1 зертханалық жұмыс. Зертханалы жмыс 1 Бейорганикалы химияны негізгі осылыстары ышылдарды алу
Скачать 13.41 Kb.
|
Зертханалық жұмыс №1 Бейорганикалық химияның негізгі қосылыстары 1. Қышқылдарды алу 1.1. Сутегінің бейметалдармен қосылысы Лаборанттан хлормен толтырылған құрғақ пробирканы алады. Басқа пробирканы Кипп аппаратынан алынған сутегімен толтырады. Екінші пробирканың аузын төмен қаратып, оны хлоры бар пробирканың аузына беттестіріп, пробиркаларды бірнеше рет төңкеріп газдарды араластырады. Пробиркаларды алып, олардың аузын газ шамының жалынына енгізеді. Не байқалады? Сол сәтте реакциядан кейін пробиркаларды су құйып орналастырып және түзілген ерітіндіні лакмуспен тексереді. 1.2 Қышқылдық оксидтің сумен қосылысы Шыны таяқшамен біраз фосфор (V) оксидін алып, оны судың біраз мөлшерімен араластырады. Алынған ерітіндіні нейтралды лакмуспен тексереді. Не байқалады? Реакция теңдеуін жазыңыз. 1.3 Тұздың қышқылмен әрекеттесуі Пробиркаға біраз құрғақ натрий ацетатын салып, сұйық күкірт қышқылымен дымқылдатады. Қандай зат түзілгенін иісі бойынша анықтайды. Пробиркаға қабырғасына тигізбей қызыл фенолфталеин қағазын енгізеді. Не байқалады? Реакция теңдеуін жазыңыз. 2. Негіздерді алу 2.1 Ерімейтін негіздерді алу Зертханада бар реактивтерден сілтімен әрекеттескенде суда ерімейтін негіз түзетін төрт тұздың ерітіндісін алады. Осы негіздерді алып, олардың түсін белгілеп және иондық, молекулалық түрінде реакция теңдеулерін жазады. Алынған негіздердің қайсысы амфотерлік қасиет көрсететінін зерттейді. 2.2 Ерігіш негіздерді алу Екі тәсілмен Са(ОН)2 негізінен алыңыз. Индикатор мен реакцияның ортасын тексеріңіз. Өз байқауыңызды және реакция теңдеуін жазыңыз. 3. Тұздарды алу 3.1 Орта тұздарды алу Екі тәсілмен мырыш сульфатын алады. Реакция кері жүрмейтіндей тек бір ғана тұз - мырыш сульфаты түзілетіндей етіп реактивтерді таңдап алады. Шыны таяқшамен заттық шыныға алынған мырыш сульфаты ерітіндісінің бір тамшысын тамызады. Кристалданғанша абайлап буландырады. (Заттық шыны шамның жалынына тимеу керек.) Кристалдар тамшының шеттерінде түзіледі. Алынған кристалдарды микроскоп астында қараңыз. Оны үлгімен салыстырыңыз. Реакция теңдеуін жазыңыз. Химиялық реакцияның жүруінің қандай сыртқы белгілері байқалады. Үш әр түрлі тәсілдермен барий карбонатын алады. Реакция теңдеуін жазыңыз. 3.2 Қышқыл тұздарды алу Пробиркаға 3-4 мл барий суын құйып, оған бастапқы түзілген тұнба ерігенше көміртегі (ІV) оксидін өткізеді. Реакция теңдеуін жазыңыз. 3.3 Негіздік тұздарды алу Қорғасын ацетатының ерітіндісі бар пробиркаға біраз қорғасын (ІІ) оксидін қосып қыздырады. Не байқалады? Реакция теңдеуін жазыңыз. |