Главная страница

ҚМЖ. за мерзімді жоспар блімі A. Адам азасындаы химиялы элементтер


Скачать 369.73 Kb.
Названиеза мерзімді жоспар блімі A. Адам азасындаы химиялы элементтер
Дата03.11.2022
Размер369.73 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаҚМЖ.docx
ТипДокументы
#769099

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.4.A. Адам ағзасындағы химиялық элементтер

Қысқа мерзімді жоспар

Пәні:Химия

Сыныбы: 7 «А»

Мерзімі:

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатыспағандар: Қатысқандар:

Сабақтың тақырыбы:

№4 Практикалық жұмыс. «Тағам құрамындағы қоректік заттарды анықтау»

Осы сабақта қол жеткізілетін

оқу мақсаттары

(оқу бағдарламасына сілтеме)

7.5.1.2 -тағамдық өнімдердің бір қатарын: көмірсулар (крахмал), нәруыз, майларды білу және анықтай алу


Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:

Тағам құрамындағы қоректік заттарды біледі.

Оқушылардың басым бөлігі:

Тағам құрамындағы заттарды зерттейді,түсіндіре

алады

Кейбір оқушылар:

Тағамдық өнімдерді анықтай алады.

Бағалау критерийі

  • Тағам құрамындағы қоректік заттарды жіктей алады

  • Тағам құрамындағы қоректік зеттарды практика жүзінде анықтайды.

  • Қоректік заттар туралы қорытынды жасай алады.

Тілдік мақсаттар

Тақырыптың мағынасын тереңірек түсінеді,термин сөздермен жұмыс жасайды

Құндылықтарға баулу

Өмір бақи білім алу,бірлесіп жұмыс жасау,сын тұрғысынан ойлау,

Құрмет -жұппен және топпен жұмыс жасауда ынтымақтастық қарым – қатынас дағдыларын қалыптастыру.

Жауапкершілік – қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын орындау кезінде.

Пән аралық байланыс

Биология, информатика

Бастапқы білім

7.5.1.1 -тағам өнімдерін химиялық заттардың жиынтығы деп түсіну;

Сабақ барысы




Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

1-минут


1-2-минут

1.Ұйымдастыру жұмыстары

- Оқушылармен сәлемдесу;

- Келмеген оқушыларды белгілеп алу;

- Психологиялық ахуал қалыптастыру

Жұппен жұмыс. «Байқау» әдісі .Тақтаға 4 оқушы шығады (2 ұл, 2 қыз).Алдымен бір-біріне қарап тұрады да, одан соң теріс айналады.Сол кезде бір заттарын немесе шашын, галстугін) өзгертеді.Қайтадан айналып бір-біріне қарап ,бір-бірінің өзгерткен заттарын байқау керек.

Ауызша мұғалім кері байланыс жасайды.(Жарайсың, Керемет, Жақсы, Мұқият бол) .Бүгінгі біздің сабағымыз байқампаздықты, мұқияттылықты қажет ететін болады.

2. «Құпия эмблема» тәсілі бойынша 2 топқа бөліп, топ басшыларын сайлап аламыз. Интерактивті тақтадан алты сандықша болады. Ол сандықшалардың ішінде кім қай топта отыратыны жазылған. Әр топта бір-бір топ басшысы болады. Бағалау парағына сабақ барысында жинаған ұпайларын смайликтер арқылы көрсетіп отырады.

Интербелсенді тақта

5 минут
Білу түсіну деңгейі

3. Жеке жұмыс «Сұрақты қағып ал» тәсілі арқылы өткен сабақты еске түсіреміз. Мұғалім сұрақ қойып, оқушыларға доп лақтырылады. Бұл сұрау үдерісінде кинестикалық сипат береді және оқушыларды өз еркімен жауап беруге итермелейді. Оқушы жауапты білмеген жағдайда допты басқа оқушыларға лақтыруына мүмкіндік беріледі. Сұрақтардың қиындығына орай оның бастапқы салмағын белгілеуге болады. Мысалы, қағып алған оқушы жауабын білмей, допты басқа оқушыға лақтырса, сұрақтың құны бір ұпайға кемиді.

