|
Тең бүйірлі үшбұрыштың қасиеттері мен белгілері. за мерзімді жоспарды блімі 3А шбрыштар
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:
7.3А Үшбұрыштар
| Мектеп: №5 Ғани Мұратбае,в атындағы ЖОМ
| Күні: 29/09/
| Мұғалім аты-жөні: Тәжібай Е.Д.
| Сынып:
| Келген оқушылар саны:
| Жоқ оқушылар:
| Сабақтың тақырыбы
| Тең бүйірлі үшбұрыштың қасиеттері мен белгілері
| Оқу мақсаттары
| 7.3.2.10 тең бүйірлі үшбұрыштың қасиеттері мен белгілерін біледі және қолданады
| Сабақ мақсаты
| Оқушылар тең бүйірлі үшбұрыштың қасиеттері мен белгілерін біледі және қолданады
| Бағалау критерийлері
| Оқушы мақсатына жетті, егер:
- тең бүйірлі үшбұрыштың қасиеттерін біледі және қолданады
- тең бүйірлі үшбұрыштың белгілерін біледі және қолданады
| Тілдік мақсаттар
| Median-медиана Bisector-биссектриса Altitude(height)-биіктік Triangle-үшбұрыш Scalene triangle - әр қабырғалы үшбұрыш Isosceles triangle - тең бүйірлі үшбұрыш Equilteral triangle - тең қабырғалы үшбұрышз Acute triangle - сүйір бұрышты үшбұрыш Obtuse triangle - доғал бұрышты үшбұрыш Right triangle - тік бұрышты үшбұрыш
Оқушылар:
Тең бүйірлі үшбұрыштардың ерекшелігін анықтайды және әрбірінің қасиеттерін ауызша және жазбаша сипаттай алады.
Пәнге тән лексика мен терминология:
Үшбұрыштардың түрлері:
тік бұрышты, тең қабырғалы, доғал бұрышты, сүйір бұрышты, тең бүйірлі.
Бұрыштардың түрлері: тік, сүйір, доғал
Дәрежелер, қабырғалар, катеттер. гипотенуза,
Ұзындық, өлшемі, өлшемділік, квадрат дәрежеге шығару.
Пифагор теоремасы.
Тең, қарама-қарсы, тең емес.
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
Бұл қандай үшбұрыш?
Бұл тік бұрышты/тең қабырғалы/доғал бұрышты/сүйір бұрышты/ тең бүйірлі үшбұрыш.
Оны қалай білесің?
... үшбұрыштың қасиеттері қандай?
Тік бұрышты үшбұрыштың бір тік бұрыш және екі сүйір бұрышы болады.
Тең қабырғалы үшбұрышта 3 тең қабырғасы және үш тең бұрышы болады.
Тең бүйірлі үшбұрышта 2 тең қабырғасы және 2 тең бұрышы болады.
Доғал бұрышты үшбұрышта бір доғал бұрышы болады.
Сүйір үшбұрышта 90 градустан артық бірде-бір бұрышы болмайды.
| Құндылықтарды тәрбиелеу
| Академиялық шынайылық, ұжымдағы өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарау; ұжым пікіріне шыдамдылықпен қарау, толеранттылық жақсы қарым-қатынас орнату, ынтымақтастық дағдысын қалыптастыру, сындарлы тіл табу, қарым-қатынас орнатуда сыни тұрғыдан ойлану сынды қасиеттерді қамтиды. ЖА білу және түсіну: бірқалыпты даму, әлеуметтік әділдік және теңдік ЖА құндылықтары: мақсатты қатысу және белсенділік ЖА дағдылары: сындарлы және шығармашылық ойлау; өз-өзіне деген сенімділік, рефлексия дағдылары, қарым-қатынас
| Пәнаралық байланыс
| Физика, сызу
| Негізгі дағдылар
| АКТ қолдану
Презентация
Коммуникативті дағдылар
Сабақ басында «Ыстық орындық» әдісі
| Алдын-ала білімдері
| Үшбұрыш, әр қабырғалы үшбұрыш, тең бүйірлі үшбұрыш, тең қабырғалы үшбұрыш, сүйір бұрышты үшбұрыш, доғал бұрышты үшбұрыш, тік бұрышты үшбұрыш, медиана, бисектриса, биіктік, үшбұрыштар теңдігінің белгілері
| Сабақ барысы
| Жоспарланған сабақ кезеңдері
| Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
| Ресурстар
| Сабақтың басы
0-3 мин
| Ұйымдастыру
Мақсатты айқындау. Сабақтың тақырыбын жариялау.
