Главная страница

Сабақ жоспары _Компьютердегі деректеріңізді қалай қорғауға болад. ЗА мерзімді жоспарды тарауы 1 вблім. Интернеттегі ауіпсіздік Мектеп Малімні атыжні


Скачать 410.78 Kb.
НазваниеЗА мерзімді жоспарды тарауы 1 вблім. Интернеттегі ауіпсіздік Мектеп Малімні атыжні
Дата21.04.2023
Размер410.78 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаСабақ жоспары _Компьютердегі деректеріңізді қалай қорғауға болад.docx
ТипДокументы
#1079207


ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ ЖОСПАРДЫҢ ТАРАУЫ: 5.1 В-бөлім. Интернеттегі қауіпсіздік

Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: Набиева Г.Р.

Күні: Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сынып: 5

САБАҚ ТАҚЫРЫБЫ:

Компьютердегі деректеріңізді қалай қорғауға болады?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:

5.4.2.2 -құжатқа құпиясөз орнату

5.1.3.1 -ортақ қолжетімді файлдарды орналастыру, өзгерту, жүктеу

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:

  • Компьютерде вирустардың пайда болу себептерін анықтай алады;

  • Компьютерде ақпаратты вирустардан қорғау әдістерін меңгереді;

Оқушылардың көпшілігі:

  • Компьютерді вирусқа тексереді және зақымдалған файлдарды өшіре алады;

  • Файлдарды ортақ қолжетімді ете алады, өзгертеді, жүктейді;

Кейбір оқушылар:

  • Құжаттарға құпия сөз орнату және алып тастау әдістерін орындай алады;

Бағалау критерийі:

Компьютерлік вирустардың пайда болу себептерін түсінеді. Ақпараттарды вирустардан қорғайды және зақымдалған файлдарды өшіре алады. Құжаттарға құпия сөз орнату және алып тастау, файлдарды ортақ қолжетімді ету әдістерін практика жүзінде орындай алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар істей алады:

Деректерді қорғау ұғымына байланысты терминдерді есте сақтайды және дұрыс қолданады.

Пәндік лексика мен терминология:

Компьютерлік вирус, ақпаратты қорғау, антивирус, құпия сөз, Eset Nod32, Kaspersky, Doctor Web, Avast т.б.

Сұқбатқа/хатқа арналған пайдалы сөздер:

  • ................ - ақпаратты рұқсатсыз таратудан, жоғалтудан, өшіруден, көшіруден қорғау үшін қолданылатын шаралар.

  • Компьютерлік вирустар – бұл ....

  • Компьютерлік вирустардың ең көп таралу көзі ...........болып табылады.

  • Ақпаратты қорғауға арналған жасырын сөз ....... деп аталады.

  • Компьютерге құпия сөз орнату бұйрығы ................

Құндылықтарға баулу:

Іздену, өмір бойы білім алу дағдыларын қалыптастыру. Функционалдық сауаттылықты арттыру. Жеке және топпен жұмыс істей білу қабілеттерін дамыту. Ұлттық қауіпсіздікті және ақпараттардың құпиялылығын сақтауға үйрету, бөгде адамдардың құжаттарын рұқсатсыз қолдану заңсыз екендігін ұғындыру.

Пән аралық байланыс:

Шет тілі, қазақ тілі, тарих

Алдыңғы білім:

Компьютерлік желілер, олардың түрлерін, вирустар,олардың пайда болу белгілерін, антивирустық программалар ұғымдарын, құжаттарға құпия сөз орнату және алып тастау әдістерінің теориялық негіздерін біледі.

Сабақ барысы:

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

7 минут



Ұйымдастыру кезеңі:

Тренинг «Сиқырлы қобдиша»

/Мақсаты: қобдишаға салынған таратпа қағаздардағы сұрақтарға жауап беру мен терминдердің мәнін ашу арқылы алдыңғы білімді тексеру және топтарға бірігу.

Қобдишаға таратпа қағаздар салынады.

Таратпа қағаздарға үйге берілген тапсырмаға қатысты сұрақтар мен терминдер жазылады.Оқушылар сол терминдердің мағынасын ашып, сұрақтарға жауап беру арқылы топтарға бірігеді. 1 топ – Компьютерлік вирустар, 2 топ – Антивирустар, 3 топ – Бұйрықтар.