Әрбір оқушының жауабын топ басшысы қадағалап отырады да бағалау парағына смайликтер жабыстырып отырады.

1.Тағам құрамындағы қоректік заттарды атаңыз.

Болжамды жауаптары: Нәруыздар, Дәрумендер, Майлар,

Көмірсулар

2.Макроэлементер дегеніміз не? Мысал келтір.

Болжамды жауаптары : Дене массасымен салыстырғанда 0,005%-дан жоғары мөлшерде болатын химиялық элементтер макроэлементтер деп аталады.Оларға : Н,О,С,Na, N, Mg, P,S, Cl, K, Ca элементтері жатады.

3.Микроэлементтер дегеніміз не? Мысал келтір.

Болжамды жауаптары: Олардың мөлшері дене массасымен салыстырғанда 0,005%- дан аспайды, ал ұлпалардағы концентрациясы 0,000001%- дан артық емес болатын химиялық элементтер микроэлементтер деп аталады.Оларға: Co, Ni, As, Cd элементтері жатады.

4.Нәруыздар дегеніміз не? Олардың құрамындағы химиялық элементтерді атаңыз.

Болжамды жауаптары:Құрамында 20 аминқышқылы кіретін күрделі органикалық қосылыстар.Аминқышқылдарына C, H, O, N, S сияқты элементтерден тұратын күрделі органикалық заттар.

5. Майлар дегеніміз не? Олардың құрамындағы химиялық элементтерді атаңыз

Болжамды жауаптары: Майлар-май қышқылдарынан және глицериннен түзілетін күрделі органикалық қосылыс.Майдың құрамына C, H, O сияқты элементтер кіреді.

6. Көмірсулар дегеніміз не? Олардың құрамындағы химиялық элементтерді атаңыз

Болжамды жауаптары: Көмірсулар- құрамына C, H, O сияқты элементтер кіретін күрделі органикалық қосылыстар.

7.Дәрумендер дегеніміз не? Олардың бірнеше түрін атаңыз

Болжамды жауаптары:Дәрумендер- оларда қоректік заттар.Адам организімінің қалыпты тіршілігі үшін өте қажет. А, Д, В1 , В2 , В6 , В12, С витаминдері бар.

8.Қан плазмасында мырыштың төмендеуінің салдары

Болжамды жауаптары:Қан плазмасында мырыш мөлшерінің төмендеуі жүрек инфаркті ауруының пайда болуына міндетті түрде әкеп соқтырады.

9.Қанда литий мөлшерінің азаюының көрсеткіші

Болжамды жауаптары:Қанда литий мөлшерінің азаюы-гипертониялық сырқаттардың пайда болуының көрсеткіші.

10.Темір тапшылығынан пайда болатын ауру

Болжамды жауаптары:Қанда темір мөлшерінің азаюы – қаназдық (анимения) ауруына әкеп соқтырады.

Критерийлер

Дескриптор

Қалыптастырушы бағалау

-Тағам құрамындағы қоректік заттарды анықтайды

-Макро және микро элементтерді анықтайды

-Адам ағзасына жетіспейтін химиялық элементтің салдарынан қандай ауру туындайтынын болжайды

-Тағам құрамындағы қоректік заттарды біледі

- Макро және микро элементтерді айта алады

  • Химиялық элемент жетіспе

гендіктен ауру туындайтынын айтады

«Смайликтер» арқылы бағалау.




Доп,смайликтер


2-минут

Сабақтың ортасы

20 минут

Анықтау,қолдану деңгейі

6-минут

Сабақтың соңы

4. Тақырыпты болжау мақсатында бірнеше фото-суреттер көрсетіледі. «Артығын алып таста» тәсілі арқылы бүгінгі тақырыпты ашамын.Тақтаға суреттер жинағын көрсетемін.Оқушылар қай сурет артық болып тұрғанын көрсету керек.

Қ.Б.Тақырыпқа қатысты суреттерді тауып айтқан оқушыларға тағы «Жұлдызша» смайликтер беремін.