| Слайд 1
| Сабақтың ортасы
4-10 мин
10-20 мин
21-37 мин
| «Ыстық орындық» әдісі
Өткен тақырыптар бойынша қайталау
Жаңа сабақ:
Жеке білімдерін тексеру:
1.Үшбұрыштың берілген төбесінен жүргізілген және осы төбеге қарсы жатқан қабырғасының ортасымен қосатын кесінді ...... деп аталады.
2.Үшбұрыштың төбесінен қарсы жатқан қабырғасы арқылы өтетін түзуге түсірілген перпендикуляр ............. деп аталады.
3. АВС үшбұрышында ВD кесіндісі АВС бұрышын тең бұрыштарға бөледі. ВDкесіндісі қалай аталады?
4.Үшбұрышқа екі медина сызылды. Суретте неше үшбұрыш бейнеленген?
1 ) 4
2) 6
3) 8
4) 12 5 . АВС үшбұрышында AD кесіндісі – медиана. BD =3 см болса, ВС қабырғасының ұзындығын тап.
1) 9 см
2) 6 см
3) 5 см
4) 3 см 6 . ВАСбұрышын анықта, егер АD – АВС үшбұрышының биссектрисасы, ВАD бұрышы 35° екені белгілі болса.
1) 35°
2) 90°
3) 70°
4) 45°
7. Биіктіктердің қиылысуы үшбұрыштан тысқары жатуы мүмкін бе?
1) иә
2) жоқ
8.Кез келген үшбұрышқа неше биіктік жүргізуге болады?
1) 4
2) 1
3) 2
4) 3
9 . ВD – кесіндісі АВС үшбұрышының медианасы, ВЕ кесіндісі –DBC үшбұрышының медианасы. Егер АС – 20 см-ге тең болса, ЕС кесіндісінің ұзындығын тап?
1) 15 см
2) 10 см
3) 5 см
4) 4 см
10. АDB бұрышын тап, егер BD кесіндісі –АВС үшбұрышының биіктігі болса?
1) 30°
2) 60°
3) 90°
4) 120° Жауабы:
1) "медиана"
2) "биіктік"
3) "Биссектриса"
4) 3;
5) 2;
6) 3;
7) 1;
8) 4;
9) 3;
10) 3;
Өздерін-өзі бағалайды.
Бағалау критерийі:
«5»-10
«4»-8-9
«3»-6-7
Тең бүйірлі үшбұрыштың барлық қасиеттері
Тең бүйірлі үшбұрыштың табанындағы бұрыштары тең.
Тең бүйірлі үшбұрыштың табанына жүргізілген биссектрисасы әрі биіктік, әрі медиана болады.
Тең бүйірлі үшбұрыштың бүйір қабырғаларына жүргізілген биссектрисалары, медианалары, биіктіктері өзара тең.
Тең бүйірлі үшбұрышта бір ғана симметрия осі бар.
Тең бүйірлі үшбұрыштың табанындағы бұрыштар мына формуламен есептеледі: .
(Жұппен тең бүйірлі үшбұрыштың қасиеттерін талдау). Теорема. Тең бүйірлі үшбұрыштың табанындағы бұрыштары тең.
