Главная страница
Навигация по странице:

  • Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

  • Бағалау критерийлері

  • Пәнаралық байланыстар

  • Сабақ барысы Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы

  • Ұйымдастыру кезеңі . Сабақ мақсатын қою .

  • Тапсырма

  • Сабақты қорытындылау .Рефлексия.

  • Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз

  • практика. 1_Алгебра_8сынып_Статистика элементтері_Жиілік алқабы,жиілік гис. за мерзімді жоспар блімі Статистика элементтері Мектеп 39


    Скачать 27.52 Kb.
    Названиеза мерзімді жоспар блімі Статистика элементтері Мектеп 39
    Анкорпрактика
    Дата22.02.2023
    Размер27.52 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла1_Алгебра_8сынып_Статистика элементтері_Жиілік алқабы,жиілік гис.docx
    ТипДокументы
    #951151

    Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

    Статистика элементтері

    Мектеп: №39

    Күні:

    Мұғалімнің аты-жөні: Алдасугурова Мадина

    Сынып: 8

    Қатысушылар саны:

    Қатыспағандар:

    Сабақ тақырыбы

    Жиілік алқабы, жиілік гистограммасы

    Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

    8.3.3.2 жиіліктердің интервалдық кестесінің деректерін жиіліктер гистограммасы арқылы беру.

    Сабақ мақсаттары

    Оқушылар:

    • Интервалдық кестедегі деректер бойынша гистограмманы салады және гистограмма бойынша интервалдық кестені толтырады.




    Бағалау критерийлері

    Оқушы:

    • Интервалдық қатардың жиілік тығыздығын есептейді;

    • Кесте бойынша гистограмманы салады;

    • Гистограмма бойынша кестені толтырады.




    Тілдік мақсаттар

    Оқушылар:

    • деректерді жинау және өңдеу үрдісі туралы тұжырымдайды;

    • таңдаманың жиіліктердің интервалдық кестесі және гистограмма түрінде берілуін тұжырымдайды;

    • гистограмманы құру алгоритмін айтады.

    Пәнге қатысты лексикажәне терминология:

    Жиілік; жиілік тығыздығы, жиіліктердің интервалдық кестесі; интервал ұзындығы; модалық класс.

    Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

    • алынған деректерді жиіліктердің интервалдық кестесі түрінде көрсету үшін...

    • өңделмеген мәліметтерді жинақтау үшін, интервалдық кестені құрамыз.

    • гистограмманың жиілігі ... болып табылады.




    Құндылықтарды дарыту


    Құндылықтарды дарыту осы сабақта жоспарланған іс-әрекеттер арқылы жүзеге асады. Оқуға үйрену, жағдаятты талдау, жаңа шарттарға бейімделу, мәселені қою және шешім қабылдау, топта жүмыс істеу, өзінің жұмысының сапасына жауап беру, өз уақытын ұйымдастыру білігі.

    Пәнаралық байланыстар

    Сабақта қарастырылатын мысалдардағы/тапсырмалардағы ақпараттар әртүрлі салалардан алынған, мысалы, биология, экономика т.с.с.


    Сабақ барысы

    Сабақтың жоспарланған кезеңдері

    Сабақтағы жоспарланған

    іс-әрекет


    Ресурстар

    Сабақтың басы

    2 мин

    5 мин


    1. Ұйымдастыру кезеңі. Сабақ мақсатын қою.

    Мұғалім оқушылармен сәлімдесіп, олардың сабаққа дайындығын тексереді. Мұғалім сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттарын айтады. Оқушылармен бірге сабақ мақсаттары құрастырылып айтылады. Кейін мұғалім бағалау критерийлерін айтып, оқушылардың «жақын даму аймағын» айқындайды, сабақ аяғына қарай күтілетін нәтижелерді айтады.


    1. Қайталау.

    Мұғалім оқушылардың бұрынғы білімдерін белсендендіру мақсатында келесідей сұрақтарды қояды:

    - Арифметикалық орта дегеніміз не?

    - Өзгеріс ауқымын қалай табамыз?

    - Мода дегеніміз не?

    - Медиананы қай уақытта таба аламыз?

    Енді оқушылардың жалпы түсініктерін тексеру мақсатында келесі тапсырманы ұсыныңыз:
    Тапсырма: 5, 1; 7, 5; 8, 3; 10, 2; 20 сандарының арифметикалық ортасын табыңдар:




    Сабақтың ортасы

    7-20 мин

    20-38 мин


    Жаңа сабақты түсіндіру.

    Жиілік алқабы, кестесі, жиілік гистограммасымен танысады. Абсолют жиілік пен салыстырмалы жиілікті салыстырады. Гистограмма мен график салады.

    Оқулықпен жұмыс







    Сабақтың соңы

    39-40 мин

    1. Сабақты қорытындылау.Рефлексия.

    Мұғалім сабақ мақсаттарына қайтып оралады, олардың жетістіктерінің деңгейін айтады. Келесі сабақтарды жоспарлау мақсатында оқушыларға сұрақтар қойылады:

    • Бүгін мен білдім …

    • Маған қызықты болды …

    • Маған қиын болды …

    • Мен ... тапсырмаларын орындадым.

    Сұрақтар ауызша немесе жазбаша талқылана алады.
    Үй тапсырмасы ретінде оқушыларға қосымша деңгейлік тапсырмаларды ұсынуға болады, олар әдістемелік нұсқаулықта берілген.



    Сабаққа берілген әдістемелік ұсыныстар

    Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

    Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз

    Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы




    Сабақта өзіне сенімсіз оқушылар біршама қабілетті оқушылармен бірге жұпта жұмыс жасайтындай етіп жасалған, сонда олар қабілетті оқушылармен жұмыс жасағанда көбірек біле алады.

    Қабілетті оқушылар өздерінің қабілеттерін консультант ретінде айқындай алады.

    Жұптағы немесе жеке жұмыстарда Сіз өзіне сенімсіз оқушыларға көмекші сұрақтар қою арқылы көмектесе аласыз.


    Формативті бағалау сабақтың әр кезеңінде өткізіледі (өзін-өзі бағалау, мұғалімнің критерий бойынша бағалауы). Оқушылардың тапсырманы орындау барысындағы қатысуы және диалогқа қатысуын бағылау арқылы бағалау.

    Жұптағы, топтағы тапсырмаларды орындауға жауапты реакция және прогресс әр оқушының үлесін бағалауға және қателердің бар болуын анықтау үшін қарастырылады.

    Барлық тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп алынған. Іс-әрекеттердің ауысып отыруы ең үлкен нәтижеге қол жеткізу мақсатында оқушылардың күші мен зейінін дұрыс үлестіруге ықпалын тигізеді.


    написать администратору сайта