Жауап: Тағам құрамындағы қоректік заттарды анықтау
5. №4 Практикалық жұмыс «Анықта –Абайла!» әдісі

Сабақтың оқу мақсатымен таныстырамын және әрбір топтың үстелінде тұрғанын ескертемін.

Мұғалімнің түсіндірмелі жұмысы

1.Қауіпсіздік техника ережесі

2.Жұмыс барысымен таныстырады

Әрбір топқа нұсқаулық таратылып беріледі. Топтық жұмыс.

Әр топтан екі немесе үш немесе төрт оқушы шығып өздеріне берілген нұсқаулықпен (Үстілерінде ақ халат және қолғап)

1. Алдымен жұмыстың мазмұнымен танысады

2.Керекті реактивтер мен құрал-жабдықтарды алады.

3.Сол жұмыс барысындағы қауіпсіздік ережесімен таныстырады

4.Қолдарындағы нұсқаулық бойынша жұмысты көрсетеді.

1-топ сол жұмысты жасап көрсетеді. Басқа топтар оған сипаттама береді. Байқалған құбылыстарды дәптерлеріне жазады.

Жұмыс барысы:

1-топ « Аққуыздар»

Нәруыздың түсті реакциялары.

Конус тәрізді құтыда нәруыз ерітіндісі дайындалған. Сынауыққа 2 мл нәруыз ерітіндісін құйыңдар және үстіне 5-6 тамшы 1% -дық мыс(ІІ) сульфаты ерітіндісін, натрий гидроксидін тамшуырдың көмегімен тамызыңдар. Байқалғанс өзгерістерді кестеге жазыңдар.

2-топ «Көмірсулар»

Конус тәрізді құтыда нәруыз ерітіндісі дайындалған.Сынауыққа 4 мл нәруыз ерітіндісін құйыңдар және үстіне 1мл концентрлі азот қышқылын құйып қоспаны аздап қыздырыңдар.Байқалған өзгерістерді кестеге жазыңдар.

Оқушылардың тәжірибиені қаншалықты дұрыс жасаны туралы сипаттауға болады
Тағам құрамындағы нәруыз, май, крахмал құрамы туралы қорытынды жазыңдар.

Критерийлер

Дескриптор

Қалыптастырушы бағалау

Жұмыртқаның құрамындағы нәруызды анықтайды.

-Тағам құрамындағы нәруыз, май, крахмал құрамы туралы қорытынды жасайды


-Жұмыртқаның құрамындағы нәруызды анықтады

- Тағам құрамындағы нәруыз, май, крахмал құрамы туралы қорытынды жазады

Оқушылар бас бармақ әдісі арқылы бағалау.






«Сөздік» бағалау (ауызша кері байланыс)

Мұғалім білім алушыларды орындаған тәжірибиелері үшін мақтайды.Осыған орай оқушылардың берілген тапсырманы ұққандары жайлы түсінуге болады.Мұғалім оқушылардың қателерін көрсетуге болады.Олардың жұмысын бағалайды.
6.Жеке жұмыс. «Шын және Жалған» Қалыптастырушы бағалау

Шын және Жалған екенін анықтаңыз.

1.Адам организміне қажет элементтер қоректік заттармен белгілі мөлшерде түсіп тұрады

Шындық

Жалған








2.Көмірсуларды көп мөлшерде пайдалану адам салмағының азаюына әкеледі

Шындық

Жалған








3.Глюкоза- адам миы үшін қажет ең басты энергия көзі

Шындық

Жалған








4.Адам салмағының 15-20%-ын нәруыз құрайды

Шындық

Жалған








5.Майлардың құрамына көміртек C, сутек H, азот N, күкірт S, оттек O сияқты элементтері кіреді

Шындық

Жалған







Интерактивті тақтаға жаубы шығады

Топтағы оқушылар парақтарымен алмасады да бір –бірінің тапсырмаларын тексереді.Топ басшылары бағалау парағына алған баллдарын смайликпен бағалайды.(бір дұрыс жауапқа бір смайлик)


Критерийлер

Дескриптор

Қалыптастырушы бағалау

Адам организмінде қоректік заттардың шын және жалған екенін анықтайды

Шын екенін анықтады

Жалған екенін анықтады

«Смайликтер» арқылы бағалау.

