|
3 сынып қмж. замерзімді жоспар тарауы 3блім. Роботтехника. Жоба (орта таырыптар нер, Крнекті тлалар)
19-сабақ. Сабақтың тақырыбы: Құжатты рәсімдейміз
Бөлімі:
| Ұзақмерзімді жоспар тарауы:
3-бөлім. Роботтехника. Жоба (ортақ тақырыптар: «Өнер», «Көрнекті тұлғалар»)
| Педагогтің аты-жөні:
| Айтқазин Ерасыл Мұратоллаұлы
| Күні:
|
| Сыныбы:
| Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
| Сабақтың тақырыбы:
| Құжатты рәсімдейміз
| Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
| 3.2.1.4 шрифт пен абзацты пішімдеу
| Сабақтың мақсаты:
| Барлық оқушы үшін:
Мәтіндік редакторда шрифт пен абзацты пішімдеуді, қолдануды үйренеді.
| Сабақтың барысы:
Сабақтың кезеңі/уақыты
| Педагогтің іс-әрекеті
| Оқушының ісәрекеті
| Бағалау
| Ресурстар
| (Ұ)
Ұйымдастыру кезеңі:
1-7 мин.
| Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу
І. Қызығушылықты ояту. «Портрет» ойыны
Қатысушылар төбелеріне А4 форматтағы қағазды қойып алып, 5 минут музыка әуенін тыңдай жүріп, өз тобындағы қалаған біреудің портретін салады. Музыка тоқтаған соң, астына өз қолтаңбасын қалдырып, портретті иесіне сыйлайды. /Бұл ойын оқушыларға психологиялық жағымды көңіл күй сыйлайды/.
| Топтастыру:
| Топтастыру. «Социометрия» әдісі
Оқушыларды топтастыру үшін қолдануға болады. Қатысушылар көздерінің түстері, жұлдызнамалары, сүйікті түстері, тұрғылықты жерлері, аттарының бас әрпі арқылы бірін-бірі табады. Жүргізуші қандай белгі арқылы топқа бөлінетіндігін айтып отырады.
Бұл әдіс сыныптастардың бір-бірін жақыннан тануына мүмкіндік туғызады.
Мақсаты: белсенді оқу, оқушының мұғалімді мұқият тыңдап қана қоймай, белсенді жұмысқа тартылуын көздейтін оқыту мен оқу әдістерінің бірі болғандықтан, оқу мақсаттарына қол жеткізуде оқушылардың қажеттіліктерін, қабілет деңгейлері мен қызығушылығын ескере отырып топтастыру жоспарланды.
Тиімділігі: топтық жұмыста – бір-бірімен ой бөлісіп, пікірлесуге, өз ойын ортаға салуға; жұптық жұмыста – ақылдасып, келісімге келуге, өзгенің пікірін тыңдап, құрметтеуге; жеке жұмыста – өзіндік пікір қалыптастырып, сын тұрғысынан ойлануына мүмкіндік болады.
Саралау: оқытудың қажеттілігіне қарай топ құруда саралаудың «Жіктеу» тәсілі
қолданылады.
|
(МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі.
| Мұғалім төмендегі сұрақтарды оқушыларға қойып,
суреттерді интерактивті тақтадан көрсетеді. Оқушылар ұжымдық үлгіде білгендері бойынша өз ойларын айтып, жауап береді.
| Өздерің тұратын аймақтағы табиғаты әсем қандай жерлерді атай аласың? Саған қай тақырыптарда сурет салған ұнайды? Сурет салу – өнер, шебер сөйлеу де өнер. Берілген суреттерді салыстыра отырып қандай әңгіме құрастырар едің?
(1-сурет).
| Қалыптастырушы бағалау
Мұғалім оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігі мен сұрақтарға жауап беру деңгейіне қарай «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды.
| Интерактивті
тақта
Оқулық
Жұмыс
дәптерлері
| Жаңа сабаққа дайындық.
| Мақсаты: алдыңғы білім мен жаңа білімді ұштастыру үшін, жетелеуші және түрткі сұрақтарды талқылау.
Тиімділігі: оқушыға сұрақ қою, проблеманы зерттеу арқылы ой-өрісін дамытады, ойын еркін жеткізеді. Пікірлерін еркін айтып, ешқандай сынға ұшырамауы керек, қағазға түсіруге де, ауызша талқылау жұмысын жүргізуге де болады.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін, мұғалім интерактивті тақтадан сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлерімен таныстырады.
| Сабақтың ортасы
(26 мин)
| ІІ. Мағынаны ашу (білімді өзектендіру үшін). Оқулықпен жұмыс істеу. «Мәтінмен жұмыс» әдісі Тапсырмалар:
мәтінді бірнеше бөлікке бөлу; әр бөлікке атау беру; әр бөліктің негізгі ойын білдіретін сөйлемдерді анықтау; негізгі ұғымдарды сипаттайтын сөз, сөз тіркесі, сөйлемдерді табу; мәтіндегі барлық негізгі ұғымдарды кезегімен атап беру; мәтіндегі оқуға орын алған жерлерді атау; мәтінді аяқтаудың нұсқасын ұсыну.
|
| Топтық жұмыс
1- тапсырма Төменде Word редакторында терілген мәтін берілген. Осы мәтіннің әрбір
қатарын Шрифт
(Қаріп) пен Абзац
(Азат жол) командаларының қолданылуын талдап, шағын есеп жазыңдар. Мысалы, тақырып: түсі жасыл, өлшемі ...
| Дескриптор
Берілген тапсырмаға топтық талдау жасайды. Мәтін бойынша шағын есеп жазады.
| Қалыптастырушы
бағалау
Топтағы оқушылар бір-бірінің сабаққа қатысу белсенділігіне және тапсырманы орындау деңгейіне қарай бір-бірін «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды.
| Интерактивті
тақта
Оқулық
Жұмыс
дәптерлері
| Сабақтың соңы 7 мин.
Сабақты бекіту.
Рефлексия.
| ІІІ. Ой толғаныс. Рефлексия
Жеке жұмыс. «Бес саусақ» әдісі
Сабақты қорытындылау мақсатында оқушылар өздерінің жұмыс дәптерлеріне саусақтарын қойып, саусақтарын айналдыра сызып, суретін салады. Дайын бес саусақтың әр саусағына интерактивті тақтадан көрсетілетін әр саусақтың өз мағынасына қарай жауаптарын жазады. Жазып болған соң, бес саусаққа жазылған жауаптарын оқиды.
Басбармақ – өзімді қалай сезіндім? Балаң үйрек – басқаларға көмегім тиді ме? Ортан терек – бүгінгі көңіл күйім қандай болды? Шылдыр шүмек – бүгінгі сабақ ұнады ма?
Кішкентай бөбек – бүгін не үйрендім?
|
|
| Қалыптастырушы бағалау
Мұғалім оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігі мен тапсырмаларды орындау деңгейіне қарай «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Мақсаты: оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.
Тиімділігі: тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды
болуын қадағалайды.
|
| |
|
|