Скендирова_Гулимжан_Физиология_12_апта. Заттар мен энергия алмасуы туралы тсінік
Скачать 24.43 Kb.
|
Заттар мен энергия алмасуы туралы түсінік Жалпы заттар мен энергия алмасуының не екенін айтар болсам, заттар мен энергия алмасуы деп заттар мен энергияның организмде өзгеруі жүретін химиялық, физикалық және физиологиялық үрдістерінің жиынтығын айтамыз. Сонымен қатар заттар алмасуы 4 кезеңнен тұрады. Олар: Қоректік заттардың ішек-қарындағы гидролизі – қоректік заттардың ферменттік ыдырауы. Гидролиз өнімдерінің қанға және лимфаға сіңуі. Қоректік заттар мен О2 жасушаларға тасымалдануы – заттар мен энергияның жасуша ішілік алмасуы. Заттар алмасуының соңғы өнімдерінің сыртқа шығарылуы. Сондай-ақ заттар алмасуында 2 үрдіс ажыратылады. Олар: анаболизм (ассимиляция) және катаболизм (диссимиляция) Сонымен қатар, заттар алмасу кезеңінде энергия бірқалыпта тұрмайды, яғни өзгеріс үстінде болады. Нақтырақ айтсам, аспен түскен органикалық қосылыстардың потенциалдық айырмасы жылулық, электрлік және механикалық энергияларға айналады. Сау организмде энергия түзілуі мен энергия шығыны арасында тепе-теңдік сақталады. Биологиялық тотығу үстінде босап шыққан энергияның жұмсалу жолдарын айта кетер болсам, ол 7 жұмсалу жолынан тұрады: АТФ синтезі Механикалық жұмыс Химиялық синтез Заттардың тасымалдануы Электрлік жұмыс (МП, ӘП) Дене температурасын сақтау Организмнің тіршілігін, өсуін және дамуын қамтамасыз ету. Сонымен қатар, организмде түзілген энергия жылу бірлігі – калория немесе джоуль деп аталады. Негізгі алмасу тақырыпшасына келетін болсам, негізгі алмасу – тіршілікке қажетті ең төменгі энергия алмасуы және оны стандартты жағдайларда анықтайды: аш қарында, ас қабылдаған соң 12-14 сағаттан кейін. дене еттері босаңсыған, толық тыныштық күйде. комфортты температурада – 18-22оС. Сондай-ақ ересек адам үшін негізгі алмасудың орташа мәні бар. Ол:1 ккал/кг/сағ ты құрайды. Энергияның жұмысшы алмасуына тоқталатын болсам, энергия мөлшері жұмыс түріне қарай өзгеріп отырады. Оларды 5 топқа бөледі: Қара жұмысқа жоқ мамандықтар. Мысалы: мекеме басшылары, мұғалімдер, дәрігерлер және т.б. Оларда энергияның шығу мөлшері: 2200-2800 ккал/тәул. Дене еңбегімен және жеңіл еңбекпен айналысатындар. Мысалы: жаттықтырушылар, агнрономдар, дүкеншілер және т.б. Оларда энергияның шығу мөлшері: 2300-3000 ккал/тәул. Еңбегі механикаландырылған мамандықтар: токарьлар, бригадирлер және т.б. Оларда энергияның шығу мөлшері: 2500-3200 ккал/тәул. Жартылай механикаландырылған мамандықтар: мұнайшылар, металлургтер және т.б. Оларда энергияның шығу мөлшері: 2900-3700 ккал/тәул. Қара жұмысшылар: шахтерлер, ағаш кесушілер және т.б. Оларда энергияның шығу мөлшері: 3900-4300 ккал/тәул. Энергия алмасуының зерттеу әдістеріне келер болсам, 2 түрі бар: Тікелей калориметрия – организмнен бөлінген жылуды бикалориметрде (Этуотер-Бенедикт камерасы) тікелей өлшеу. Жанама калориметрия – энергия шығынын денеге сіңген оттегінің не денеден шыққан көмірқышқыл газының мөлшерін өлшеу арқылы анықтайды (Дуглас әдісі, оксиспирография). Келесі тақырыпша Зат алмасу реттелуі: Организмге қажетті энергия және құрылыс тағам құрамымен күнделікті үздіксіз сырттан түсіп тұруы қажет. Негізгі 3 түрлі макронутриенттер: белоктар, май, көмірсулар организмде тотыққанда энергия бөледі. Ол организмнің әртүрлі қажеттілігіне жұмсалады.
Жылу реттелуі Ең алдымен изотермия туралы айта кетсем, изотермия - дене мен организмнің ішкі ортасы температурасының тұрақтылығы. Сондай-ақ изотермия гомеостаздың маңызды көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Келесі дене температурасының тұрақтылығы. Ол бірқатар жылу түзуші, жылуды шығарушы ағзалардан тұратын функциялық жүйе, сондай-ақ олардың қызметін реттейтін механизмдер қамтамасыз етіп отырады. Сонымен қатар, жылу реттелуінің өзіне тән типтері бар. Олар: Гомойотермді (жылы қанды жануарлар мен адам) Пойкилотермді (салқын қанды жануарлар). Гетеротермді (аю, суыр және т.б.) Негізінен тәулік ішінде адам денесінің температурасы 0,5-0,9о ауытқып отырады. Түнде температура төмендеп, күндіз – артады. Жылу реттелуінің механизміне келер болсам, ол 2 механизмнен тұрады:
Келесі изотермияның реттелуіне келер болсам, ондағы терморецеторлар шеткі және орталық деп бөлінеді. Шеткі бөліміне: тері, кілегейлі қабат, ішек-қарын жолы ағзалары жатады. Ал, орталық бөліміне: гипоталамус, ортаңғы ми, ми қыртысы жатады. Сондай-ақ, - суық рецепторлары (Краузе сауытшалары), - жылу рецепторлары (Руффини денешіктері) деп аталады. Импульстердің таламус, гипоталамус және ми қыртысына келу жолын түсіндіре кетсем: ең алдымен, импульстер терморецепторлардан афференттік жүйке талшықтарының бойымен жұлынға келеді. Содан соң, жұлын-таламус жолымен таламусқа, гипоталамусқа және ми қыртысына келеді. Сонымен қатар, гипоталамустың алдыңғы ядролары физикалық жылу реттелуін қадағаласа, артқы ядролары химиялық жылу реттелуін қадағалайды. Ал, гуморальдық реттелуін ішкі сөлініс бездері атқарады. Мысалы: гипофиз, қалқанша безі, жыныс бездері және т.б. Гормондарына келер болсам, мысалы: тироксин, адреналин, норадреналин және т.б. |