Зат есімді пысықтауға арналған жаттығулар. Зат есімді пысытауа арналан жаттыулар
Скачать 18.12 Kb.
|
Зат есімді пысықтауға арналған жаттығулар 1-жаттығу. Мәтінді мәнерлеп оқыңдар. Берілген мәтіннен зат есімдерді тауып, мағыналарын анықтаңдар, оларды жасалу жолына қарай талдаңдар. Үлгі: Мырзатай – тұлғасына қарай туынды, құрамына қарай күрделі (екі түбірдің бірігуінен жасалған), мағынасына қарай деректі, жалпылай немесе жекелей атауына қарай жалқы зат есім. Мырзатай әке-шешесі тірі кезінде бұған арнап асыраған ақ кептерлерін көріп қайту үшін Сарқырамаға жиі барып тұратын. Бірақ оның бұл жолғы келуі көңіліне сүйеніш болған жоқ, қайта, жетім баланың қайғысына қайғы қоса түскен… Биіктігі екі арқан бойындай, үйдей-үйдей тастардың арасынан тік төмен шашырай құлап түсетін Сарқыраманың жоғарғы жағындағы қия жартас қуыстарына ұя салып мекендеген бір үйір ақ кептер барған сайын азайып бара жатқан… 2-жаттығу. Берілген зат есімдердің қандай сөз табынан жасалып тұрғандығын анықтаңдар және соларды қатыстырып сөйлем құраңдар. Үлгі: түбірі көрпе – не? зат есім, — ше зат есімнен зат есім тудырушы жұрнақ. Менің анам қонақтарға көрпеше төседі. Көрпеше, ұшқыш, бұрғы, жұмыскер, адамдық, ерлік, ағатай, жеңілдік, түсім, сүзгіш, әнші, тәуелсіздік, ақылшы, достық, тарсыл, жаманшылық, жақсылық, егінші, ақылшы, тыңдаушы, құдаша, жарқыл, әдемілік, жинастырушы, қайраткер, оқушы, кідіріс, жастық, дүрсіл, сынықшы. 3-жаттығу. Берліген күрделі зат есімдерді төмендегі үлгі бойынша жазыңдар. Үлгі: Бірігу арқылы жасалған зат есімдер: Мырзатай, Қосарлану арқылы жасалған зат есімдер: ата-ана, Тіркесу арқылы жасалған зат есімдер: Алматы қаласы, Қысқартылып жасалған зат есімдер: БҰҰ, Мырзатай, ақсақал, БҰҰ, ата-ана, қадір-қасиет, ҚазМУ, Алматы қаласы, бойжеткен, ағайын-туыс, медбике, Таңшолпан, оқушылар сарайы, «Ботагөз» романы, Бірлік ауылы, кеңшар, құрбы-құрдас, Махамбет Өтемісұлы, қазақ тілі, амал-айла, ВАЗ-009, Сәтжан, керегетас, арбакеш, Ұлболсын. Қазақ тілінен тапсырмалар топтамасы: 1. Төмендегі зат есімдерді сұрақ қою арқылы екі бағанға топтастыр.Мектеп, оқушы, аю, дәрігер, қалам, білім, ұшқыш, ана, шам, астық, жапырақ, ата,бауырсақ, қыз, әнші, көбелек, арыстан, суыр. кім ? не? 2. «Кім шапшаң?» ойыны. (Әр қатарға 3, 4, 5 әріптен құралған зат есімдерді тауып жаз 3әріпті сөз 4әріпті сөз 5 әріпті сөз ана қант астық 3. Көп нүктенің орнына тиісті дыбыстарды қойып жаз. ...ліппе, қ...ян, ағ...ш, дәп...ер, ша...ырақ, с..ндық, қар...ығаш, те...езе, от...асы,т...ғай, б...лақ, мал...ы, ма...ал, таб...ғат, ...сімдік, ...арышкер. 4.Сөзжұмбақтағы сөйлемдерді дұрыс құрастырсаң, Б.Момышұлының нақыл сөзін оқисың. Ер дегенде Жұрт дегенде қызмет езіліп жұмылып ет 5.Көп нүктенің орнына тиісті бастауышты қойып жаз. 1. .... болып тумайды. 2. .... елі үшін туады, елі үшін өледі. 3. .... жасау оңай емес. 4. .... батырларын ешқашан ұмытпайды. 5. Қоянды .... өлтіреді, батырды .... өлтіреді. Керекті сөзер: қамыс , намыс, батыр, халық, ерлік, ер 6. Біріккен атау болу үшін қандай сын есімдер керек? … бөкен, … төбе, …арқа, … бота,…тау, … көл,… жөтел ,… қу, …торғай. 7. Оқып, мазмұнын әңгімеле . Кәрі тас. Колхоз ауласында үлкен сұр тас жататын. Оны бұл жерге қашан әкелінгенін ешкім білмейтін. Екі қарт күзетші әлгі тастың үстінде отыруды жақсы көретін. Күні бойы тас күн көзіне қызатын да, екі қарт түн ортасына дейін жылы тастың үстінде отыратын. Өткен күндерді, өздерінің жастық шақтарын еске түсіріп, ұзақ әңгімелесетін. Түн ортасында, тас салқындаған кезде, қарттар ұйықтауға кететін. Бұл тас құрылысқа керек болды да, машинаға тиеп алып кетті. Оны үйдің іргетасы үшін пайдаланады.Қарттарға иісі аңқып тұрған жас қарағай тақтайдан отырғыш жасап берді. Кешке қарттар күзетке келді. Тастың орнында отырғыш тұр. Қарттар отырғышқа отырды. Түн ортасына дейін олар бір- біріне бір рет те тіл қатқан жоқ. (В. Сухомлинский 105 сөз) Сұрақ : Қалай ойлайсың , қарттар неге әңгімелеспеді? |