|
1_2_Физика 9- сынып Рентген сәулелері_ саба_ жоспары. за мерзімді жоспар блімі 4 а атом рылысы. Атомды былыстар
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
9.4 А Атом құрылысы. Атомдық құбылыстар
| Мектеп: Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы НЗМ
Мұғалімнің аты-жөні:
| Күні:
|
|
| Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
| Сабақ тақырыбы
| Рентген сәулелері
| Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
| 9.6.1.5 Рентген сәулесін электромагниттік сәулелердің басқа түрлерімен салыстыру;
9.6.1.6 Рентген сәулесін қолдануға мысалдар келтіру
| Сабақтың мақсаты
| Рентген сәуле қасиеттерін және қолданылуын білу.
| Бағалау критерийлері
| сәулеленудің әрбір түрінің пайдаланылуына кемінде екі мысал келтіре алады (максималды үш қате) – мысалдар сызбада жазылуы тиіс.
| Тілдік мақсаттар
|
Толқын ұзындығы деп бiрдей фазада тербелiп тұрған iргелес (ең жақын) екi нүктенiң ара қашықтығына тең шаманы айтады
Толқынның өркеші диаграммада толқынның төбесі (пик) түрінде белгіленеді.
Толқынның ойысы диаграммада толқынның төмен түскен бөлігі.
Жиілік бір секундтағы толқындар саны.
Барлық электромагниттік толқындар бірдей жылдамдықпен таралады..
Тербеліс болып өткен түзудің бойымен таралатын толқын бойлық толқын деп, ал көлденең толқындар толқындағы бөлшектер тербелісінің бағытына перпендикуляр бағытта таралатын толқындар.
| Құндылықтарды дарыту
| Топпен жұмыс жасау барысында оқушыларға өзгенің ойын тыңдай білуге, мектеп құндылықтарын сақтауға тәрбиелеу. Тоқталып айтар болсақ: Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікті үнемі есте сақтау; Жұппен жұмыс істеу барысында бір біріне құрмет көрсетуді ұмытпау; Сыныпта жұмыс жасағанда ынтымақтастық атмосферасын қадағалау; Оқушылар өз пікірін білдіргенде ашықтықты ескеріп барлық оқушы пікірлерін тыңдау; Еңбек және шығармашылық нәтижесінде мақсатқа жететінімізді еске салу; мектептегі тақырыпқа сай іздену қажеттігін, өмір бойы білім алу керектігін білу.
| Пәнаралық байланыстар
| Биология
| АКТ қолдану дағдылары
| Бейнекөрініс арқылы білімдерін дамыту.
| Бастапқы білім
| 8 сынып «Электромагниттік тоқындар»
| Сабақ барысы
| Сабақтың жоспарланған кезеңдері
| Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
| Ресурстар
| Сабақтың басы
3 мин
| Сабақ басында:
- оқушылардың зейінін шоғырландыру (сәлемдесу, түгелдеу, оқу- құралдары)
- оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын/ОМ анықтап алу (өткен материал, жаңа материал)
|
| Сабақтың ортасы
5-8 мин
9-20 мин
| Жаттығу: оқушыларды сергіту, ойларын жинақтау.
Оқушылар 8-сыныптан Электромагниттік толқындар туралы жалпы мағлұмат алған.
Жеке тапсырма: (G) немесе (W) Оқушылардан ЭМ спектрінің бір элементін зерттеп және ол туралы ақпаратты сыныпқа ұсынуды сұрау
Әр электромагниттік толқынның пайда болу шарттарын, қолданылу аймағын, кім немесе қалай ашылғанын, пайдасы мен зияны және толқын ұзындығы мен жиілігі туралы ақпарат жинау
Оқушылардан балаға мобильді телефонды пайдалануға рұқсат бергенде мүмкін болатын қауіпсіздік туралы баяндама жасауды тапсыру;
Оқушылардан күннін әсерінен туындайтын қауіпсіздікке байланысты ескертпе қартаны жасауды ұзыну
Оқушылар электромагниттік толқындардың алатын рөлін сипаттап беруі тиіс:
радио және теледидар байланысында (радиотолқындар); спутниктік теледидарда және телефонда (микротолқындар); электр құралдарында, теледидарлар мен күзет дабылына арналған ДБП (инфрақызыл); көрінетін жарықтың құрамдас түстерге шашыруында, шыныталшықты қолданысында (көрінетін жарық); ультракүлгін жарықта, қорғаныс құрылғысындағы секілді; арнайы өңделген материалдардың (ультракүлгін)флуоресценциясында; радиологияда, инжененияда және қауіпсіздікте (рентген сәулелері) медициналық мақсатта қолданыста, әсіресе обырды емдеуде (гамма сәулелері).
Жаңа сабақ:
1-топқа тапсырма:
Рентген сәулесі туралы материалдар жинау:
Рентген сәулесінің ашылу тарихы.
Рентген сәулесінің шығарылуы.
