Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
5.4 A Ғұндар
| Мектеп: Айнабұлақ ЖББНМ
|
Күні:
Сынып: 5
Мұғалімнің аты-жөні: Н.Х. Габбасова
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
|
Сабақ тақырыбы
| Ғұн тайпаларының бірігуі
|
Зерттеу сұрағы
| Неге Мөде шаньюй «Жер-мемлекеттің негізі» деді?
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
| 5.1.1.3 Ғұндардың қоныс аудару бағыттарын тарихи картадан көрсету 5.3.1.2 ежелгі мемлекеттік бірлестіктердің құрылуын түсіндіру
|
Сабақ мақсаттары
| Барлық оқушылар:
Ғұндардың тарихына және Ғұн мемлекетінің қалыптасуына сипаттама береді.
Оқушылардың басым бөлігі:
Картадан ғұндардың аумағын анықтайды
Кейбір оқушылар:
Мөде шаньюй саясатына баға береді.
Ғұндардың мемлекеттік дәрежеге қалай жеткенін түсіндіреді.
|
Бағалау критерийлері
| Білу және түсіну:
Ғұндардар жайлы деректерді пайдалана отырып, ғұндар тарихын біледі
Көшпелілер үшін жердің қаншалықты маңызды болғанын түсінеді
Білімін қолдану:
Картадан ғұндардың аумағын анықтайды.
Талдау, жинақтау бағалау:
Мөде шанью саясатына баға береді
Сабақ барысында Мөденің ғұндар тарихында алатын орнының маңыздылығын анықтайды
|
Тілдік мақсаттар
| 1.Рим,Қытай жазба деректерімен жұмыс жасайды(оқылым дағдысы)
2. бейнематериалмен жұмыс жасайды және оның негізінде тірек сөздерді маңызды мағлұматтарды жазады (тыңдалым және жазылым дағдысы);
3. сұрақтарды талқылайды, пікір алмасады (айтылым дағдысы)
Терминдер:
әскери демократия – қоғамдық құрылыстың түрі.
Шаньюй – ғұндардың мемлекет басшысы.
тайпалық одақ – бірнеше тайпалардың біріккен одағы
Диалог пен жазуға пайдалы сөздер тізбегі:
-Мөде шаньюй«жер мемлекеттің негізі» деді, өйткені.... - Не себепті.... мемлекеттің шаньюйден кейінгі басты тұлғалары түменбасы деп аталды. - Шаньюй бұл....
|
Құндылықтарды дарыту
| Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік,құрмет, ынтымақтастық,ашықтық.
Мөде қағанның іс-әрекеттері арқылы, туған жерді сүюге және патриотизмге жетелеймін.
|
Пәнаралық байланыстар
| Кескін картаға ғұндар орналасқан аумақтар мен қоныс аудару бағыттарын көрсете отырып, географиямен байланыс орнатады. Сондай-ақ, ғұндардың көрші тайпалары жайлы мағлұматтармен таныса келе дүние жүзі тарихымен пән аралық байланыс орнатады.
|
Алдыңғы білім
| Үйсіндер мен қаңлылар тайпалары туралы біледі.
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
| Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
| Ресурстар
|
Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту кезеңі
| Бастапқы ынталандыру. Сыныпта жағымды ахуал қалыптастыру. Оқушылармен амандасу. Оқушыларды түгелдеу.
Топқа бөлу: «Атом молекула» әдісі арқылы Ту, Гимн, Елтаңба, Конститутсия атауларымен талаптары әртүрлі оқушылар тәсілі арқылы бөлінеді.
Сыныпты 4 топқа бөлу ұсынылады.
Мұғалім сөзі: Сабақтың және оқу мақсатымен таныстыру.
Сабақ тақырыбына шығу (бейнематериал арқылы сыни тұрғыда ойландыра отырып). Бейнематериалды қарап отырып оқушылар тірек сөздерді маңызды мәліметтерді жазып отырады. Оқушыларға сұрақ қою арқылы диалогке түсемін.
|
.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны тану кезеңі
| «Тірек мәтін»
Оқушылар топтасып сұрақтарға жазбаша түрде жауап береді,жауап бере отырып өтіп жатқан тақырыпқа тірек конспектісін жасайды.(4 сұрақты 4 топқа бөліп беру ұсынылады).
• Ғұндардың тарихына және Ғұн мемлекетінің қалыптасуына сипаттама беру.
Критерийлер:
1) Тақырып аясында нақтылықтың болуы
2) Топ оқушыларының барлығының жұмыс істеуі, сөйлеуі
3) Жұмысты қорғауға 3 мин беріледі
Тапсырма:
1 топ
Ғұн тайпаларының шығу тегін, бет әлпетінің ерекшелігі туралы ақпарат жинау
2 топ
Ғұндар туралы деректер айту, сипаттамасын түсіндіру
3 топ
Мөде шаньюйге түйіндеме жасау
4топ
Ғұндармен дунхулардың қарым –қатынасын дунхулардың талаптары мен оған Мөденің жауабын тірек сызба арқылы таныстыру.
Дескриптор
1.Ғұн тайпалары жөнінде ақпарат жинай біледі.
2ғұндар туралы деректердің қайдан алынғанын анықтайды.
3.Мөде шаньюге түйіндеме жасай алады.
4.Ғұндар үшін жердің құнды екенін қаншалықты маңызды екенін анықтай алады.
Оқушылар ғұндар жайлы деректерді пайдалана отырып, ғұндарға қысқаша мәлімет жазады. Топтарға бір-бірін бағалауды ұсынамын. Бұл жерде критерий ретінде: нақтылық, мәліметтің құндылығын көрсетемін. Картамен жұмыс жасау
• Картадан ғұндардың аумағын анықтайды.
Дескриптор
Ғұндардың аумағын анықтап,кескін картаға түсіре алады «Екі жұлдыз бір тілек» бойынша бағаланады
|
|
Сабақтың соңы
Қорытындылау кезеңі
| Бекіту «Ыстық орындық»
М/Б Ыстық орындық (мұғалім ең үздік және ең әлсіз оқушыны таңдап алып, төмендегі сұрақтарды қояды)
Неліктен көрші ел Дунху Мөденің астындағы атын сұрағанда ол беруге келісті?
Мөде әйелін неліктен жауларына беруге қарсы болмады деп ойлайсыңдар?
Мөде мал жаюға қолайсыз жерді беруге неге келіспеді?
Рефлексия мен кері байланыс
Бүгінгі сабақтан мен не білдім?
Сабақ барысында қандай қиындыққа кездестің?
Сабақ барысында қандай сұрақ туындады?
|
|