Главная страница
Навигация по странице:

  • Дәріс тезистері

  • Заымданулар. Дистрофия, атрофия, некроз


    Скачать 18.89 Kb.
    НазваниеЗаымданулар. Дистрофия, атрофия, некроз
    Дата01.02.2022
    Размер18.89 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаДәріс 2.docx
    ТипЛекции
    #348820

    Дәріс№2 


    Дәріс тақырыбы/Тема лекцииЗақымданулар. Дистрофия, атрофия, некроз.
    Дәрістің мақсаты/Цель лекции: Зақымданулар туралы жалпы түсінік. Зақымдану түрлерін ажыраты білу.

    Дәріс тезистері:

    Дистрофия (грекше dіs-бұзылу, trophe- қоректендіремін)-жасушаның зат алмасуы бұзылуынан құрылымдық өзгерістер дамитын күрделі патологиялық процесс. Дистрофия зақымның бір түрі.

    Морфологиялық механизм бойынша дистрофия келесі түрлерге бөлінеді:

    1. Инфильтрация – қанмен келген пайдалы заттар жасушаға және тіндерге керекті мөлшерден асып, сіңіп кету болып табылады. Мысалы, аортаның қабырғасына холестерин артық мөлшерде сіңіп кетіп, дақтар пайда болады.

    2. Бұрмаланған синтез - жасушалар мен тіндерде қалыпты жағдайда кездеспейтін заттардың синтезделуі. Мысалы: қант диабетімен ауырғанда нефронның тар сегментінің эпителийінде гликогеннің синтезделуі жатады.

    3. Декомпозиция – ағзаларда басқа тіндер пайда болу. Мысалы: бауырда алкогольмен созылмалы уланғанның себебінен, тінінде цирроз болғаны.

    4. Трансформация – зат алмасу үдерістің нәтижесінде міндетті түрде болатын заттың орнына, болмайтын басқа заттың түзілуі. Майлар мен көмірсулардың белоктарға трансформациясы, глюкозаның гликогенге полимерленуі, т.б. осы механизмге мысал бола алады.

    Зат алмасу бқзылыстарының түрлеріне байланысты: - ақуызды; - майлы; - көмірсулы; - минеральды; - ауыр ақуыз. Таралуына байланысты: - жалпы; - жергілікті. Өзгерістің айқындалуына байланысты: - қайтымды; - қайтымсыз болып бөлінеді. Морфологиялық көрсеткіштері бойынша, дистрофия 3 түрге бөлінеді: 1) паренхималық, 2) мезенхималық, 3) аралас

    Атрофия (грек тілінен а — жоқ; trophe — қоректік зат, тамақ) — қоректік заттың келмеуіне немесе жетіспеушілігіне байланысты дене мүшелері мөлшерінің кішірейіп әлсізденуі. Патологиялық сему белгілі бір ауру тудырушы себептерге байланысты болады. Семудің бүл түрі екі топқа бөлінеді: 1) жалпы сему немесе кетерем болу (кахексия); 2) жергілікті сему

    Жалпы сему аштықтың, нерв және эндокрин жүйелерінің ауруларының, қатерлі ісіктің салдарынан пайда болады. Егер адам 1—2 ай бойы тамақ ішпесе, не жеген тамағы сіңбесе, ол шегіне жете арықтап, көтерем болып өледі. Бұл кезде организм өз салмағының 40—50 процентін жоғалтады. Көтеремдіктің ең бірінші белгісі бұл май «қоймаларынан» майдың жоғалуы, теріасты шелі, шарбы, шажырқай жұқа дәнекер тканьді қабаттарға немесе сары-қоңыр реңдегі пластинкаға айналып қалады. Кейде майды микроскоппен де іздеп таппайтын жағдай болады. Тері өте құрғап, жұқарып, қатпарланып, меланин пигменттерінің көбеюіне байланысты қоңыр түске енеді. Дененің бұлшықеттері семіп қалады, сүйектер кеуектеніп (остеопороз) морт сынғыш болады, әсіресе сүйектің тығыз қабаты жұқарады. Ішкі ағзалардың көлемі кішірейігі, салмағы азаяды, жүрек пен бауырда қоңыр тұс беруші липофусцин пигменті жиналады. Бұл процесті ағзалардың қоңыр семуі дейді. Атрофия процесі ішкі секреция бездерінің ішінде қалқанша безде, жыныс бездерінде және бүйрекүсті бездерінде айқын көрінді.