Рентген сәуленің қасиеттері.
Рентген сәулесінің қолданылуы.
2- топқа тапсырма:
Гамма сәулесі туралы материалдар жинау:
Гамма сәулесінің ашылу тарихы.
Гамма сәуленің шығарылуы.
Гамма сәуленің қасиеттері.
Гамма сәуленің қолданылуы.
3 топқа тапсырма:
Гамма және рентген сәулелерінің айырмашылықтары мен ұқсастықтарын Венн диаграммасы арқылы.
Әр топ жинаған материалын таныстырады, оқушылар «Екі жұлдыз, бір тілек» бойынша бағалайды. Рентген сәуле деген не?
Толқын ұзындығы 0,01-ден 10 нанометр (нм) аралығындағы толқындар ренген сәулелері деп аталады. Бұл толқындар төменгі энергетикалық деңгейдегі электрондардың бөлінуінен (үлкен жылдамдықтағы еркін электрон) түзіледі. Бұл аралық жоғарғы энергетикалық деңгейдегі жоғары энергиялы электронмен толтырылады. Бұл толқындардың жиілігі өте жоғары, эксагерцпен (1000 миллиард, миллиард Герц) өлшенеді. Жиілігі осындай жоғары электромагниттік толқындар электрондарды атомдардан ажыратып, оң зарядты ионға айналдыратын үлкен энергияға ие. Сол себепті рентген сәулелерін иондаушы сәулелердің бір формасы деп айта аламыз. Рентген сәуленің медицинада қолданылуы: Толқын ұзындығы қысқа рентген сәулелері адам ағзасынан өтеді, алайда сүйектермен жұтылады. Фотопленка науқастың артына қойылатын болса, онда сүйектермен жұтылған аймақтар бос күйінде қалады. Ағзадағы сүйек бейнесі осы жолмен алынады, дегенмен заманауи рентген құрылғылары бейненің орнына сандық детекторлар қолданады. Ұлпалар белгілі бір мөлшерге дейін рентген сәулелерін жұтады, сондықтан сүйектерден басқа да заттарды көруге болады және оны диагностика үшін қолданады. • Гамма сәулелер дегеніміз не?
Толқын ұзындықтары 0,01 нм-ден төмен электромагниттік толқындар гамма сәулелер деп аталады. Шындығында, гамма сәулелер мен рентген сәулелерінің арасындағы шекараны айқындау қиын, сондықтан кейде бірдей толқынды ұзындығы қысқа рентген сәулесі немесе толқын ұзындығы үлкен гамма сәулесі деп санауға болады. Сондықтан, толқындар шығу тегіне байланысты жіктеледі. Рентген сәулелері атомдағы электрондар арқылы шығарылғанымен, гамма сәулелері атом ядросынан бөлінеді, немесе материя мен антиматерия жойылғанда бөлінеді. Гамма сәулелерін оқшаулау өте қиын, көбіне оның әсерінен сақтану үшін қалың бетон немесе қорғасын қолданылады. Гамма сәулелер иондалған сәулелердің бір түрі болып табылады және ол ұлпаны зақымдай алады. Оның басқа түрлерге қарағанда, зияны аз, себебі оның кез келген заттан өту қабілеті оның адам денесінен де жұтылмай толық өтетіндігін білдіреді. Гамма сәулелер медицинада қалай қолданылады? Гамма сәулелер адамға зиянды болғанымен және қатерлі ісікке шалдығуға ықпал еткенімен, қатерлі ісік жасушаларын жоятын сәулелік терапияда қолданылады. Гамма сәулелердің адам денесінен өтуі гамма сәлелерін шығаратын заттар детектор ретінде қолданылу мүмкін екендігін білдіреді. Гамма сәулелер шығаратын заттар іштей қабылданады. Гамма сәулелер ағза сыртынан анықталады және олардың таралымы айқын көрінеді, сол себепті олар зерттеу мақсатында түсірілімдер жасау үшін және диагностика үшін қолданылады.
Үй тапсырмасы: 9- сынып оқулығы 36, 37- тақырыптарды оқу.
|
http://www.nuffieldfoundation.org/practical-physics/pulses-and-continuous-waves-slinky-spring немесе толқын моделінің аппараты
http://phet.colorado.edu/en/simulation/wave-on-a-string
Слайд 3-5
Электромагниттік толқындар шкаласы:
http://bilimland.kz/kk/content/lesson/10896-ehlektromagnittik_tolqyndarynyng_shkalasy
Радио және теледидар http://phet.colorado.edu/en/simulation/radio-waves
| Сабақтың соңы
| Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:
Мен осы сабақта не білдім? Осы сабақта алған білімдерімді қайда қолданамын? Сабақтан кейінгі менің көңіл күйім?
Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір критерийлер бойынша бағалай алады
| Кері байланыс алу.
| Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
| Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
| Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
| Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу
| Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз
| Денсаулық сақтау технологиялары.
Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.
Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары
| Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?
| Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
|
| Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
| |
|
|