ; 3) .

Жауабы: 2 және 3
2. Сәйкестендіріңіз:

Штрихталған фигураның ауданын табыңыз:



  1. ; 2) ; 3) ; 4)

Жауабы: 2; 1; 4.
3. Маратта х марка, Саматта у марка, Талғатта zмарка бар. Марат пен Талғат маркаларын қосқанда Саматтың маркасынан 2 есе көп болды. Төменде берілген өрнектің ішінен дұрысын табыңыз.

1) x – y =2z; 2) x + z = 2y; 3) 2x – y = z; 4) 2z – x = y.

Жауабы: x + z = 2y.
Қатар отырған оқушылар дайын жауап арқылы бірін – бірі бағалайды.



Қосымша 1
Слайд 5
Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2- басылымы

Т.А. Алдамуратова,

Т.С, Байшоланов,

Е.С, Байшоланов . – Алматы: Атамұра, 2015.

ISBN 9965-34-442-6

Слайд 6

Қосымша 2


Қосымша 3


Слайд 7


Қосымша 4
Слайд 8


Сабақтың соңы
38 – 40 мин

Сабақты қорытындылау:

  • алгебралық өрнектегі айнымалының мүмкін мәндерін қалай табамыз?

  • айнымалылардың қандай мәндерінде алгебралық өрнектің практикалық есептер мәнмәтінінде мағынасы бар болады?

Үйге тапсырма

717. - ті пайдаланып, мына өрнектің мәнін табыңдар:

  1. ; 3) ; 5) ;

  2. ; 4) ; 6) ;

Рефлексия
Мен бүгінгі сабақта не білдім:

Мен не білдім




Мен не үйрендім




Мен нені түсінбедім




Мен не білуім керек







Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2- басылымы

Т.А. Алдамуратова,

Т.С, Байшоланов,

Е.С, Байшоланов . – Алматы: Атамұра, 2015.

ISBN 9965-34-442-6
Қосымша 5
Слайд 9

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

Сабақ үрдісінде ұсынылған тапсырмалар біртіндеп күрделеген. Оқушының ойлау қабілетін шыңдау барысында жеке тапсырма ұсынылады.


Жұптық жұмыста бірін-бірі бағалау,өзін өзі бағалау, мұғалімнің бағалауы. Әр жұмыстан кейін кері байланыс жасап отыру.

Дұрыс отыруын қадағалау, жұмыстану кезінде емін еркін қозғалыста болу.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?




написать администратору сайта