    Некроз (гр. nekros — өлі, шірік, өлі еттену) - тірі организмдегі клетка мен тіндердің өлуі. Қан және жұқпалы ауруларға шалдыгу, жарақаттану, күю т. б. себептерден ауыз шырышты қабығы, қызыл иек шеті, ерін мен ұртүстері некрозға ұшырайды. Шіру процестері ұлпа қабынғанда, тіс эмалі зақымданғанда білінеді.

    Некроздың алдында болған бұзылыстарды «Некробиоз» деген терминмен белгіленген, ал созылмалы некробиозды «Патобиоз» деген терминмен белгілеген. Зақымдалу үдерісі енді басталып келе жатқан кезде, бұзылыстар қалпына келетін мүмкіншілігі болса, онда бұл жағдайды «Паранекроз» деген терминмен белгілеген. Некроз үдерісінің аяғында тіннің ферменттернің әсерімен өлі жасушалар ағзадан сыртқа шығады немесе сау тіндерден шекараланып, оқшауланады. Бұл жағдайды «Некролиз» деп белгілеген.

    Кейбір жағдайда, гендік бағдарлама үдерісі бойынша жасушалар өзін – өзі өлтіреді. Бұл жағдайды «Апоптоз» деген терминмен белгіленген.

    Жарақаттанудан (үсу,күю), нервтің жаншылуынан, уланудан, туберкулез, мерез, бөртпе сүзек аурулары салдарынан, бүйректің қабынуынан, сондай - ақ гангрена, инфаркт аурулары кезінде де өлі ет пайда болады. Кейде өлі ет органға инфекция түсіп, іріңдейді. Оның емі, шіріген ұлпаға хирургиялық операция жасайды, антибиотиктер, организмді әлдендіретін, құнарлы, витамині көп тағамдар ішу.

    Түзілу себептеріне байланысты некроздар 5 түрге бөлінеді:

    1) жарақаттық, 2) токсикалық- улы, 3) трофоневроздық немесе нейрогендік, 4) аллергиялық, 5) қантамырлы.

    Қантамырлы некроз 5 түрден құрастырылған:

    1. Коагуляциялық (құрғақ). Бұндай некроз әдетте құрамында суы және сұйықтық заттары аз болған ағзаларда дамиды.

    2. Колликвациялық (ылғалды). Бұл некроздың сипаттамасында - құрамында су жіне сұйықтық заттар көп мөлшерде бар ағзалардың тіні езіліп, көпіршік түзеді.

    3. Гангрена өрт деген грекия сөзінен аударылған термин. Бұл сыртқы ортадағы ауамен, бактериялармен жанасатын некроздың түрі. Гангренаның бірнеше түрлері бар:

    - Құрғақ гангрена

    - Ылғалды гангрена

    - Анаэробты немесе газды гангрена

    - төсекжара - әлсіреген ауруларда қысым әсерін алған жерлерде, теріде, кілегей қабықта болады. Төсекжара сегізкөз, бөксе, өкше сүйек аймақтарында дамиды.

    4. Секвестр – ферменттік аутолиз – езуге көнбей, сау тіндердің арасында еркін орналасқан, өлген тіннің бір бөлігі.

    5. Инфаркт – ішкі ағзалар тініндегі некроз, даму себебі қан айналымның жедел бұзылуы нәтижесі, тамырлар бітелуі (абтурация) немесе артерияларда ұзаққа созылған спазм.



    написать администратору сайта