Б ерілгені: ABC-тең бүйірлі үшбұрыш, ВС табаны
Дәлелдеу керек: В = C.
Дәлелдеу:
AD – биссектриса
∆ABD = ∆ACD (үшбұрыштар теңдігінің бірінші белгісі бойынша)
AD – ортақ қабырға.
АB = BС (тең бүйірлі үшбұрыштың анықтамасы бойынша),
AВD = АCD (биссектрисаның қасиеті бойынша)
В = C.
∆ABD = ∆ACD болатынын дәлелдедік, тағы қандай элементтері тең?
BD = DС⇒ AD – медиана.
ADВ = АDC =900 ⇒ AD – биіктік, себебі ВDС – жазыңқы бұрыш.
Қорытынды:AD – биссектрисасы әрі медиана, әрі биіктік.
Тең бүйірлі үшбұрыштың тағы бір қасиеті шығады.
Тең бүйірлі үшбұрыштың табанына жүргізілген биссектрисасы әрі биіктік, әрі медиана болады. Ескерту: Тең бүйірлі үшбұрыштың басқа екі биссектрисасының мұндай қасиеті жоқ. Тең бүйірлі үшбұрыштың белгілері
Егер үшбұрыштың екі бұрышы тең болса, онда ол тең бүйірлі үшбұрыш.
Егер үшбұрыштың медианасы әрі биссектрисасы (биіктігі) болса, онда ол тең бүйірлі үшбұрыш.
Топық жұмыс. Әр топқа дайын сызбалар таратылады. 1 топ
2 топ
3 топ
ҚБ «Топаралық бағалау» Жұптық жұмыс Тапсырма №1.
Тең бүйірлі үшбұрыштың белгісіз элементтерін табыңыз. 1 жұп
2 жұп
ҚБ «Бірін-бірі бағалау» Өздік жұмысы. Т апсырма №1
Тең бүйірлі үшбұрыштың биіктігі ВD = 6 см, АВD үшбұрышының периметрі 17 см, онда АВС үшбұрышының периметрі неге тең? Шешуі: Р(ABD) = AB + BD + DA
17 = AB + 6 + 0,5AC; AB +0,5AC = 9;
Өрнектің екі жағын да 2-ге көбейтеміз.
2АВ + АС = 18, P(ABC) = 18 см. Жауабы: 18 см Тапсырма №2
AD, CN - АВС тең бүйірлі үшбұрыштың медианалары. AD = 4 см, АВ = BC, ал ∆BCN периметрі Р = 13 см. AB табыңыз. Шешуі: Р(ВСN) = BC + СN + NB
СN = AD = 4 см – ?
13 = 0,5AB + 4 + АВ; 1,5AB = 9;
Өрнектің екі жағын да 2-ге көбейтеміз.
3АВ = 18, AB = 6см. Жауабы: 6 см. ҚБ «Өзін-өзі бағалау»
|
Қосымша 1
Слайд 2-8
Қосымша 2
Қосымша 3
Слайд 9-10
Қосымша 4
Слайд 11-14
| Сабақтың соңы
38-40 мин
| Оқушылар бүгінгі сабақта нені меңгергендігі туралы өз ойларын айтады.
Оқушыларға мұғалім тарапынан кері байланыс беріледі.
Үйге:
Теоремаларды жаттау, қасиеттерді жаттау
|
|
Қосымша ақпарат
| Дифференциациялап оқыту – Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?
| Бағалау – Оқушылардың білімін қалай тексересіз?
| Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік ережелері
АКТ-ні қолдану
Құндылықтармен байланыс
(тәрбие элементі)
|
|
|
| Рефлексия
Сабақ мақсаты/оқу мақсаты қаншалықты жүзеге асты? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Дифференциациялап оқыту өз мәнінде жүзеге асты ма? Өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?
|
|
| Қорытынды бағалау
Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты).
1: 2:
Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?
1: 2:
Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?
| |
|
|