Таратпа қағазға жазылған сөздер:

  1. К омпьютердің баяу жұмыс істеуі

  2. Экранда хабарламалардың шығуы Компьютерлік

  3. Файлдар мен бумалардың жоғалуы вирустар

  4. Жады көлемінің кенеттен азаюы

  5. К омпьютерлік вирустарды емдеу

және жою үшін қолданылатын программа

  1. Doctor Web Антивирустар

  2. Eset Nod32

  3. Avast

  4. К омпьютерге құпия сөз орнату

  5. Құжаттарға қорғаныс қою Бұйрықтар

  6. Құжаттағы қорғанысты алып тастау

  7. Компьютер ресурстарын ортақ қолжетімді

ету бұйрығы
«Пікір алмасу (ShowDown)» әдісі

/Мақсаты: алдыңғы білімді тексеру, оқушылардың топта жұмыс істеу, көшбасшылық қабілеттерін дамыту.

Әрбір топ үйге берілген тақырыпқа қатысты 5 сұрақ дайындайды. Əрбір сұрақты стикердің бірінші жағына, ал жауабын екінші жағына жазып, келесі топпен стикерлерін ауыстырады. Топ басшысы стикердегі сұрақтарды оқиды, топ мүшелері жауаптарын жазып дайындайды. Көшбасшы белгі бергенде, барлығы өз жауабын ашады жəне жауаптарды талқылап, дұрыс жауаппен салыстырады./

Топтар бір-бірін бағалайды /смайликтер арқылы/

Қобдиша, сұрақтар мен термин сөздер жазылған таратпа қағаздар


Стикерлер, смайликтер


Сабақтың ортасы

4 минут

5 минут

15 минут

5 минут

«Атаулар туралы үш сұрақ» әдісі

/Мақсаты: тақырыпқа байланысты терминдерді берілген сұрақтар негізінде талдау, жинақтау, оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту/

Тақырыпқа қатысты үш термин беріледі, оқушыларға осы атауларға қатысты мынадай сұрақтарға жауап беру ұсынылады.

  1. Қайда? /Бұл терминді сіз бұрынырақ қайда және қандай мағынада кездестіріп едіңіз?/

  2. Қашан? /Осы терминді пайдаланудың мысалдарын келтіріңіз/

  3. Қандай? /Осы сабақта бұл атаулар қандай қолданыста болады?/

Терминдер:

  1. Вирустар

  2. Желілер

  3. Антивирустар

Ынталандырушы бағалау (ауызша мадақтау)
«Ротация» әдісі

/Шағын топтармен жұмысты ұйымдастыру. Ашық сұрақтар қою арқылы білімдерін талдау, жинақтау.

А3 қағазына талқыланатын сұрақ жазылады. Әр топ өз жауаптарын сәйкес бағанға толтырады және үштіктер бір-бірімен сұрақ алмасады.

Талқыланатын сұрақтар:

  1. Неліктен ақпаратты қорғау керек?

  2. Неге антивирустық программаларды үнемі жаңартып отыру керек?

  3. Не үшін құжаттарға құпия сөз орнату керек?

  4. Файлдарға ортақ қолжетімділік қалай рұқсат етіледі?

«Үш шапалақ» әдісі арқылы бағалау
1 деңгей.

  1. Шығармашылық диктант

Бос орынға тиісті сөздерді жазып қой.

  1. ................. – өздігінен көбеюге қабілетті, компьютер жұмысын кідіртетін программалар.

  2. Вирусқа қарсы программалар ..............................деп аталады.

  3. .................дегеніміз – құжаттың ақпараттық өлшемін кішірейту процесі.

  4. Вирус жұққан программалар ................................программалар болып табылады.

  5. Компьютерлік вирустардың ең көп таралу көзі ...........болып табылады.




  1. Берілген антивирустық программалардың атауы мен белгілерін сәйкестендір:




Антивирус атауы

Белгісі

Avast



Doctor Web



Eset Nod 32



Avira



Kaspersky



Norton




2-деңгей.