Кері байланыс: Сематикалық карта әдісі

Әр топтың топ басшыларындағы смайликтердің көмегімен оқушылар қалыптастырушы бағаланады.
Үйге тапсырма:§18 ;106 беттегі,№7-9 тапсырмалар жазбаша

Рефлексия:

«Рефлексивті нысана» тәсілі

Тақтада дөңгелек шеңбердің суреті ілулі тұрады. Оқушылар бүгінгі сабақта болған іс әрекеттерін , «Белсенді қатыстым», «Қызықты болды», «Түсінікті болды». «Жаңа нәрсе үйрендім» деген жазулардың және сандардың тұсына жүрекше стикерлерін іледі. Қалаулары бойынша стикерлерге өздерін толғандырған мәселе мен қиындықтарын жазуларына болады.


Интербелсенді тақта

Құралдар мен реактивтер,материалдар:Конус тәрізді құты,сынауық,сынауыққа арналған тұрғы, сүзгі қағаз,су, мыс(ІІ) сульфаты,йод

тың спирттегі ерітіндісі,жұмыртқа нәруызы


Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.



1-топ «Аққуыздар»

4 Практикалық жұмыс. «Тағам құрамындағы қоректік заттарды анықтау»

Нұсқаулық

1. Алдымен жұмыстың мазмұнымен танысасыңдар

2.Мұғалімнің үстелінен керекті реактивтер мен құрал-жабдықтарды таңдап аласыңдар

3.Сол жұмыс барысындағы қауіпсіздік ережесімен таныстырасыңдар

4.Қолдарындағы нұсқаулық бойынша жұмысты көрсетесіңдер

1-топ сол жұмысты жасап көрсетеді. Басқа топтар оған сипаттама береді. Байқалған құбылыстарды дәптерлеріне жазасыңдар

Жұмыстың мазмұны:

  1. Конус тәрізді құтыда нәруыз ерітіндісі дайындалған. Сынауыққа 2 мл нәруыз ерітіндісін құйыңдар және үстіне 5-6 тамшы 1% -дық мыс(ІІ) сульфаты ерітіндісін, натрий гидроксидін тамшуырдың көмегімен тамызыңдар. Байқалған өзгерістерді кестеге жазыңдар.

  2. Әр топтың жасаған жұмысын бақылап, дәптердегі кестеге жазасыңдар

  3. Тағам құрамындағы нәруыз, май, крахмал құрамы туралы қорытынды жазыңдар.


Жауабы:

1-топ «Көмірсу»

1-оқушы

Бұл жұмыстың орындалуына мынадай құралдар мен жабдықтар керек. Құты,сынауық,тамшуыр,құйғы,спирт шамы,сіріңке,жұмыртқа нәруызы,натрий гидроксидінің 10%-дық ерітіндісі,мыс (ІІ) сульфатының 5%-дық ерітіндісі керек

2-оқушы:

Жұмыс барысында қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз керек

1.Химиялық ыдыстардың ,реактивтердің тазалығын тексеру қажет.Ыдыстар таза

2.Натрий гидроксиді сілті болып табылады, күйдіргіш натрий деген атқа ие,онымен жұмыс істегенде абай болу керек.Қолымызға қолғап киеміз.

3.Жанғыш заттармен жұмыс жасағанда сақтық шараларын мұқият орындауымыз қажет.

3-оқушы

Қолына қолғап киемін.Қауіпсіздік үшін.Мен тәжірибиені нұсқаулықтағыдай жасаймын.Мұқият назар аударыңыздар.Мен тәжірибие жасадым не байқадыңыздар ?

Олардың жауабы:Сынауыққа 2 мл жұмыртқа нәруызының судағы ерітіндісін құйып үстіне 5-6 тамшы 1% -дық мыс(ІІ) сульфаты ерітіндісін, натрий гидроксидін тамшуырдың көмегімен тамызыңдар.Тағы бір оқушы:Бұл реакция нәруызды анықтайтын реакция.Биурет реакциясы деп аталады.


написать администратору сайта