Главная страница
Навигация по странице:

  • Пәнге қатысты лексика мен терминология: Қозғалмалы, қозғалмайтын және аз қозғалмалы байланыстарДиалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы

  • Сабақтың басы

  • Сабақтың ортасы

  • Сабақтың соңы

  • Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз

  • Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз

  • Денсаулықты сақтау және қауіпсіздік ережелері

  • сүйектің байланысуы. Биология_8_ҚМЖ _Сүйектің байланысу түрлері. за мерзімді жоспар блімі 3В озалыс


    Скачать 25.63 Kb.
    Названиеза мерзімді жоспар блімі 3В озалыс
    Анкорсүйектің байланысуы
    Дата08.02.2022
    Размер25.63 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаБиология_8_ҚМЖ _Сүйектің байланысу түрлері.docx
    ТипДокументы
    #355169


    Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.3В Қозғалыс


    Мектеп:

    Күні: ___

    Мұғалімнің аты-жөні:

    Сынып:

    Қатысушылар саны:

    Қатыспағандар:

    Сабақтың тақырыбы

    Сүйектің байланысу түрлері (жаңа тақырыпты меңгерту)

    Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары

    8.1.6.3 сүйектердің байланыс түрлерін салыстыру

    Сабақтың мақсаттары

    • сүйектердің байланыс түрлерін салыстыру

    Бағалау критерийлері

    • сүйектердің байланыс түрлерін ажыратады

    • сүйектің байланысу түрлеріне мысалдар келтіреді

    Тілдік мақсаттар

    Оқушылар:

    Сүйектердің байланысуының әр түрлі типтерін және олардың қызметтерінің арасындағы байланысты анықтап, тиісті терминологияны пайдалана отырып, ауызша жазбаша түрде сипаттай алады.

    Пәнге қатысты лексика мен терминология:

    Қозғалмалы, қозғалмайтын және аз қозғалмалы байланыстар

    Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

    Сүйек талшықтары арқылы ...сүйектері байланысады.

    Сүйектер ... арқылы байланысқан болса олар...байланыс болып табылады.

    Ортан жілік пен жамбас сүйектері...арқылы байланысады.

    Тоқпан жілік пен кәрі жілік ...байланыспен байланысқан.

    Құндылықтарды дарыту

    Оқу тапсырмасын орындау кезде қоғамдық өмірге дайын болу, өзін бақылауда ұстай білу, бәсекеге қабілетті бола білу құндылықтары дамытылады.

    Жазбаша жұмыстар арқылы академиялық шыншылдық, нақтылық, өзін өзі реттей білу құндылықтары дамытылады.

    Ауызша жұмыстар арқылы ойды реттей білу, сенімділік, дәлелдерді қолдана білу құндылықтары дамытылады.

    Жеке жұмыс кезінде өзіне деген сенімділік, өзін-өзі көрсету құндылықтары дамытылады.

    Топтық немесе жұптық жұмыс кезінде ортақ іс артқаруда ынтымақтастықта бола білу, жаһандық азаматтық, өз оқуына жауапкершілікпен қарау, сынға алу, ортақ пайдалану құндылықтары дамытылады.

    Пәнаралық байланыс

    Пән аралық байланыс химия пәнімен сүйектер арасындағы шеміршектің химиялық құрамын қарастыру арқылы мүмкін болады.

    Алдыңғы білім

    «Жаратылыстану» курсынан оқушылар адамның сүйектерінің бөлімдерін және қозғалысты басқаратын бұлшықеттердің ролін біледі. 7 сынып «Қозғалыс» бөлімінен оқушылар омыртқасыздар мен омыртқалылардың қозғалыс мүшелері, тірі ағзалар үшін қозғалыстың рөлін біледі.

    Сабақ барысы

    Сабақ қезеңдері

    Жоспарланған іс-әрекеттер

    Оқыту көздері мен ресурстар

    Сабақтың басы

    0-4 мин


    Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау үшін оқушыларға бас қаңқасы моделін ұсынып, ондағы сүйектердің байланысуын зерттеу тапсырмасы ұсынылады. Оқушылар сүйектерді қозғап көріп, әрбір екі сүйектің арасындағы байланысына назар аударады. Осы сүйектердің арасында неге қозғалмайтын байланыс болады, онда буындар болса не болар еді деп сұрай отырып талқылаулар жүргізіледі.

    Сабақтың бағалау критерийлері таныстырылады.


    1 - слайд



    Сабақтың ортасы

    4-17 мин

    Оқушылар адам қаңқасы моделінде сүйектердің байланысу түрлерін анықтап, себептерін түсіндіреді. Мысалы, ми сауытының сүйектері қозғалмайтын байланыспен байлансу себебі оның ішінде орналасқан миды қорғау.

    Оқушылардың назарын сүйектердің арасындағы байланыстардың ерекшеліктеріне аудару маңызды.

    Таныстырылымда ұсынылған тапсырмаларды талқылай отырып, оқушылардың түсіну деңгейлерін анықтауға болады.

    Мұғалім тиісті кері байланыс ұсынады.

    1 - қосымша

    2-7 слайдтар

    17-27 мин

    Оқушылар 3 топқа бөлініп сүйектің қозғалмалы, аз қозғалатын, қозғалмайтын байланыстарын сипаттап, мысалдарды кестеге толтырады.

    Мұғалім оқушылардың сипаттамаларына сай әр түрлі сұрақтар қоя отырып, кері байланыс береді.

    2-қосымша

    27-36 мин

    Оқушылар толтырған кестедегі жауаптарымен бөліседі. Кестені толықтырады.

    8 слайд

    Сабақтың соңы

    37-40 мин

    Кері байланыс

    Мен ...түсіндім.

    Мен... түсіндіре аламын.


    9 слайд

    Қосымша ақпарат

    Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

    Сүйектің арасындағы байланыстың әр түрлі типтерінің құрылысы мен олардың қызметтері арасындағы байланысты орнатады

    Ресурс түрлері арқылы

    Қосымша ақпарат көздерін іздеу арқылы

    Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

    Сұраққа жауап берулері арқылы

    Ауызша түсіндірмелері арқылы

    Адам қаңқасында байланыс түрлерін атап көрсете білулері арқылы

    Кесте толтырулары арқылы


    Денсаулықты сақтау және қауіпсіздік ережелері

    Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау.
    Үлгілемен жұмыс кезінде абай болу.





    написать администратору сайта