Главная страница

1_Биология_10 сынып_Тұқымқуалаушылықтың хромасомалық теориясы_Са. за мерзімді жоспарлар блімі


Скачать 176.84 Kb.
Названиеза мерзімді жоспарлар блімі
Дата01.09.2022
Размер176.84 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файла1_Биология_10 сынып_Тұқымқуалаушылықтың хромасомалық теориясы_Са.docx
ТипДокументы
#658489




Ұзақ мерзімді жоспарлар бөлімі: Тұқымқуалаушылқ пен өзгергіштік заңдылықтары

Мектеп:


Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Т. Морганның хромосомалық теориясы. (4 сабақ)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.2.4.3 кроссинговер нәтижесінде белгілердің тұқымқуалау заңдылықтарының бұзылуын түсіндір

Сабақ түрі

Практикалық сабақ

Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

- Т. Морганның хромосомалық теориясымен атайды

- тұқымқуалаушылық заңдылықтарының бұзылуын талдайды

-есептер шығарады

Бағалау критерийлері

Оқушылар:

- Т.Морганның хромосомалық теориясының негізгі принциптерін біліп, түсіну

- тұқымқуалаушылық заңдылықтарының бұзылу себептерін түсіну және түсіндіру

-тіркесу топтамасына есептер шығара білу

Тілдік мақсаттар


Пәнге тән лексика мен терминология:

Тұқымқуалаушылықтың хромасомалық теориясы, локус, гомологты хромосомалар, ген, тіркесу топтамасы, морганида, кроссинговер, кроссинговер процесі, кроссоверлі/кросоверлі емес, кросовеолі/кросоверлі емес гаметалар....

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Гендер, бір хромасомада орналасқан, тіркескен деп аталады.

Гендер топтамасы, бір хромасомада орналасқан, тіркесу топтамасы деп аталады.

Гаметаларды қалыптастыру кезінде тіркесі топтамасындағы гендер бірге тұқымқуалайды.

Тіркесу топтарының саны = гаплоидты жасушадағы хромосомалардың санына.....

Тұқымқуалаушылық қағидаларының бұзу себептері болып табылады ….


Құндылықтарды дарыту


Мәңгілік ел» бесінші қадамы, бұл - Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы.Патриоттық сезімді дамыту. Өзіне және бір-біріне деген құрметті, топтық жұмыста ынтымақтастықты қалыптастыру.

Пәнаралық байланыстар

Әлем тарихы – 20 ғасырдың атақты ғалымдары, ҒТЖ алғышарттары.

АКТ қолдану дағдылары

Білімнің қайталануы мен жинақталуы үшін Интернет-ресурстарды пайдалану, РР құру, брошюралар, флеш-анимация.

Бастапқы білім


Митоз және мейоз (9-10 сынып), моно және дигибритті будандастырудың негіздері (10 сынып), Т. Морганның хромосомалық теориясы. (10 сынып)


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

  1. мин.

2-10мин.
11-12 мин.
13-14 мин



1 (Ұ) Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

2 (Жж) «Хромасомалық теорияның негізгі қағыдалары» тақырыдына ҚБ – ды ұйымдастыру

3. (Жж н/е Ж) (кілттердің көмегімен өзін-өзі бағалау немесе өзара бағалау жүргізуге болады).

4 (Ұ) Миға шабуыл. Оқушыларды келесі сұрақтарға жауап беруін сұраңыз: Бұл тақырыптың алғашқы сабақтарында алдымызға қойған мақсаттардың қайсына біз әлі қол жеткізе алмадық?

(оқушылар сабақтың мақсаты мен критерийлерін еске түсіріп, сабақтың мақсатын айқындайды: Тіркесіп тұқымқуалауға есеп шығару).

РРТ
Қосымша 1(ҚБ)

Сабақтың ортасы

15-36


1 (Ұ) Есеп шығаруды ұйымдастыру

(1. есеп тақтада мұғаліммен бірге шығарылады, содан кейін оқушылар есептерді өз бетімен шешеді) 

Есептің шарты. Дрозофила шыбынында дененің сұр түсі сарысынан, қызыл көздісі ағынан басым. Бұл белгілерге жауапты гендер бірінші хромосомада орналасқан және 44 морганида қашықтықта орналасқан. Ақ көзі бар сұр денелі шыбындардың таза линиясын қызыл көзді сары денелі шыбындармен шағылыстырған. Алынған гибридтерден ұрғашысы таңдалып, оны талдаушы шағылыстыруға ұшыратты. Алынған ұрпақтың фенотиптік қатынастар пайызы қандай болады?

