Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Электростатика
Мектеп:
Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Абилгазина Ш
Сынып: 10 сынып Қатысқандар:
Қатыспағандар:
|
Сабақтың тақырыбы
| Электростатика бөліміне қайталау. Практикалық жұмыс.
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
| Электростатика бөлімін қайталау,пысықтау және есептер шығару.
|
Сабақтың мақсаты:
| Білімділік.(жаңа білім,жаңа түсінік: Электр зарядын, электр өрісін, Кулон заңын,электр өрісініңкернеулігі,потенциалы, энергиясын біледі.
Құзырлылық.(қолданым әрекеті.талдау әрекеті: Электростатика бөліміндегі формулалардыбіледі және есептер шығара алады.
Өлшем бірлікті ХБЖ жүйесіне айналтыра алады.
Құндылық.(шығармашылық әрекет. Бағамдау әрекеті: Формулаларды түрлендіріп есептер шығара алады. Электростатика бөлімін ғылыми тұрғыдатүсіндіре алады.
|
Бағалау критерийі
| Электростатика бөліміндегі формулаларды біледі
есептер шығара алады.
|
Тілдік мақсаттар
| Электр заряды- electric charge- электрический заряд
Оң заряд- positive charge- положительный заряд
Теріс заряд- negative charge- отрицательный заряд
Электр өрісі- electric field- электрическое поле
Өріс сызықтары- field lines- линии поля
|
Құндылықтарға баулу
| Бәсекелік қабілетті арттыру, Ұлттық бірегейлікті сақтау , Білімнің салтанат құруы.
|
Пәнаралық байланыс
| Математика ,химия, ағылшын.
|
Алдыңғы білім
| Электр өрісінің энергиясы
|
Сабақ барысы
|
Сабақ жоспарланған кезеңдері
| Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
| Ресурстар
|
Ақпарат алмасу
Білу
Алғашқы бекіту
Түсіну
| Ұйымдастыру кезең: 1.Сәлемдесу 2.Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу
.3 Түгелдеу. 4Топқа бөлу Үй тапсырмасын сұрау. “Зымыран сұрақтар” әдісі Сұрақ- жауап
Заряд неше түрі бар? Кернеу? Жазық конденсатор? Аттас зарядтар қалай әрекеттеседі? Электр өрісі дегеніміз не? Арақашықтығын 2 есе арттырсақ күш қалай өзгереді? Конденсатор өлшем бірлігі? Элементте 10 электрон бар болса, қанша протон болады? Кернеулік дегеніміз не? Кулон заңы? Кестені толтыр: Күш , кернеулік, заряд, электр өрісінің потенциалы, конденсатор, масса , жылдамдық , үдеу.
|
|
Құзырлылық қалыптастыру
Қолдану
Талдау
| Есептер шығару
1 Радиусы 20 см оқшау тұрған өткізгіш шарды 10 000 В потенциалға дейінт зарядтау үшін қандай жұмыс атқару керек? 4 балл
2 Вакуумдағы сыйымдылығы 4 Ф болу үшін өткізгіш шардың радиусы қандай болу керек? 4 балл
3 Сфера пішіндес бір миллион тамшы бір тамшыға жиналды. Әрбір тамшының радиусы 5,0х10-4 см, заряды 1,6х10-14 кл. Тамшыларды жинастырған кезде электр тебілу күштерін жеңу үшін қанша энергия жұмсалды? 5 балл
4 Бір-бірінен 0,6 м қашықтықтағы екі 3,0х10-6 кл зарядты 0,2 м-ге дейін жақындату үшін қанша жұмысжасау керек? 4 балл
5 Оң 2х10-5 және 4,5х10-5 кл зарядтары бар екі дене бір-бірінен 1 м қашықтықта орналасқан. Егер олар тепе-теңдікте болса, онда сынық заряд үлкен зарядтан қандай қашықтықта орналасқан? 5 балл
«Еркін ізденіс стратегиясы»әдісі
(Топтық жұмыс.Шығармашылық тапсырма-1)
Берілген құрал жабдықтармен электр өрісіне мысал келтіру. Жүн, эбонит таяқшасы, жібек, тарақ , шар, ұсақ қағаз үгінділері,электроскоп және т.б.
|
|
Шығармашылық қалыптастыру
Жинақтау
| Топтық жұмыс.”Ойлан жұптас бөліс” әдісі арқылы постер қорғау.
Дескриптор.
Электр зарядын, электр өрісін, Кулон заңын,электр өрісініңкернеулігі,потенциалы, энергиясын біледі.
|
|
Күтілетін нәтиже
Бағалау
| Кері байланыс БББ әдісі
|
|
Үйге тапсырма
| Электростатика бөлімін қайталау
№9,№10 есеп
|
|
Саралау-Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?
Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?
Белсенді оқу бойынша қабілетті оқушыларға :
| Бағалау-Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?
| Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
|
Сабақ бойынша рефлексия
|
|
Жалпы бағалау
Сабақта өткен ең жақсы екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?
1:
2:
Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?
1:
2:
Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?
|