  1. Вирустардың пайда болу белгілерін жазыңыз:

_____________________________________________________

_____________________________________________________

_____________________________________________________

_____________________________________________________

_____________________________________________________

  1. Компьютерге құпия сөз орнату бұйрығын жазыңыз:





  1. Құжатқа құпия сөз орнату мен алып тастау бұйрығын жазыңыз:

Құжатқа құпия сөз орнату бұйрығы:

________________________________________________________

________________________________________________________

Құпия сөзді алып тастау бұйрығы:

________________________________________________________

________________________________________________________
3-деңгей.

Компьютермен жұмыс:

І. 1. Жұмыс үстелінен антивирустық программаны табыңдар.

2. Компьютерді вирусқа тексеріңдер.

Дискіден зақымдалған файлдарды өшіріңдер.

ІІ. Компьютерге «информатика» сөзімен құпия сөз орнатыңдар.

ІІІ. «Ақпараттық қауіпсіздік» туралы құжат дайындаңдар және оған құпия сөз орнатыңдар. Осы құжатқа ортақ қатынас құрыңдар.

Мұғалім бағалауы /Түрлі-түсті стикерлер арқылы бағалау/
Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары:

1. Жалпы қолданысқа рұқсат етілген бума белгісін көрсетіңіз.

1. 2. 3.
2.Файлдарды жалпы қолданысқа рұқсат етілген бумаға орналастыру үшін орындалатын әрекеттер ретін көрсетіңіз.



Тышқанның оң жақ батырмасын шерту → Қою

командасын таңдау

Жалпы қолданысқа рұқсат етілген буманы ашу.

Файлды белгілеу → Көшіру командасын таңдау

Менің компьютерім нысанын ашу→ Желі нысанын таңдау













Жұптық бағалау /смайликтер арқылы/

Термин сөздер жазылған қағаздар


А3 қағаздар, маркерлер

Таратпа қағаздар, компьютер, түрлі түсті стикерлер

Сабақтың соңы

3 минут

«Желкенді кеме» әдісі:

  • Егер сабақ ұнаса және тапсырманың бәрін толық орындасаң, желкенді жасыл түспен боя;

  • Егер сен сабақта белгілі бір қиындықты кездестірген болсаң, желкенді сары түспен боя;

  • Егер сабақ барысында тапсырмаларды орындау қиын болып, мұғалімнің көмегін қажет етсең, желкенді қызыл түспен боя.



«Желкенді кеме»

таратпа қағазы,

түрлі түсті қарындаштар

Саралау – Сіз қандай тəсілмен

көбірек қолдау көрсетпексіз?

Сіз басқаларға қарағанда

қабілетті оқушыларға қандай

тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз

оқушылардың

материалды игеру

деңгейін қалай тексеруді

жоспарлап отырсыз?

Денсаулық жəне

қауіпсіздік техникасын

сақтау

Оқушылардың жеке қабілеттерін, ерекшеліктерін ескере отырып, деңгейлік тапсырмалар құрастырылды. 1 және 2 деңгей тапсырмаларында тақырып бойынша теориялық мәліметтерді меңгеру қарастырылып, оны көпшілік оқушылар орындай алады деп жоспарлап отырмын. Ал қабілетті оқушылар теория мен практиканы ұштастырып, білімдерін практика жүзінде қолданады деген ойдамын.

Алдыңғы білімді тексеру мақсатында «Сиқырлы қобдиша», «Пікір алмасу (ShowDown)» әдістерін қолдандым. Берілген тақырыпты меңгерту кезеңінде «Атаулар туралы үш сұрақ», «Ротация» әдістері және шығармашылық диктант, сәйкестендіру кестесі, компьютермен жұмыстар, қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жүргізілді. Сабақ соңында кері байланыс «Желкенді кеме» әдісі арқылы ұйымдастырылды.


Компьютермен жұмыс жасау барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау, компьютерде дұрыс отыру, уақытты шектеу.



Сабақ бойынша

рефлексия

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз.

Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап

беріңіз.

Сабақ мақсаттары немесе оқу

мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол

жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген

болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс

жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді

пайдаландыңыз ба?Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма жəне неліктен?




Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың

жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нəрсеге

назар аудару қажет?




написать администратору сайта