Түсініктеме:

● Сәйкес гендерді белгілейміз, олардың арасындағы қашықтықты көрсетеміз:

А – сұр дене;

а – сары дене;

B – қызыл көздер;

b – ақ көздер;

rfAB = 44% (44 морганида).

● Ата-аналық пішіндердің генотиптерін белгілеу. Ақ көзі және сұр денесі бар таза линиялы ағзалар Ab / Ab генотипіне ие, қызыл көзді сары денесі бар таза линиялардың генотипі мынадай - aB // aB.

● Таза линияларды шағылыстыру нәтижесінде алынған гибридтер мынадай:







● Демек, талдауға арналған шағылыстыратын ұрғашы ағзалар Аb // аB генотипі бар.

Дигетерозиготалы ұрғашы ағзада кросоверлі емес гаметтердің екі түрі (тең қатынаста) және кроссоверлі гаметаларының екі түрі (тең қатынаста) түзілетінін ескере отырып, талдаушы шағылыстыруын жазып алайық. Ыңғайлылық үшін, біз кроссоверлі гаметаларды және ағзаларды жұлдызшамен (*) белгілеп аламыз:






● F2 ұрпағындағы жеке ағзалардың пайызын есептейік.

Гендер арасындағы ара қашықтық - 44 морганида болып табылады, сондықтан олардың арасындағы красинговер ықтималдығы 44%. Демек, кроссоверлердің жалпы саны 44% -ды құрайды (әр фенотиптік класс жеке ағзаларға - 22%). Кросоверлі емес тұлғалардың жалпы саны: 100% - 44% = 56% (яғни әрбір фенотиптік класс - 28%),.

Жауап: 28% -ы сұр денелі, ақ көзді және сары денелі, қызыл көзді, сондай-ақ сұр денелі, қызыл көзді және сары денелі ақ көзі бар ағзалар 22% құрады.

2. (Жж) Оқушылар емептерді өз бетінше таңдап шешеді.

3. (Жж н/е Ж) Жауап эталондарын пайдаланып өзін-өзі және бір-бірін тексереді.


Қосымша 2

(есептер)

Қосымша 3

(есептер жауабымен)

Сабақтың соңы

37-40мин.


Рефлексия

1. Сабақта мен жұмыс істедім

2. Сабақта барысында мен өз жұмысыммен

3. Мен үшін сабақ көрінді

4. Сабақ барысында мен

5. Менің көңіл-күйім

6. Бұл сабақтың мәтіні маған

7. Үй жұмысы маған
белсенді / енжар

қанағаттандым / қанағаттанғанжоқпын

қысқа / ұзақ

шаршағанжоқпын / шаршадым

жақсарды / нәшарлады

түсінікті / түсініксіз

пайдалы / пайдасыз

қызықты / қызықсыз

оңай / қиын

қызықты / қызықсыз
Үй жұмысы: Екі есеп таңдап алып шығару.

https://foxford.ru/wiki/biologiya/stseplennoe-nasledovanie-genov-hromosomnaya-teoriya-nasledstvennosti


Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы





Оқушыларға шешу үшін тапсырмалар нөмірлерін өз бетінше таңдау ұсынылады.

Әлсіз оқушылар үшін мұғалім төменгі дәрежелі сұрақтарды пайдаланады.

Күшті оқушылар үшін жоғарғы дәрежелі проблемалық сұрақтар қолданылады.

Алған білімі мен дағдыларын бағалау сабақтың басында (жазбаша ҚБ), ортасында (міндеттерді шешу барысында) және соңында (өзін-өзі бағалау немесе өзара бағалау жүргізу кезінде) жүзеге асырылады.

Сабақ барысындағы сұрақтар оқушылардың білімін үнемі бағалауға көмектеседі.

Жұппен жұмыс істеу достық атмосфераны құруға ықпал етеді. Қарым-қатынас дағдылары серіктеспен жұмыс істеу кезінде дамиды.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылғанба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткіздіме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілдіме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталдыма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.




Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?


написать администратору сайта