Главная страница

АсылханMicrosoft Word. за мерзімді жоспарды тарауы Компьютерлік жйелер мен желілер


Скачать 59.18 Kb.
Названиеза мерзімді жоспарды тарауы Компьютерлік жйелер мен желілер
Дата18.10.2022
Размер59.18 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаАсылханMicrosoft Word.docx
ТипДокументы
#739367


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Компьютерлік жүйелер мен желілер


Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6

Қатысқандар:

Қатыспағандар:0

Сабақтың тақырыбы

Компьютердің қызметі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.1.2- компьютердің негізгі құрылғыларының  өзара әрекетін  түсіндіру


Сабақтың мақсаты

компьютердің негізгі құрылғыларының қызметін түсінеді;

компьютердің негізгі құрылғыларының  өзара әрекетін  талқылайды;

компьютердің негізгі бөліктерінің қызметі туралы пікір алмасады.

Бағалау критерийі

1.      Компьютердің негізгі құрылғыларын біледі.

2.      Компьютердің негізгі құрылғыларының мүмкіндіктерін қолданады.

3.Компьютердің негізгі құрылғыларының өзара әрекетін талдайды.

Тілдік мақсаттар


Оқытудың тілдік мақсаты:

компьютер құрылғыларының қызметтерін түсінеді

Пәнге қатысты лексика және терминология: жүйелік блок, аналық тақша, орталық процессор, мегагерц, гигагерц, жүйелік шина,порт.

Диалог құруға / жазылымға қажетті  сөздер топтамасы:

Процессор жылдамдығы …… немесе…… өлшенеді.

..дегеніміз компьютермен басқа да периферациялық құрылғыларды байланыстырушы интерфейс.

Құндылықтарға

баулу


Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы:

Сабақта жауапкершілік, құрмет, ынтымақтастық қасиеттерін бойына сіңіреді.


Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі пәнін компьютер құрылғыларының орнына өздерін қойып, рөлдік ойын құрастырғанда пайдаланады.

Алдыңғы білім


Есептеуіш техниканың даму кезеңдерін біледі. Компьютермен барлық құрылғыларын біледі және  жұмыс жасай алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы


Ұйымдастыру:

Өткен сабақ бойынша

Тапсырма №1.

Жеке жұмыс- «Kahoot» әдісі

Kahoot.it сайты арқылы тест тапсырмасына жауап беру. Ол үшін оқушылар  компьютерге отырады немесе смартфондар арқылы жауап береді. Тапсырма 10 сұрақтан тұрады, әр сұрақтын 4 жауабы болады. Оқушылар берілген код бойынша тіркеледі және өз есімдер жазады.

Дескриптор:

-          Суреттерге қарап құралды анықтай алады.

-          Жүйелік блоктың құрамын  біледі.

-          Электронды тасығышты анықтай алады,

-          Енгізу құралдарын анықтайды.

Саралау тәсілі – «Қорытынды»

Барлық оқушылар бір тапсырманы орындаса да олардың нәтижелері әртүрлі болады.

Қ.Б. «Баспалдақ » әдісі.

Тапсырмалар орындалып болғаннан кейін экраннан өздерінің қай сатыда тұрғанын көре алады.








Мұғалім үшін: https://play.kahoot.it/#/

feedback?quizId=1cfc3bf4-ef0b-416c-b97e-e4dded939cbe
Оқушылар үшін:

4641445


Сабақтың ортасы


Жаңа білімді меңгеру.

Bilimland.kz  сайты арқылы бейне ролик көрсетіледі.

Қосымша суреттер арқылы қандай құрылғы екені айтып өтіледі.

«INSERT» әдісі. Сабақ түсіндіру барысында айтылған анықтамаларды оқушылар өздеріне  керек жерлерін түртіп алады.

BIOS-Basic Input/Output Systeem- базалық енгізу/шығару жүйесі. Ол жеке тұрақты есте сақтау құрылғысында сақтап тұрған бағдарлама. Бұл бағдарлама компьютердің жүктелуінің бастапқы кезінде құрылғыларды басқарып олардың өзара байланысын қамтамасыз етеді.

Жедел жады-мәліметтерді қысқа мерзімге сақтау үшін қызмет етеді.Компьютерді сөндірген соң, ақпарат өшіп қалады.

Микропроцессор-бүкіл есептеулерді және ақпаратты өңдейтін кішкентай электрондық схема

Шина-тақтадағы екі құрылғы арасында ақпарат таситын делдал

Аналық тақша - орталық процессор, жедел жад микросхемалары, кеңейту қуыс- орындары және есептеу Машинасының басқа да кейбір жүйелік сыңарлары орналастырылған негізгі мөрлі тақша.

Қоректендіру блогына (110-230 В) жоғары қуаттың ауысу және тұрақты төмен қуатының тоғы (12 және 5 В) компьютердің барлық бөлшегін қоректендіреді

Порт- дегеніміз компьютермен басқа да периферациялық құрылғыларды байланыстырушы интерфейс.

Тапсырма №2

Топтық жұмыс-  «Галереяны шарлау»Дайындалған кластер бойынша қорытынды жұмыс немесе өнімді ұсыну арқылы өз жұмысын ұсынады, идеяларын қорғайды, ерекше идеалар айтады.

1-Топ:Компьютердің құрамдас бөліктері мен олардың атқаратын қызметін білу не себепті маңызды?

2-Топ:Порттардың көлемдері мен өлшемдерінің  әр түрлі болуы не себепті маңызды?

Дескриптор:

-          Компьютердің негізгі және қосымша құрылғыларын біледі;

-          Компьютердің құралдары қандай порттар арқылы жалғанатын көрсете алады.

Саралау тәсілі- «Дереккөздер».

Кластер дайындау барысында оқушылар баспадан шыққан және электронды дереккөздерді пайдаланады.

Оқулық, интернет.

https://bilimland.kz/kk/courses/informatika-kk/5-synyp/lesson/kompyuterding-negizgi-qurylhylarynyng-mindeti-men-mumkindikteri

Сабақтың соңы

Рефлексия

Тапсырма №3

Сыныппен жұмыс- «Мен әртіспін»әдісі.

Оқушылар өзара рөлдерді бөліп алып, айтатын сөдерін өздері дайындайды.

Дескриптор:

-          Құралдардың қызметін біледі

-          Маңыздылығын түсіндіре алады

-          Құралдардың өзара байланысын айтады

-

Саралау тәсілі-«Қорытынды»

Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізіледі.

Қ.Б.-  «Смайлик» әдісі.  Әр оқушыға сыныптастары смайликтерді көрсету арқылы бағалайды.
Бағалау- «БББ» кестесі.

Бұл парақша оқушыларға сабақ басында беріліп сабақ соңында жинап береді. Оқушылар осы сабаққа дейін  білгенін, осы сабақтан алғанын және білгісі келетінін жазады. Соған байланысты мұғалім келесі сабақтарда түсінік береді.

«Білім терегі» -әдісі.

Оқушылар осы сабақты қандай деңгейде түсінгенін көрсетеді. Өзін қай жерде тұрғанын анықтап, бояйды




Сабақ бойынша рефлексия



Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме?Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Осы сұрақтар бойынша рефлексия жүргізілді.


































 


написать администратору сайта