| Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:
| №70 Мл
|
| Күні:
| 1.03.2023 жыл
|
| Мұғалімнің аты-жөні:
| Г. Кунанбаева
|
| СЫНЫП:
| 9
|
|
| Қатысқандар :
| Қатыспағандар:
|
| Сабақтың тақырыбы:
| Тәуелсіз Үндістанның қандай мәселелері отарлық өткенімен байланысты?
|
| Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
| 9.Т/А1.Мәтін мазмұны бойынша дайындалған сұрақтарға болжаммен жауап беру, түпнұсқамен салыстыру.
9.ӘТН1. Мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу.
|
| Сабақ мақсаттары
| Барлық оқушылар: «Тәуелсіздік таңы» тақырыбы бойынша сұрақтарға болжаммен жауап береді.Тақырыпты тыңдау арқылы болжамдарын түпнұсқамен салыстырады. «Тәуелсіздік таңы» мәнмәтіні бойынша шығармашылық жұмыс жазуда тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазады.
|
| Кейбір оқушылар: «Тәуелсіздік» жайында өз ойын түпнұсқамен салыстыруда сыни көзқарасын білдіреді. Шығармашылық жұмыс жазуда сөздерді жазылу принциптеріне сай топтап жазады.
|
| Бағалау критерийі
| 1. Мәтін мазмұны бойынша болжам сұрақтарын дайындайды.
2. Шығармашылық жұмысты орфографиялық нормаға сай жазады
|
|
| Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:
Мемлекет – государство,country
Ұлт – нация, nation
Халық – народ,people
Ғасыр – век,century
Тәуелсіздік – независимость,independence
Шаңырақ – очаг,family
Ұрпақ – потомство,progeny
|
| Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
қазақ хандығы, Қазақстан мемлекеті, тәуелсіздік таңы, Алтын Орда
|
| Талқылауға арналған сұрақтар:
1.Қазақ мемлекетінің пайда болуы туралы қандай мандай мәлімет білесің?
2.Бүгінгі тәуелсіз қазақ елінің негізі қай кезде қаланды?
|
|
|
|
|
|
|
| Алдыңғы оқу
| «Тәуелсіздік нышандары», Қазақ тілі, 5-сынып, 60-бет
| Сабақ барысы
| Сабақтың
кезеңдері, уақыты
|
|
Жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар
| Басы
5 минут
| 2мин
3 мин
| 1.Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпта жағымды ахуал орнату үшін
оқушылар кезек-кезек көршісінің аттас саусақтарына қолын тигізеді. Бас бармақтан бастайды:
Мен саған тілеймін (бас бармағын тигізеді);
Үлкен (сұқ саусақ); табыс (ортаңғы); көтеріңкі (атаусыз); көңіл (шынашақ); Сәлеметсің бе! (алақанын тигізеді).
ҚБ. Мадақтау Отан, туған жер, Тәуелсіздік тақырыбындағы мақалдар жазылған қағаз қималары арқылы топқа бөлінеді.
1-топ «Отан»
2-топ «Туған ел»
3-топ «Тәуелсіздік»
ҚБ. Жарайсыңдар!
Тыңдалым алды тапсырма. «Тәуелсіз Қазақстан» бейнежазбасы- мен танысады. «Болжағыш ағаш» әдісі арқылы (Дж. Белланс) бейнебаян мазмұны бойынша болжау сұрақтарына жауаптар дайындайды.
1.Қазақ мемлекетінің пайда болуы туралы қандай мәлімет білесің?
2.Бүгінгі тәуелсіз қазақ елінің негізі қай кезде қаланды?
ҚБ. «Қос шапалақпен» мадақтау
Оқушылар жауаптары қорытындыланып, сабақтың тақырыбы, мақсаты және бағалау критерийлері таныстырылады.
|
қағаз қималары
www.youtube kz
| Ортасы
30 минут
|
5мин
3мин
5мин 5мин
10мин
2мин
| Тыңдалым. ЖЖ. «Ойлан, жұптас, пікірлес» әдісі арқылы мәтінді тыңдап, сұрақтарға жауап береді, түпнұсқамен салыстырады.
