Сабақ кезеңі/Уақыты
| Педагогтің іс-әрекеті
| Оқушының іс-әрекеті
| Бағалау
| Ресурстар
|
(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:
1-7 мин.
| Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу
І. Қызығушылықты ояту: «Балық, құс, аң» ойыны
Мақсаты: Жүргізуші ойыншылардың жанына барып ақырын ғана «балық, құс, аң» деп айтып-айтып келеді де, бір ойыншының жанына барған кезде дауысын қаттырақ шығарып: «Балық!» (немесе аң, құс) –деп айтып қалады. Сол мезетте ол ойыншы бірден өзі білетін кез-келген балықтың атын айтып үлгеруі керек. Айта алмай қалса, ол ойыннан шығады. Ойын ең соңғы ойыншы қалғанша жалғаса береді. /Бұл ойын оқушыларға психологиялық жағымды ахуал орнатады/.
|
Топтастыру:
| Топтастыру
«Есімдер арқылы топтастыру» әдісі
Оқушылардың есімдерін балмұздақтардың таяқшаларына жазыңыз және жауап беру үшін кездейсоқ тәртіппен оларды таңдап шығарыңыз. 1,2,3-ке дейінгі сандарды допқа немесе оқушылардың саны немесе сыныптағы отыратын орнының нөмірі жазылған санауыштарда жазыңыз.
І - топ: ІІ- топ: ІІІ - топ:
Мақсаты: Белсенді оқу, оқушының мұғалімді мұқият тыңдап қана қоймай, белсенді жұмысқа тартылуын көздейтін оқыту мен оқу әдістерінің бірі болғандықтан оқу мақсаттарына қол жеткізуде оқушылардың қажеттіліктерін, қабілет деңгейлері мен қызығушылығын ескере отырып топтастыру жоспарланды.
Тиімділігі: Топтық жұмыста - бір-бірімен ой бөлісіп, пікірлесуге, өз ойын ортаға салуға; жұптық жұмыста - ақылдасып, келісімге келуге, өзгенің пікірін тыңдап, құрметтеуге; жеке жұмыста – өзіндік пікір қалыптастырып, сын тұрғысынан ойлануына мүмкіндік болады.
Саралау: Оқытудың қажеттілігіне қарай топ құруда саралаудың «Жіктеу» тәсілі қолданылады.
|
(МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі.
| Мұғалім төмендегі сұрақтарды оқушыларға қойып, суреттерді интерактивті тақтадан көрсетеді. Оқушылар ұжымдық үлгіде білгендері бойынша өз ойларын айтып, жауап береді.
| «Жоба» дегеніміз не? Оны жасау қандай қадамдардан тұрады? Есіңе түсір.
Таңдаған тақырыбың бойынша орындаған жобаңды көпшілікке қалай таныстырар едің?
| Қалыптастырушы бағалау
Мұғалім оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігі мен сұрақтарға жауап беру деңгейіне қарай «Фигуралар» әдісі арқылы бағалайды. Бес жұлдыз –Өте жақсы!, Төртбұрыш – Жақсы!, Үшбұрыш – Талпын!.
| Интерактивті тақта Оқулық Жұмыс дәптерлері
|
Жаңа сабаққа дайындық.
| Мақсаты: Алдыңғы білім мен жаңа білімді ұштастыру үшін жетелеуші және түрткі сұрақтарды талқылау.
Тиімділігі: Оқушыға сұрақ қою, проблеманы зерттеу арқылы ой-өрісін дамытады, ойын еркін жеткізеді. Пікірлерін еркін айты, ешқандай сынға ұшырамауы керек, қағазға түсіруге де, ауызша талқылау жұмысын жүргізуге де болады. Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін, мұғалім интерактивті тақтадан сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлерімен таныстырады.
|
Сабақтың ортасы
(26 мин)
| ІІ. Мағынаны ашу (білімді өзектендіру үшін)
Оқулықпен жұмыс істеу. «Әңгімелесетін әріптестер» әдісі
Алдымен топтарға бірігіп, оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқиды. Жаңа сабаққа сілтеме жасауды көздейтін бастапқы немесе бүкіл сыныпқа арналған тапсырма ретінде оқушылар әріптестерімен:
жаңа оқылған 3 факті туралы; оларға жеңіл болып көрінгендер туралы; оларға қиын болып көрінгендер туралы; алдағы уақытта оқығысы келген нәрселер туралы ақпарат алмасады.
| Дескриптор
Жаңа тақырыптың мәтінімен оқып, танысады. Топтар арасында талқылайды. Бір-біріне сұрақтар қойып, түсінбеген жерлерін толықтырады.
| Қалыптастырушы бағалау
Мұғалім оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігі мен сұрақтарға жауап беру деңгейіне қарай «Фигуралар» әдісі арқылы бағалайды. Бес жұлдыз –Өте жақсы!, Төртбұрыш – Жақсы!, Үшбұрыш – Талпын!.
| Интерактивті тақта Оқулық Жұмыс дәптерлері
|
| Топтық жұмыс
1-тапсырма
«Су–біздің байлығымыз» тақырыбындағы жоба таныстырылымын талдаңдар. Төмендегі мәселелерге назар аударыңдар:
1. Таныстырылым орындауда не қиын болды?
