Главная страница

за мерзімді жоспардаы Мектеп


Скачать 45.64 Kb.
Названиеза мерзімді жоспардаы Мектеп
Дата15.02.2022
Размер45.64 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файла└╩╥_2.docx
ТипДокументы
#362988

Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспардағы

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

СЫНЫП:

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:




Сабақтың тақырыбы

Мәтінді пішімдеу


Сабақтың мақсаттары

Оқушылар...  

  • «Пішімдеу» сөзін түсінеді  

  • Мәтіндік редактордың мүмкіндіктері мен мақсатын атайды  

  • Мәтінде көрсетілген сипаттамаларға сәйкес пішімдейді 

  • Қаріпті, өлшемін және стилін өзгертеді 

Бағалау критерийлері

- мәтінді пішімдеу қызметін түсінеді; 

- алдын ала құрылған файлды ашады; 

- мәтінді өзгертеді;

- мәтінді бөліп алу үшін Қоюлату батырмасын қолданады; 

- бөліп алған үзіндіге курсив батырмасын қолданады;  

- астын сызуға мәтінді бөліп алып батырмасын қолданады;  

- мәтіннің түсін өзгертеді; 

- қаріпті өзгертеді; 

- қаріптің көлемін өзгертеді.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар … 

  • Мәтіндік редакторда пішімдеу батырмаларын; 

  • Пішімдеу қызметін атайды; 

 Пәндік лексика жәнетерминалогия: 

  • пішімдеу, кескіні, курсив, қоюлату, астын сызу, визуалды әсер 

Диалог/жазуға арналған пайдалы сөз тіркестер:  

  • Мәтінді пішімдеу деп….. 

  • Мәтінді пішімдеу үшін … 

  • Мәтінді тез пішімдеуге арналған батырмалар ... орналасқан 

Құндылықтар

Топтық және жұптық жұмыс арқылы өзіне және басқаларға құрмет пен ынтымақтастыққа үйрету, өзіндік жұмыс арқылы- академиялық адалдық, оқушылар сабақтын мақсатымен қойылатын талаптарын болжап атайды –ашықтық.

Пәнаралық байланыс

Ағылшын тілі – сөздің аудармасын анықтаған кезде   

Орыс тілі


Осыған дейін меңгерілген білім

- оқушыларда мәтінді өңдеу, пернетақтамен жұмыс жасау, бумада құжатты сақтау, құжатты ашу дағдалыры қалыптасқан  



Жоспар:

Сабақ кезеңдері мен жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы
0-5 минут


Миға шабуыл.  

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. 

- Сіз нысандардың пішімдері туралы не білесіз?

- Олар қандай болады?

- Мәтіннің пішіні бола ма?
Ребусты шешіңіз және мәтіннің дизайны қандай терминмен аталатынын анықтайсыз.
Проблемалық мәселе тудыру. 
Ребусты шешіңіз

(пішімдеу)
Оқушылар пайымдау арқылы сабақтың мақсаты мен тақырыбын тұжырымдайды.

Бағалау критерийлерін оқушылармен біріге отырып тұжырымдаңыз. 


Презентация



Сабақтың ортасы

6-37 минут

Білімді жүйелеу

«Шабарман мен жылқы» ойыны

Балалар, қазір сіздерге кеспе парағын таратып беремін. Сіздер екіге бөлінесіздер. Бірінші топ сұрақтар жазылған қызыл кесте парағын алады, олар «Шабарман» болады. Екінші топ жауап жазылған жасыл кесте парағын алады, олар «жылқылар». Шабармандар сыныпта тыныш жылжып, өз атын табады, яғни олардың сұрағына дұрыс жауап беруі керек. 2 минуттан кейін барлық шабармандар өз орындарында болуы керек және олар өз аттарын табу керек. Шабармандар сұрақты оқиды, ал жылқы жауап береді.

Жаңа тақырып  

«Кластер» әдісі

Пішімдеу - ұсынылған ақпараттың түрін өзгерту.

Мәтінді өзгертуге пішімдеу тақтасы көмектеседі

Енді біз кластер құрып, осы тақтада не істей алатынымызды білейік. Беттің ортасына біздің сабақтың негізгі сөзін жазыңыз (пішімдеу) және онымен байланысты негізгі сөздерді жазамыз.

Мәтіндік редакторды іске қосып,  пішімдеу тақтасы арқылы, мәтіннің өлшемін, жазылуын, қаріп түсін өзгерту батырмаларын мысал келтіре отырып көрсетіп түсіндіру.

