|
6-сабак. Зат есім септіктеріні атын, сратарын, оларды жалауларын білетін болады
ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ КЕЗІНДЕГІ САБАҚ ЖОСПАРЫНЫҢ ҮЛГІСІ
Мұғалімнің аты-жөні:
|
| Пән/Сынып
| Қазақ тілі 4-сынып
| Сабақ
| 70 - сабақ
| Тарау немесе бөлім атауы
| Тарау немесе бөлім атауы:
| Табиғаттың таңғажайып құбылыстары
| Сабақтың тақырыбы:
| Зат есімнің септелуі
| Оқу мақсаты:
| 4.4.2.3- зат есімді септеу, тәуелденген сөздердің септелуін білу
| Бағалау критерийі:
| Зат есім септіктерінің атын, сұрақтарын, олардың жалғауларын білетін болады;
Зат есімнің септелуін топтап, сызба, кесте бойынша сұрақтары мен жалғаулары арқылы ажырата алады;
Мәтіндегі сөздерге сұрақтар қою арқылы зат есімді септей алады;
Сауаттылығын арттырып, қазақ тілінің пунктуациялық, орфографиялық,грамматикалық нормаларына сәйкес өз бетінше көркем жазу, дұрыс оқу дағдыларын қалыптастырады;
| Сабақ барысы
| Сабақтың басы
Сабақтың ортасы
Сергіту сәті
| Тақырып, мақсаттарымен таныстыру.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру арқылы осы сабақта нені біліп шығаты-ны жөнінде хабарлау
Қымбатты оқушы!
Зат есімнің ережесін қайталау арқылы сұрақтары мен мағынасын түсінесің. Зат есімнің септіктерінің атын, сұрақтарын олардың жалғауларын ережені оқу арқылы білетін боласың.
Оқыған мәтініңнен септеп жазылған сөздерді сұрақтар қою арқылы таба аласың.
Мәтінмен жұмыс жасау барысында зат есімнің септік жалғауларын анықтай аласың.
Оқушыларға «Қайталайық » айдары бойынша негізгі және туынды зат есімдерді еске түсіртіп түрлі сұрақтар қою арқылы қайталатамыз. Зат есім дегеніміз не? Қандай сұрақтарға жауап береді? деген қайталау сұрағын қою арқылы оқушы назарын сабаққа аудару.
Оқушыларға өткен тақырыпты еске түсірту мақсатында көрсетілген суреттерге сұрақтар қойдыру керек. Өткенді еске түсіреміз. Зат есімнің септелуі
Оқушыларды ережесімен және сұрақ, жалғауларымен таныстыру.
Үлгі: адам және табиғат сөзін септ
Оқушылардың жаңа тақырыпты меңгергенін байқау үшін ана жіне тау сөздері септеуге беріледі. Өздік жұмыс. 27- жаттығу.
Мәтінмен жұмыс. 1. Мәтін мұқият оқып, сұрақтардың орнына ақбөкен сөзін қойып жазады. Мәтін не туралы?
Мәтіндегі негізгі ойды анықта?
Берілген тапсырманың дұрыстығын тексереді
Бір, екі – еңкей,
Бүгілмесін тізең.
Үш - төрт шалқай
Иілмесін тізең.
Қолды көтер аспанға
Саусақты сөз, жасқанба.
«Кел ойнайық» ойыны.
Берілген жұлдыздарды септелу ретімен орналастырады.
| Берілген ережені оқи отырып оқушы кез келген затқа сұрақ қояды зат есімді қайталайды. Дескрипторлар: - ереже бойынша заттарға сұрақтар қояды;
- зат есімнің сұрақтары арқылы ережені еске түсіреді;
- зат есімнің негізгі және туынды түрлерін еске түсіреді; Дескрипторлар:
- Ережені қайталап шығады;
- зат есімнің септелуінің сұрақтары және жалғауларыммен танысады;
Дескриптор:
- ережені қайталайды;
- зат есімнің септелуін еске түсіреді;
- сұрақтар қою арқылы орындарын анықтайды; Дескриптор:
- Ақбөкен туралы мәліметтер жазады;
- сұрақпен жасырылған сөздерді табады;
- сөздерге сұрақ қойып қай септік екенін анықтайды;
|
Мақтау, мадақтау әдісі арқылы бағалау
«Шапалақ» әдісі арқылы бағалау
| Презентация
| Бекіту
Рефлексия
| Сабақты қортындылауға арналған тапсырма
«Орнын тап»
стратегиясы арқылы оқушыларға 1-минутта жұлдызда берілген сөздерді септелу ретімен жазып шығады. Сөздердің барлығы табиғаттағы құбылыстарға қатысты.
Уақыт өткен соң сол сөздеріне сұрақ қойдыру арқылы септіктің жеті түріне қалай орналастыр-ғанын тексереміз және сабақты бекітеміз.
Өздерінің зат есімнің септелуі туралы білімдерін толықтырады. Оқушылардың сөздік қорын молайтады.
Үй жұмысы:30- жаттығу, оқулықтың 17 беті
«Жұлдыздар шеруі»әдісі
|
Тақырыпты меңгергенін
оқушылардың орындаған жұмыстарынан байқауға болады.
Дескрипторлар: - суреттен табиғат құбылыстарын анықтайды;
- зат есімнің септелу ретімен жазады;
|
|
| |
|
|