2. Таныстырылымда слайдтан слайдқа ауысуда қандай параметрлер таңдалды?
| Дескриптор
«Су–біздің байлығымыз» тақырыбындағы жоба таныстырылымына топтық талдау жүргізеді. Берілген сұрақтарға жауап береді.
| Қалыптастырушы бағалау
Топтағы оқушылар бір-бірінің сабаққа қатысу белсенділігі мен тапсырманы орындау деңгейіне қарай «Фигуралар» әдісі арқылы бір-бірін бағалайды. Бес жұлдыз –Өте жақсы!, Төртбұрыш – Жақсы!, Үшбұрыш – Талпын!.
| Интерактивті тақта Оқулық Жұмыс дәптерлері
|
| Жұптық жұмыс
«Даналық ағашы» әдісі
Оқушылар ішінен бір жүргізуші сайланады. Жүргізушінің қолында қорап немесе сандықша болуы керек. Оқушылар тақырып бойынша ашық сұрақтар құрастырып, жүргізушіге береді. Сұрақтар құрастырылып біткен соң, оқушылар сандықшадан кез келген сұрақты алып, дауыстап оқиды, толық жауап беруге тырысады. Қойылған сұрақпен берілген жауап бағаланады.
| 2-тапсырма
PowerPoint программасында өткен тақырыптарда танысқан бөлімдердегі командалардың қызметі бойынша 5 сұрақ құрастырып, жазыңдар.
Дескриптор
PowerPoint программасында өткен тақырыптарда танысқан бөлімдердегі командалардың қызметі бойынша 5 сұрақ құрастырады. Сыныптастарына ұсынады.
| Қалыптастырушы бағалау
Топтағы оқушылар бір-бірінің сабаққа қатысу белсенділігі мен тапсырманы орындау деңгейіне қарай «Фигуралар» әдісі арқылы бір-бірін бағалайды. Бес жұлдыз –Өте жақсы! Төртбұрыш – Жақсы! Үшбұрыш – Талпын!
| Интерактивті тақта Оқулық Жұмыс дәптерлері
|
| Жеке жұмыс
Интернеттен алынған сурет таныстырылымға қалай қойылады? Жобаны таныстыру сәтті шығу үшін не істеу керек?
| Дескриптор
Бір сұраққа жауап береді. Екі сұраққа толық жауап береді.
| Қалыптастырушы бағалау
Оқушылар өздерінің сабаққа қатысу белсенділігі мен сұраққа жауап беру деңгейіне қарай «Фигуралар» әдісі арқылы өзін-өзі бағалайды. Бес жұлдыз –Өте жақсы!, Төртбұрыш – Жақсы!, Үшбұрыш – Талпын!.
| Интерактивті тақта Оқулық Жұмыс дәптерлері
|
Сабақтың соңы
7 мин. Сабақты бекіту. Рефлексия.
| ІІІ. Ой толғаныс. Рефлексия
Жеке жұмыс: «Бес саусақ» әдісі
Бас бармақ – өзімді қалай сезіндім?
Балаң үйрек – басқаларға көмегім тиді ме?
Ортан терек – бүгінгі көңіл күйім қандай болды?
Шылдыр шүмек – бүгінгі сабақ ұнады ма?
Кішкентай бөбек – бүгін не үйрендім?
| Қалыптастырушы бағалау
Мұғалім оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігі мен сұраққа жауап беру деңгейіне қарай «Фигуралар» әдісі арқылы бағалайды. Бес жұлдыз –Өте жақсы!, Төртбұрыш – Жақсы!, Үшбұрыш – Талпын!.
Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.
Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.
|
Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілеттірек оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?
| Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?
| Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
|
«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу».
Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.
| «Фигуралар» әдісі
| Денсаулық сақтау технологиялары.
Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.
Осы сабақта қолданылатын
Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.
|
Жалпы бағалау
Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.
1:
2:
Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.
1:
2:
Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару қажет?
1:
2:
|