Кері байланыс

«Блум түймедағы» әдісі

Сонымен, сабақтың практикалық бөлігіне кірмес бұрын, сабақтың теориялық бөлігін қорытындылайық. Мен сіздерге алты сұрақ дайындадым.

Қарапайым: пішімдеу дегеніміз не?

Дәйектеу: Мәтінді форматтау – дегеніміз ол кәсіби талаптар мес, ал жақсы мінез ереже екенін дұрыс түсіндім ба?.

Талдау: Мәтінді пішімдеу мен дискіні пішімдеу арасындағы айырмашылық неде?

Түсіндіріңіз: Мәтінді қалай пішімдеуге болады? (мұнда пішімдеудің әртүрлі жолдарын талқылауға болады)

Практикалық: мәтінді пішімдеу мүмкіндігін қай жерде пайдалануға болады?

Шығармашылық: Бұл сіз үшін үй тапсырмасы. Әр түрлі қаріптерді тауып әкелу. Ол үшін, жазбаларды, жарнамаларды, газеттерді, журналдарды және т.б. мысалға келтіруге болады.

Сергіту сәті 

Мұғалім балаларға үстелден тұруын сұрайды.  

Белімізді асықпай уқалаймыз,

оңға, солға бұрылып, көршімізге қараймыз (жан-жақа денемізді бұрамыз). 

Ақылды болу үшін біз мойынды сәл бұрамыз. 

Бір, екі, бір, екі, басымызды айналдырамыз! (Басымызды айналдырамыз.) 

Басында тек басымызды бұрамыз. (басымызды бұрамыз), 

Денемізді де қозғаймыз. 

Әрине біз бұны істей аламыз! (денемізді оңға, солға бұрамыз) 

Ал енді біз отырып тұрамыз! Біз бәрін жақсы түсінеміз: 

Аяғымызды қатайтамыз! Бір-екі-үш-төрт-бес! (отырып тұру). 

 Отырып тұру бізде, отырып тұрады біздің сынып! Бір-екі-үш-төрт-бес! Аяқты сергіту керек! (отырып тұру). 

Соңында аспанға тартыламыз және жанға еңкиеміз. (аспанға тартылу және жаңға еңкею). 

Практикалық жұмыс 

Компьютер алдына қалай отырғандарына назар аударыңыз.  

Сабақтың практикалық бөлігіне ауысайық. Сізде 7 минут бар.

«Мәтінді пішімдеу»

Дескрипторлар:  

1. Мәтін тереді 

2. Мәтінді бөліп алады

3.Мәтінді пішімдеу мақсатында пішімдеу тақтасын қолданады

4. Бөліп алған үзіндіге курсив батырмасын қолданады  

5. Мәтіннің түсін өзгертеді 

6. Қаріпті өзгертеді 

7. Қаріптің көлемін өзгертеді 



Сабақтың соңы

37-40

Рефлексия 

«Үш бет» әдісі. 

Үш бет бейнеленген кеспе қағазың оқушыларға көрсетеміз: көңілді, бейтарап және қайғылы. 

Оқушылар  көңіл-күйге сәйкес суретті тандап алады. 

Презентация


1 Косымша

«Шабарман мен жылқы»

Бірінші топ сұрақтар жазылған қызыл кеспе қағаздарын алады, олар «Шабарман» болады. Екінші топ жауап жазылған жасыл кеспе қағазын алады, олар «жылқылар». Шабармандар сыныпта тыныш жылжып, өз атын табады, яғни олардың сұрағына дұрыс жауап беруі керек. 2 минуттан кейін барлық шабармандар өз орындарында болуы керек және олар өз аттарын табу керек. Шабармандар сұрақты оқиды, ал жылқы жауап береді

Қосымша

Практикалық жұмыс.

Мәтінді тер

«Мәтінді пішімдеу»

1ден 10 ға дейін сандарды жаз. Аудармасын ағылшын, орыс тілінде жаз. Әр санға арнайы бір көлем, түс, қаріп қолдан

Мысалы:

1-Бір- one-один

2-Екі- two-два

3-......

Қосымша тапсырма

ПІШІМДЕУ сөзіне сөздер құрастыр, әр сөзді түрлі түспен, қаріптермен, қаріп көлемімен пішімде


Дескрипторлар:  

1. Мәтін тереді 

2. Мәтінді бөліп алады

3.Мәтінді пішімдеу мақсатында пішімдеу тақтасын қолданады

4. Бөліп алған үзіндіге курсив батырмасын қолданады  

5. Мәтіннің түсін өзгертеді 

6. Қаріпті өзгертеді 

7. Қаріптің көлемін өзгертеді 


написать администратору сайта