|
11 сынып Машиналық оқыту қағидалары. за мерзімді жоспардаы блім 11. 1A Жасанды интеллект
Қысқа мерзімді сабақ жоспары Ұзақ мерзімді жоспардағы бөлім:
11.1A: Жасанды интеллект
| Мектеп: Абай атындағы ЖББМ
| Мерзім: 13.09.22
| Мұғалімнің аты-жөні: Кулембаев А. Т
| Сынып: 11а
| Қатысқандар саны:
| Қатыспағандар саны:
| Сабақтың тақырыбы
| Машиналық оқыту қағидалары
|
| Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
| 11.3.4.1. машиналық, нейрондық желілерді оқыту принциптерін түсіндіріңіз (нейрондар мен синапстар);
| Сабақ мақсаты
| жасанды интеллекттің адам қызметінің әртүрлі салаларында қолданылуын түсіндіру; жасанды интеллекттің артықшылығы мен кемшілігін сипаттау; зияткерлік жүйелерді дамытудың алғы шарттарын анықтау.
| Бағалау критерийлері
| жасанды интеллекттің адам қызметінің әртүрлі салаларында қолданылуын түсіндіреді; жасанды интеллекттің артықшылығы мен кемшілігін сипаттайды; зияткерлік жүйелерді дамытудың алғы шарттарын анықтайды.
| Тілдік мақсаттар
| Оқытудың тілдік мақсаты:
Оқушылар
зияткерлік жүйелерді дамыту перспективаларын талқылай алады;
Пәндік лексика және терминология
Жасанды интеллект, зияткерлік жүйе, нейрондық желі, нейрон, синапс;
Сұхбат/жазылым сөз тіркестер сериясы
Жасанды интеллекттің негізгі бағыттарына ... жатады. Жасанды интеллектті білім беруде (экономика, өндіріс, ойын индустриясы) қолданудың мысалын қарастыруға болады ... Нейрондық желінің артықшылығы - бұл ...
| Құндылықтарды дамыту
| Ынтымақтастық құндылықтарды қалыптастыру жұпта және топта жұмыс ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады
| Пәнаралық байланыс
| Биология, химия, физика, экономика: нейрондық желілерді қолдану саласын түсіндіруде терминдерді, үрдістерді қолдану.
| Алдыңғы білім
| Оқушылар жасанды интеллектіні қолдану салаларын өмірлік тәжірибеге сүйене сипаттайды. Оқушылар машиналық оқыту және нейрондық жүйенің принциптерін түсіндіре алады.
|
Сабақ барысы
| Сабақтың жоспарланған кезеңдері
| Сабақта жоспарланған іс-әрекет
| Ресурстар
| Сабақтың басы
7 мин
| (Ж) «Ұстап ал» ойыны. Жұптық жұмыс.
CLIL әдісінің “Catch” техникасы Қағазға тірек сөздері мен олардың анықтамасы жазылып, баспадан қағазға басылады, жеке қиылады. Әр жұпқа беріледі. Әр жұп алдымен терминдер мен оның анықтамасының сәйкестігін табады. Кейін дұрыс жауаппен тексеріп есте сақтайды. Анықтамаларды жауып бөлектеп қойылады да, терминдер үстел үстіне қандай да бір ара қашықтықта жайылады. Әр жұп мүшесі мұғалім оқыған анықтаманың терминін табуға тырысады. Ол үшін алақанымен жабады. Қайсысы көп термин жазылған парақ жинаса сол жеңеді. (C) Сабақ тақырыбын және оқу мақсатын анықтай отырып оны оқушылармен талданады. Бағалау критерийлерін талдау ұйымдастырылады.
| Ресурс 1
| Сабақтың ортасы
10 мин
20 мин
|
(Т) Топтық жұмыс
Тапсырма
Нейрондық желілерді әртүрлі салаларда қолдануды қарастырыңыз:
жабдықтар мен телекоммуникациялар,
ақпараттық технологиялар, экономика және қаржы, жарнама және маркетинг, медицина және денсаулық сақтау.
Онлайн презентациясын құр https://docs.google.com/presentation
Оған келесіні қамты:
Қолданылуы Басым тұстары Алғы шарттары (перстпектива)
Жұмыс нәтижесін демонстрацияла.
(С) Бағалау критерийлерін құру. Нейрондық желілерді қолдану салалары туралы тапсырманың орындалу нәтижесін бағалауға арналған критерийлер мен дескрипторлар құрастыру қажет. Критерий ретінде топтағы әр мүшенің жұмысқа қатысуын да қарастыруға болады. (Қб) Қалыптастырушы бағалау тапсырмасын орындау
Әр топтың жұмысын көрсету және бағалау. Демонстрациялау уақыты белгіленіп, регламент сақталуын қадағаланған жөн.
| Нейронжелісі не істейді: https://www.youtube.com/watch?v=3eM6hRlqcwE
Онлайн құжат https://docs.google.com/presentation
| Сабақтың соңы
3 мин
| Рефлексия.
Бағалау критерийлерінің орындалуы негізінде оқу мақсатына жеткендігі туралы сұхбат. Оқушылар тарапынан «Маған бүгін сабақта ұнағаны…» туралы кері байланыс.
|
| Саралау - қалай қосымша қолдау көрсетуді жоспарлап отырсыз? Неғұрлым қабілетті оқушыларға қандай міндеттер қойғыңыз келеді?
| Бағалау - оқушының оқу деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?
| Денсаулық және қауіпсіздік
|
Тапсырма: «Жасанды нейрондық желілер тарихы» бойынша ақпарат ізде, кестені толтыр.
| Өзіндік бағалау және өзара бағалау
| Информатика кабинетінде қауіпсіздік шараларын сақтау
| |
|
|