1) Мәтінде не туралы айтылды?
2) Онда халықтың тарихындағы қандай кезең туралы сөз болып отыр?
3) «Ақшаңқан шаңырақ қанша шайқалғанымен құламай, керегесін кеңейтіп,іргесін бекітті» деген сөйлемді қазақ халқының тағдырымен қалай байланыстырар едің? Болжап айт.
4) Автор қазақтың жері мен тұрмысын айшықтап суреттеуде қандай көркемдегіш құралдарды қолданған?
5) Мәтін қандай стильде баяндалды? Дәлелде.
ҚБ. Бармақпен бағалау Тілдік бағдар
Мұғалім оқушыларға орфография туралы түсінік береді. Орфография – сөздерді дұрыс жазу ережелерінің жиынтығы және қарастыратын тіл білімінің бір саласы. Қазақ тіліндегі орфографиялық ережелер 3 принципті басшылыққа алады. Орфография
Фонетикалық принцип Морфологиялық принцип
Тарихи-дәстүрлі принцип
Ж. 3-тапсырма. Төменде берілген сөз тіркестерінің ішінен тұрақты тіркестер мен еркін тіркесті сөздерді ажыратып , жазылу принципіне қарай топтап жазады. Оларды қатыстырып сөйлем құрайды.
Үдере тарту, марқасқа жігіттер, түгін тартса майы шығатын, шөбі шүйгін, көк ала иірім, балығы тайдай тулаған, шұрқырап табысу.
ҚБ. Өзін- өзі бағалау ТЖ. «Топтық тергеу» әдісі 4-тапсырма.
1-топ .Баяндап берушілер: мәтіннің мазмұнын баяндайды.
2-топ. Сұрақ құрастырушылар: мәтін бойынша жоғарғы және
төменгі сұрақтар құрастырады.
3-топ. Сілтеме табушылар: мәтіндегі қарамен жазылған сөздер
мен сөз тіркестеріне түсініктеме береді,олардың қай стильге тән
екенін табады.
Кері байланыс. «Екі жұлдыз, бір тілек» Қалыптастырушы тапсырмалар
ТЖ.
1-топ «Буриме» әдісі арқылы тәуелсіздік тақырыбына өлең жолдарын құрастыр.
..................................................... сақтайды,
..................................................... ..ақтайды.
..................................................... .................
..................................................... .жаттайды. 2-топ «ПОПС» формуласы арқылы тәуелсіздік ұғымының мағынасын түсіндір.
Бірінші сөйлем: «Менің ойымша, тәуелсізіктің мәңгілік болуы ...........
Екінші сөйлем: «Себебі, мен оны былай түсіндіремін...........»
Үшінші сөйлем: «Оны мына фактлермен, мысалдармен дәлелдей аламын..................»
Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім................» 3- топ «Шатастырылған логикалық тізбек» әдісі
Мұғалім дұрыс және дұрыс емес сөздер жазылған қағаздарды ұсынады.Оқушылар мәтінді оқиды, шатастырылған тізбекті белгілейді.Өзінің тапқан сөздерін топтағы оқушылармен бөліседі, толықтырады, қатесін түзейді. ҚБ.Дескриптер арқылы бағаланады.
ҚБ. Бас бармақпен мадақтау
Кері байланыс:
«Білім қоржыны» әдісі арқылы кері байланыс орнату
|
Оқулық,
9-сынып
Ж.Дәулетбекова,А.Рауандина,
М.Дусенбаева
«Атамұра»
2019 жыл
| Соңы
5 минут
|
Рефлексия «Сауалнама» әдісімен оқушыларға шағын сауалнама ұсынылады.
Сабақта мен ... жұмыс істедім.
Белсенді/енжар
Мен сабақта өз жұмысыма...
Ризамын/риза емеспін
Менің көңіл күйім...
Жақсы болды/нашарлады
Сабақ материалы маған ...
Түсінікті/түсініксіз
Пайдалы/пайдасыз
Қызықты/зеріктіретін Үйге тапсырма . «Тәуелсіздік таңы» тақырыбында эссе жазу
|
| Қосымша мәлімет
| Саралау
| Бағалау
| Денсаулық-ҚТС
| Сабақтың өн бойында саралап оқытуда әрбір оқушының жеке қажеттілігіне сәйкес әдіс-тәсілді іріктеп қолдану.Топтық, жұптық, жеке жұмыстар арқылы оқушыларға өзара қолдау,көмек көрсету арқылы жүзеге асырылады.
| Сабақ барысында оқушылардың бірлескен жұмыстарын бағамдау үшін «Мадақтау», «Бас бармақ», «Қол шапалақ» және әр оқушының оқу жетістігіне жеткенін білу үшін бағалау критерийі мен дескрипторы ұсынылады. Сабақта оқушылардың ішкі уәжін ояту,оқуға ынталандыру,алға ілгерлеуін қамтамасыз ету мақсатында кері байланыс жүргізіп отырамын.
| АКТ –мен жұмыс кезінде техника қауіпсіздігі ережелері ескерілді.
| Ықшамсабақ ықпалы: Әріптестер және тренермен сабақ талдау барысында сараланған тапсырма беруде әдіс-тәсілдердің тиімді түрін таңдауды түсіндім. Жеке, топтық, жұптық тапсырмалар орындатудың тиімділігін және әр тапсырмадан соң кері байланыс жасаудың оқу үдерісін жақсартуға әсерін тигізетінін білдім. Әріптестермен бірге отырып, ынтымақтастықпен жұмыс жасау, сабақ құрылымының дұрыс құрылуына ықпал етіп, біріміздің ойымызды біріміз толықтыруға негіз болды. Тренер кеңестерін басшылыққа алдым
| Қорытынды бағалау
Ең жақсы өткен екі нәрсе
1.Топтық, жұптық жұмыстар
2.Қалыптастырушы бағалау
Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың бұдан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер
еді ?
1.Оқу мақсатының қолжетімділігі
2.Сабақта қолданылған әдіс-тәсілдер
Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі
сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?
1.Оқушылар болжам мен тұжырым жасауды, дұрыс сөйлеу мен қарым-қатынас мәдениетін, бағалауды әрі уақытты сақтай білуді меңгере алдым.
|
Бағалау критерийлері
| Дескриптор
|
1. Мәтін мазмұны бойынша болжам сұрақтарын дайындайды
| -мәтін мазмұнын түсінеді
-мәтіндегі сұрақтарға болжаммен жауап береді.
-түпнұсқамен салыстырады.
|
2. Шығармашылық жұмысты орфографиялық нормаға сай жазады
| -ойды жүйелі жазады
-орфографиялық нормаға сай жазады.
-ережелерді қолдана біледі.
| Қалыптастырушы тапсырмалар
ТЖ.
1-топ «Буриме» әдісі арқылы тәуелсіздік тақырыбына өлең жолдарын құрастыр
..................................................... сақтайды,
..................................................... ..ақтайды.
..................................................... .................
..................................................... .жаттайды.
2-топ «ПОПС» формуласы арқылы тәуелсіздік ұғымының мағынасын түсіндір.
Бірінші сөйлем: «Менің ойымша, тәуелсізіктің мәңгілік болуы ...........
Екінші сөйлем: «Себебі, мен оны былай түсіндіремін...........»
Үшінші сөйлем; «Оны мына фактлермен, мысалдармен дәлелдей аламын..................»
Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім................»
3- топ «Шатастырылған логикалық тізбек» әдісі
Мұғалім дұрыс және дұрыс емес сөздер жазылған қағаздарды ұсынады.Оқушылар мәтінді оқиды,шатастырылған тізбекті белгілейді.Өзінің тапқан сөздерін топтағы оқушылармен бөліседі,толықтырады,қатесін түзейді.
Бағалау критерийлері
| Дескриптор
| 1.Өлең жолдарын ұйқасқа құрады.
2.Нақты дәлелдер арқылы өз пікірін білдіреді.
3.Қателермен жұмыс жасайды.
| -тақырып мазмұнын біледі
-ойын жүйелі,дәлелді жеткізеді
-грамматикалық ережені біледі
| |